Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет77/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

үстіртін бітістер – тұлғаның біртекті негізге ие болмаған әрі тұрақсыз, өзара сыбайлас келген бірнеше әрекет-қылықтық сипат- қасиеттері;

  • тұғырлы бастау бітістері адамның әрекет-қылық қасиеттерінің тұрақтылығын аңдатып, кемелденген тұлғалық ой мен бой дәрежесін танытушы психологиялық жағдаяттар жиынтығы.

    Сонымен, тұлға бітісі – бұл адамның әрекет-қылығында көрініс беретін, сонымен бірге әрқилы жағдайлар мен мезеттерде біртекті әрекет-қимыл жасауға бейімдестіруші психикалық дүние бірліктері (Р.Кеттелл).

      1. Тұлға типологиясы

    Тұлғаның көптүрлі ғылыми типологиясын шартты түрде бірнеше топқа келтіруге болады.



    Тұлға типологиясын анықтауға негіз болған ең ежелгі психологиялық таным жетістігі – гуморалдық (сұйықтық) теориялар. Бұл теориялар бойынша тұлға типі адам (жануар) ағзасындағы қандай да сұйықтық (қан, шырын және т.б.) түрімен байланыстырылады. Бұл орайда типологиялық ажыратудың бастау көзін ежелгі грек ғалым дәрігері Гиппократ берген. Ол тұлға типін ағзадағы төрт сұйықтыққа байланыстырады – қан, өт, қара және сары шырын (запыран). Осылардың қай бірінің басымдылығы темперамент типіне ықпал жасайды: сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик.

    Ал Гален темпераменттің аталған түрлерін артериялық және веноздық қан құрылымдарының өзара қатынасымен байланыстырады. Қанның сапалық ерекшеліктерінің тұлға қасиеттерімен байланыстылығы И.Кант теориясына да арқау болды. Ол темпера- менттерді келесідей бөлістерге келтіреді: сезім темпераменттері



    (сангвиник көңілді адам темпераменті; меланхолик жабығыңқы адам темпераменті) іс-әрекеттік темпераменттер (холерик - ұстамсыз адам темпераменті; флегматик – байсалды адам темпераменті).

    Орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт темпераменттердің дәстүрлі типтерін адамның қан айналу жүйесінің ерекшеліктері және ағзадағы зат алмасу жылдамдығына байланыстыра ажыратады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет