Јлдихан Ќалдыбаев


Сәбит. Қоғамдікі. Шаншар атай



бет34/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   371
    Бұл бет үшін навигация:
  • Сәбит
Сәбит. Қоғамдікі.
Шаншар атай. Шөп кімдікі?
Сәбит. Қоғамдікі.
Шаншар атай. Адам ше?
Сәбит. Қоғамдікі.
Шаншар атай. Қоғам ше?
Сәбит. Ол – сол қоғамды орнатып отырған адамдікі.
Шаншар атай. Өте дұрыс айттың, балам. Біз – қоғамдікіміз, қоғам – біздікі. Қоғам дәулеті – біздің дәулетіміз. Мұны жұрт әлдеқашаннан жақсы түсінеді. Тегі бір шектен шыққан, яки пір атқан адам болмаса, басқа жұрт ұрлық деген пәлені қойған бұл күнде. Ал енді арық жағасында, жол жиегінде, ой-шұқыр ортасында шалғыға ілінбей қалып қойған азын-аулақ шөпті орып алса, ол қоғам мүлкіне қол сұққандық бола қоймас.
Сәбит. Әрине. Оған сөз бар ма?
Шаншар атай. Әшірбектікі – сол. Бірақ баланың еңбегін осы сөзді өзіңе жеткізіп келіп отырған бригадирің иемденіп кетпек екен. Мұсатайдың бұл қорлығына шыдай алмай, ара түскенім рас. Мұндай әлімжеттілікке, әділетсіздікке кеудемде жаным тұрып мені шыдайды екен демеңдер ешқайсыларың да.
Сәбит (не дерін білмей абыржып). Бұл ғажап екен. Солай ма еді? Қатты кеттіңіз ғой тіптен. Мұсатай маған басқаша айтқан екен ғой. Сеніп қалып...
Шаншар атай (сабырмен жай). Сен бұған қапаланбай-ақ қой. Мұсатай пәтшағардың сыры маған жақсы мәлім. Өстіп бір кішкене бүлдіріп жүретіні бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет