Қайрат. Онда тұрған не бар? Сен – ол сенсің.
Сәлім. Қайран ғана қазағым-ай, арып-ашып келгендегі естігенім «Сіз» емес, «Сен» болды ма?
Қайрат. Полковник болмақ тұрмақ генерал болып кетсең де «Сен» деймін мен сені.
Сәлім. Мүмкін әкеңді де сен дерсің.
Қайрат. Сен демегенде кім демекпін? Сен деймін.
Сәлім. Онда шаруаң біткен екен, бар, «Сеніңді» серік қылып ала кет. Сәлимадан да, менен де аулық жүр!
Сәлима. (кемсеңдеп). Апыр-ау, маған да ара түсетін адам бар екен ғой!
Қайрат. Қуанба! Бұл полковник мұнысы үшін жауап береді әлі-ақ! (Сәлімге).Осыдан көр де тұр, өкінетін боласың! (Сәлимаға). Мен кеттім бірдеңе тауып ішуге. Екеуің отырыңдар, мүмкін, махаббаттарың қайта қозар. Махаббатқа барлық жастағылар бас иген. Полковник (Сәлиманы нұсқап), бұл – көңілшек әйел, көп әуреге түсірмейді.