Өз «Менін» тану ерте балалық шақта өтеді: -ден 5-жасқа дейін тік жүруге және сөйлеуге үйренеді, ойы мен санасы дамиды, күрделі іс-әрекет (сурет салу, таным қабілеті, еңбектену) дағдылары қалыптасады, ең бас- тысы – орта және соңғы балалық шақта мектеп оқуымен айналысу.
Өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну – бұл тұлғаның құндылықты бой көтеріп, кемелденуі. Бұл үдеріс орта балалық шақта басталып,
«Мен-ге» (яғни «маған») ұқсаған «басқа адамдармен» өзін ұдайы салыс- тыра бағалау негізінде жүріп жатады. Осы үдеріс барысында тұлғаның жақсылық пен жамандық, өмір мақсаты мен мәні және басқа да рухани
адамгершілік пен дүниетанымдық ұстанымдары жөніндегі түсініктері қалыптасады.
З. Фрейд әлеуметтенудің келесідей психологиялық тетіктерін ажы- ратады: ұқсау (имитация), теңестіру (идендификация), ұят және кінә сезімдері.
Достарыңызбен бөлісу: |