психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;
психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;
психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;
психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруге жәрдем ету.
Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды.
Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері: ) заттасқан болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойын- дау; ) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісінде зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажы- ралмас бірлікте болатынын қолдау; ) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару.
XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде өзекті пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тір- шілік әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде қолданылуда.
Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы бұл күнде адам жөніндегі ғылымдар жүйесінің бірінші қатарларынан орын иелеуде.
Қазіргі заманда психолгияның келесідей қолданбалы салалары: экономикалық, педагогикалық, құқықтық, әскери, ғарыштық, спорттық, өнер, басқару, менеджмент, т.б. – жедел де өнімді қарқынмен дамуда.
Достарыңызбен бөлісу: |