Психикалықүдерістер–психикалықіс-әрекеткөріністерініңжиынтығы.Әрбір психикалық үдеріс жалпы бейнелеу нысаны мен бір текті бейнелеу – реттеу ерекшелігіне ие. Мұндай үдерістер танымдық,еріктікжәнекөңіл-күйлікболып ажыралады.
Танымдық үдерістерәрекет-қылықтың бағыт-бағдар негіздемесін қамтамасыз етеді және оның ақпараттық қорын қалыптастырады. Бей- нелеу нысанына орай олар бес түрге бөлінеді.
Сезімдік (сенсорлы) үдерістерболмыстық жеке қасиеттерін(физикалық, химиялық, т.б.) бейнелейді. Бұл үдерістердің психикалық нәтижесі түйсікдеп аталады. Сенсорлы үдерістер түр ерекшелік- терімен бір қатар жалпы психикалық заңдылықтарға жүгінеді: олар сезімталдықтың жоғары және төмен, айырма (дифференциалды) табалдырықтарымен шектелген, адаптация (бейімделу), сенсибилиза- ция (сезімталдық), шұғыл айырма (контраст) және синестезия (қосарлы түйсік) заңдарына бағынады.