Тәттігүл. Соны айтсаңшы!
Әлім. Не тәнтіп тұр өзі?!
Оспан. Сіз абайлап сөйлеңіз, бажа! Сіздердің балаларыңыздың бұл әңгімеге қатысы қанша? Қыздың өз сүйгені, арманы бар екен, жетеді.
Әлім. Жоқ, жетпейді. Зәуре Ерланға тиеді. Қыздарыңды соған көндіріңдер, көндірмейді екенсіңдер, сөз басқа!
Оспан. Бұл не, бұйрық па? Онда айтарым: бастықтығыңызды қызмет бабында, кеңсеңізде көрсетіңіз, отбасымда оспадарсыз болмаңыз.
Әлім. Боламын. Мен сені Тәттігүл үшін тайраңдатып жүрсем, күшейесің ғой-ей!
Оспан. Маған десең, тіреп тұрған аспаныңды тастап жібер. Мен қызымның тағдырын тәлкекке салғызбаймын.
Тәттігүл (Оспанды жеп қоярдай жек көріп). Жезде, бұл – осы, сөз ұғудан қалған.
Достарыңызбен бөлісу: |