Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет45/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Қиял формаларының баршасын екі үлкен топқа келтіруге болады:

-ырықсыз – адам мақсаты мен ниетіне тәуелсіз, сана жұмысымен басқарылмайтын қиял. Мұндай қиял сана белсенділігі кемігенде не оның жұмыс әрекеті бұзылысқа түскенде пайда болады;



-ырықты– шығармашыл ойға не іс-әрекет міндеттеріне бағындырылып, сана басқарымында болатын қиял түрі.

Бірінші топқа түс көру кіреді. Түс бейнелері астар сана қатысуымен не бас миы қабығының жеке бөлімшелерінің қалдық белсенділігімен байланысты туындайды.

Сана жұмысының бұзылысы қиялдық сандырақ формасына себепші болады. Сандырақты қалыпта пайда болатын қиял бейнелері, әдетте, кері, болымсыз эмоционалды сипатқа ие. Кейбір улағыш және наркотик заттар әсерінен галлюцинациялар көрініс береді. Бұл сана бақылауының жетімсіздігінен қияли өзгеріске түскен болмыстың шындыққа жа- наспайтын психикалық бейнесі ретінде қабылдануы.



Қиялдың ырықты және ырықсыз формалары ортасында асқақ арман (грезы) өз ерекшелігімен назар аударады. Бұл психикалық құбылыс туын- дау мезетіне орай ырықсыз қиялға жақын; себебі ол сана белсенділігі төмендеп, адам ағзасы босаңсыған не мүлгу шағында пайда болады.

Ал ырықты қиялға ұқсастығы ниет болуына және адамның өз қалауымен бұл үдерісті басқара алу мүмкіндігіне негізделген. Асқақ арман әрдайым ұнамды да болымды сипатқа ие. Адам әрқашан тәтті өмір мен шуақты сәтті аңсайды, асқақ арман тұтады.



Екінші топқа біріккен қиял түрлері: фантазиялар, өсек-аяң, ересектердің ғылыми, көркем өнер, техникалық шығармашылығы, балалар шығармашылығы, арман және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет