Аманғайша (сергек). Өте әдемі қала екен.
Берік. Иә, көркейіп кетіпті.
Аманғайша. Келешегі бар жер екен.
Берік. Дәл тауып айттың. Көресің, бұдан да көркейе түседі бұл қала.
Аманғайша. Айналайын Ерлан өсер өрісін тауып келген екен ғой.
Берік. Ұшар қанатқа аспан ашық қазір. Шіркін, жастығым қайта айналып бір келмейді-ау, келсе, мен де елмен бірге осы қаланың еңсесін көтерісер едім.
Аманғайша. Мен де сенің жаныңнан табылар едім, жоқ мені ертпейсің бе?
Берік. Неге?
Аманғайша. Кім біледі, бұрынғы біреуіңді тауып алатын шығарсың.
Берік. Не, тауып алсам, қызғанамысың?
Аманғайша. Қызғанбағанда ше?
Берік. Мас-қа-ра! Қартайғанда...
Аманғайша. Несі масқара? Керек болса, өле-өлгенше қызғанамын. Егер сенен бұрын өлсем, көрде де қарап жата алмаймын.
Берік. Қой, мұнысы несі тағы?
Аманғайша. Менің сенен сұрайтын бір-ақ тілегім бар, мен өлгенде әйел алмашы.
Достарыңызбен бөлісу: |