«тұлға бітістері» деп аталатын психологиялық қасиеттер және ерек- шеліктер.
Тұлға қасиеттерін бірнеше топқа бөліп, атауға болады.
Тұлғаның ең төмен деңгейлі қасиеттер тобы - бұл адамның биологиялық шарттасқан сапалар жиынтығы: психиканың жасқа, жынысқа байланысты және жүйке жүйесі типі мен темпераментке орайласқан тума қасиеттері.
Келесі топ өз ішіне адам психикалық үдерістерінің тума және жағдаяттарға тәуелді, сонымен бірге жаттығумен де дамып, жетілуші даралықты ерекшеліктерін қамтиды, яғни ес, жад, түйсік, ойлау, қабылдау қасиеттері.
Психикалық қасиеттердің үшінші тобы тұлғаның даралықты әлеуметтік тәжірибесі, яғни адамның өмір барысында меңгерген білімдері, дағдылары, ептіліктері мен әдеттері. Бұл сапалар, әдетте, әлеуметтік сипатта болып, арнайы оқу және тәрбие барысында қалыптасады.
Тұлғаның ең жоғары деңгейі – бұл оның бағыт-бағдарлылығы. Бұл деңгей өз ішіне адамның құштарлық, тілек, қызығу, бейімділік, мұрат, сенім-наным, дүниетаным сезімдерін, сондай-ақ мінез-құлық ерекшеліктері мен өзіндік бағалау қабілетін қамтиды. Тұлға бағыт- бағдарлылығы әлеуметтік негізді, осыдан бұл жоғары қасиеттер қоғамдық тәрбие ықпалымен қалыптасып, сол адам жасап жатқан нақты қоғамның идеологиясына сай келеді.
Тұлғаның құрылымдық деңгейлері жанама тетік – іс-әрекетке орай өзара байланысты.
Психология ғылымында тұлғаның психикалық құрылымын анықтауға орай бірнеше тұжырымдар қалыптасқан.
Б.Г. Ананьев – тек өкілі, тұлға, даралық, іс-әрекет субъекті
сияқты жекеленген категориялардың баршасын біріктіре, жалпыланған
«адам» категориясын пайдаланғанды дұрыс көреді. Ол әрбір элементі өз құрылымшаларына ие адамның жалпы құрылымын ұсынады. Тек өкілі ретіндегі адам құрылымы осыдан өз ішіне жас және жыныстық, даралықты және тектік (дене құрылысы, жүйке қозғалысы және т.б. ере- кшеліктер), психофизиологиялық қызметтер, органикалық қажеттер, нышандар мен темпераменттерді қамтиды.
Тұлғалық ұйымдасудың өзі де екі дәрежеде көрінетін біршама күрделі құбылыс: алғашқы, жоғары тұлға дәрежесі – бұл мәртебе, әлеуметтік роль, құндылықты бағыт-бағдарлар; ал екінші дәрежелі, жалпыға бірдей тұлғалық қасиеттер – әрекет-қылық тобы, сана және т.б.
Тұлға құрылымы жөнінде ғылымда танымал болған теориялық тұжырымдардың және бірін З.Фрейд, оның шәкірті К.Г.Юнг ұсынған. Ол бойынша әрқандай тұлға өз алдына жүйе ретінде танылып, өз ішіне келесідей элементтерді қамтиды: «Мен» (эго), дара бейсаналық және оның бірігімдері, ұжымдық бейсана және оның бастау негіздері, тек өкілі (персона) және т.б.
Көптеген психолог-ғалымдар тұлғаның құрылымдық бірлігі ретінде
«бітіс» (черты), категориясын ажыратады. Осыған орай «бітістер те- ориясын» ұсынған Г.Олпорт бұл тұлға элементін екіге ажыратады: ) жалпы тұлғалық бітістер (белгілі мәдениет шеңберінде жасап жатқан
адамдардың көпшілігіне тән қалаған тұлғалық сипат); ) дара тұлғалық бітіс (диспозиция – басқа адамдармен салыстырып болмайтын, тек бір ғана тұлғаға тән болып, оның бірегейлігін танытушы ерекше қасиет).
Тұлға бойындағы психикалық бітістердің бәрі өзара байланысты, дегенмен өз дербестігіне ие, бір-біріне тәуелсіз. Әр адамдағы бітіс екінші біреудің не көпшіліктің таңған ойы емес, ол нақты адамда нақты көрінетін шынайы құбылыс (біреудің өкпешілдігі, екіншінің - даңғойлығы, үшінші біреудің – иман жүзділігі және т.б.).
Тұлға бітістерін әрқилы негізде топтастыруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |