Јлдихан Ќалдыбаев


Сәбит. Көкөніс пісіп қалған екен ғой. Шаншар атай



бет36/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   371
    Бұл бет үшін навигация:
  • Сәбит
Сәбит. Көкөніс пісіп қалған екен ғой.
Шаншар атай. Иә пісіп тұр.
Сәбит. Ендеше, ертеңнен бастап үзейік оны. Ертең бір машина бөлеміз.
Шаншар атай. Соның жөні қалай болар екен өзі? Желідегі қауын мен көгендегі қозы бір. Қауынды үзуге кәнігі бағбанның қолы керек...
Сәбит. Оған сөз бар ма? Көкөністің тілін білетін біреуді табармыз, ақсақал. Ал, сіздің шөпке шығатын адамдармен бірге болғаныңыз мақұл, меніңше.
Шаншар атай. Е, жөн ендеше. Сендер істің оң-терісін өздерің ескерсеңдер, бізге не жоқ қапталдасып.
Сәбит. О-о, қойыңыз, ақсақал. Мұныңызды біз қапталдасқандық емес, көмектескендік деп білеміз.
Шаншар атай. Жөн білген баланікі осы ғой, бәсе. Әмісе осылай ет, айналайын. Жұрт екі айтқызбай тіл алады сонда. Ал, жақсы, кетейін мен...
Сәбит. Ақсақал, жаңа сіз өзіңізді «еріккен тентек шал» дедіңіз. Оны қалай түсінеміз?
Шаншар атай. Сәбит, шырағым, ол бір ұзақ әңгіме. Жиын-терін бітіп, ел аяғы кеңіген соң айтармын. Сонда өзіңе ерулік беріп отырып әңгімелесерміз бір аспай-саспай. Жоқ, әлде сендер шал-кемпірдікіне бас сұққанға арланасыңдар ма?
Сәбит. О, не дегеніңіз, ақсақал. Қайта әлі күнге дейін ерулік бермегеніңізге дау айтпақ едім...
Шаншар атай. Уәде, ендеше. Рұқсат болса, қайтайын мен енді.
Сәбит. Рұқсат, рұқсат. Сау болыңыз. (Сәбит атайдың қолын алып қоштасып жатып). Сәл аялдаңызшы, ақсақал, шоферға айтайын. Жеткізіп салсын сізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет