Јлдихан Ќалдыбаев



бет26/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   371
Әшірбек. Шайға рақмет, қайтайын, ата. Атты отқа қоюым керек еді. Барайын.


Әшірбек кетеді.


Шаншар атай (Мұсатайдікіне жинала бастайды). Оңбайды екен-ей бұл Мұсатай. Қаршадай баланың еңбегін жеді деген не сорым ол? Қой, барып келейін. Ол заң айтып қорқытқан екен ғой баланы. Айналайын өкіметім адамды қашан алалап-құлалап көріп еді? Заң да, зәкүн де, жақсылық та бірдей бәрімізге. Мұсатай кеңдік көрсін, өңгелерің кемдік көр дегенді ешқашан естіген жоқ едік қой. Мұсатайдың мұнысына басқа біреу көнер-көнбес, бірақ Шаншар көтермес.
Әлипа. Қойшы соны. Деміне нан пісіп тұрған неме екен. Түсінсе жақсы, түсінбей бірдеңе деп жүрсе, ұят-ты... Отыр үйде...
Шаншар атай. Қой әрі. Қит етсе болды, отыр-отыр. Бүйте берсең сен мені аздан соң тірінің тізімінен шығарып тастап тынарсың, тегі.


Кетеді.


Әлипа (дастарханды жинап жүріп, шалына жаны ашып, қамқор көңілмен елжіреп). Осы ауылда мұнсыз таң атып, күн шықпайтындай болып көрінеді де тұрады бұл жазғанға. Бір күні Мұсатай сияқты біреу: «Қақшаңдамай әрі жүр», – деп бетін қайтарып тастап жүрмесе болды-дағы байғұстың. Ол бір жүрген айқайшы, әшейін. Бір ауылға бір айқайшы керек те сияқты бір себептен. Әуелден-ақ солай еді ғой. Бала-шаға бетімен кетпес пе еді, әйтпесе. Мұсатайдікі де қызық екен. Біргәдір басымен қаршадай баланың шапқан шөбіне жармасып не зор келді екен деймін-ау. Тентек қойдың миын жеген шығар тегі. Бүйткен шолақ белсенділік кімге керек екен? Екі ортада дастарханның рәсуәсі шыққанын қарашы енді...

Үшінші көрініс




Мұсатайдың_үйі._Дөңгелек_стол_басныда_тігін_машинасымен_іс_тігіп_Күләнда_отырады._Бір_сәт_тігуін_тоқтатып_әндетіп_кетеді'>Мұсатайдың үйі. Дөңгелек стол басныда тігін машинасымен іс тігіп Күләнда отырады. Бір сәт тігуін тоқтатып әндетіп кетеді.


Ән бастала бере ішке Мұсатай еніп, тыңдап тұрып қалады.


Мұсатай. Бәсе, кімнің әйелі дейсің бұл?! Мұсатай білген ғой басында кімге үйленуді. Айналайын қатынынан.
Күләнда. О-ой, қойшы Мұсатай, ойбай, бұлай дегеніңді. Біреу-міреу естісе, ұят-ты...
Мұсатай. Неге ұят?! Осы ауылда кімнің қатыны музыкальный? Әрине, Мұсатайдың қатаны музыкальный!
Күләнда. Жә, өзеурей берме. Үй артында кісі бар, ұялсайшы...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет