Психология әдістері Психологиялық зерттеулер кезеңдері
«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын біл- діреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері – бақылау және эксперимент.
Бақылау – зерттеудің ғылыми әдісі – деректі суреттеп баянда- удан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі – психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы.
Араласа бақылау – зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы.
Сырттай бақылау – әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп, мәліметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау (интроспекция) – адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы.
Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең басты- сы – эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс- әрекетіне белсенді араласуы.
Достарыңызбен бөлісу: |