Іс-әрекеттің сырттай сипаттамасы еңбек (ойын, оқу), «субъект»,
«нысаны»(объекті), «зат», «іс-әрекет жағдайлары және жабдықтары»
түсініктері негізінде беріледі.
Еңбек заттары – субъекттің өз іс-әрекетінде практикалық не ой жүзінде ықпалды өзара қатысқа түсетін мүліктер, үдерістер, құбылыстар жиынтығы.
Еңбек құрал-саймандары – еңбек заттарының ерекшеліктерін тану және оларға ықпал жасауда адам мүмкіндіктерінің жоғарылауына себепші жабдықтар жиынтығы.
Еңбек шарттары –іс-әрекеттің әлеуметтік, психологиялық және санитарлық-гигиеналық сипаттамалары.
Іс-әрекеттің ішкі сипаттамасы- үдерістер мен нақты әрекеттің реттеліп бару тетіктерінің, құрылымы мен мазмұнының, сондай-ақ оны іске асырудың әрекет-қимыл шараларының баянын белгілейді.
Белсенділік – адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты қатынас формаларының бірігімі. Белсенділік формаларының бәрі де бірдей негізгі деңгей түрінде қарастырылады.
Жоғары деңгейде тұлғаның мінез-құлық, әрекет-қылық, әлеуметтік себеп-салдарлы белсенділігі көрініс береді, ал төменгі деңгейде – тек өкілінің мекенді жүйешелерінің белсенділігі орын алады.
Іс-әрекет типтері: еңбек, оқу және ойын.
Еңбектік іс-әрекет – адам қажеттерін қамсыздандыру мен әрқилы құндылықтар жасау мақсатында табиғат, заттасқан және рухани өмір дүниелерін белсенді өзгеріске келтіру үдерісі.
Еңбектік іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеу аймағы – бұл адамның еңбектік белсенділігін және оның тұлғалық қасиеттерін рет- теуші психикалық процестер, жағдаяттар, қалыптар. Тұлға қасиеттері еңбек әрекетінің ерекшелігін анықтайды және оның барысында өзгеріп барады.
Ойын – адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (ког- нитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала үшін рольдік ойындар өте маңызды. Ойнай жүріп, сәби ересектер роліне еніп, заттарды өз мәніне сәйкестендіре қолданады. Әлеуметтік талаптар- ды рольдік ойындар арқылы меңгеруден бала тұлғасының әлеуметтенуі жеделдеседі, сеп-түрткілік және қажеттілік аймағы жетіле түседі.
Оқу іс-әрекеті – мақсаты адамның білім, ептілік және дағдыларды иге- руге бағытталған ерекше үдеріс түрі. Оқу әрекеттері ұйымдасқан формада арнайы білім мекемелерінде іске асып барады. Сонымен бірге оқу-үйрену әрекеттері ұйымдастырылмаған күйде, басқа әрекет түрлерімен қабаттаса,
оның қосымша нәтижесі ретінде атқарылуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің ерекшелігі – ол тікелей тек өкілінің психологиялық дамуының құралы ретінде қызмет етеді.
Қалаған іс-әрекет түрі сияқты оқу іс-әрекеті де құрылымдық деңгейге ие бола тұрып, жекеленген бірліктерден құралады (әрекет, амал (опера- ция), шарт-жағдайлар, қажеттер, сеп-түрткілер, міндеттер). Оқу іс-әрекеті бірліктерінің өзара қатынасқа түсіп, орайласуы оның даралықты сипатын береді.
Аталған іс-әрекет түрлері әлеуметтік-тарихи даму барысында бірін- бірі ауыстырып отырады. Осыдан әр кезеңде тұлғаның жас деңгейі мен даму ерекшеліктеріне байланысты жетекші іс-әрекет түрі алға тартылады.
Жетекші іс-әрекет түрі – бұл адамның қандай да бір даму сатысындағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болып, қалыптасуына ықпал етуші әрекет түрі.
Іс-әрекет типі – жеке – дара және бірлікті іс-әрекеттер.
Бірлікті іс-әрекет – жеке-дара әрекеттен өзгеше, ұжымдасқан субъ- ект тарапынан орындалады, мұндай субъект ортақ мақсат, міндеттер төңірегінде одақтасқан екі не одан көп адамдардан құралады.
Іс-әрекет түрлері дәстүрлі екіге бөлінді – сыртқа және ішкі.
Сыртқы іс-әрекет – орындалу барысында өзінің қозғалыс, әрекет, көңіл-күй, тілдесу –қатынас бірліктерімен көрінетін іс-әрекеттің барша түрлері, типтері және үдерістері.
Іс-әрекет субъект-объектті, субъект-субъектті болып, екі түрде ажыралады.
Іс-әрекеттің субъекті-объектті типінде әрекет нысаны ретінде жан- сыз зат алынады, ал субъект-субъектті әрекетке бірі екіншісін «өзге» деп таныған екі не одан көп адамдар қатысады.
Іс-әрекет сондай-ақ орындаушы және басқарушы болып, бөлінеді.
Орындаушы іс-әрекетте субъект басқа да субъекттермен байланыс жсауымен шектелмей, еңбек затына тікелей ықпал жасайды, онымен қатынасқа түседі.
Басқару әрекетінде бір субъект өзге субъекттердің қызметін ұйымдастырады және олардың сатылы өзара бағыну деңгейлерін бел- гілейді.
Қолданбалық тұрғыдан іс-әрекет тікелей және жанама типтерге бөлінеді.
Тікелей іс-әрекетте еңбек субъекті өңдіруге не өңдеуге, т.с.с, түскен затқа тікелей әсер-ықпал жасайды әрі оған байланысты ақпаратты нақты табиғи көзбен қолма-қол алады.
Жанама іс-әрекетте еңбек заты жөніндегі ақиқат адамға белгі, рәміз күйінде жеткізіледі (код, сұлба, формула, буклет, индикаторлық құралдар).
Достарыңызбен бөлісу: |