Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 1 семестр



бет17/21
Дата08.12.2016
өлшемі2,87 Mb.
#3458
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993



Айтыс

19.Ысмайылов Е. Ақындар. – А., 1956

20.Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. – А., 1976

12 ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ : Біржан мен Сара айтысы.
Жоспары :
1. Ақындар айтысы туралы.

2. Біржан Қожағұлұлының өмірі, ақындығы.

3. Сара Тастанбекқызының өмірі, ақындығы.

4. Айтыстың көркемдік ерекшелігі.


Қазақтағы айтыс өлеңдерінің ішінде айырықша орын алатыны, көркемдік дәрежесі жоғарысы Біржан мен Сараның айтысы. Және ол қазақ еліне ертедене таныс, көп тараған айтыстың бірінен саналады. Бұл айтыстың идеясында аздаған қайшылық-кемшіліктер болса да қазақ поэзиясының ең сұлу, асылдарының бірі болып табылады.

Қазан көтерілісіне дейін қазақ ақындарының айтыс өлеңдері негізінде ауызша сақталып келді. Бірен-сарандаған айтыстар болмаса, көпшілігі баспа жүзін көрген емес-ті. Сол кезде өз алдына кітап болып шыққан Біржан мен Сараның айтысы (1900 жылы 1912 жылдары басылған) болатын.

Біржан мен Сараның айтысына талдау берместен бұрын, қысқаша түрде осы некі ақынның кім екендігін баяндап кетелік.

Біржан Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысына қарасты Еңбекшілер ауданындағы (Степняк қаласы) “Қожағұл бұлағы” деген жерде туған. Сәбит Мұқановтың айтуына қарағанда, Біржан 1825 жылы туып, 1887 жылы қайтыс болған, профессор Ахмет Жұбановтың мәліметтеріне сүйенсек, Біржан 1831 жылы туып, 1894 жылы алпыс үш жасында қайтыс болған. Ал “Қазақ ССР тарихында” Біржан 1832 жылы туып 1895 жылы қайтыс б олды делінген.

Бұл үш фактінің қайсысы дұрыс екендігін дәлелдеп айту қиын. Қйткені Біржаннің өмірбаяны әлі күнге дейін толық зерттеліп жазылған емес.

Біржанның әкесі Тұрлыбай (Қожағұл Біржанның әкесі) кедей шаруа болыпты. Біржанның “Мың жарым жылұы біткен Қожағұлға” деуі ақындық шалқу үстінде айтылған сөз, анығында Қожағұл да, Тұрлыбай да әлді-ауқатты кісілер болмаған. Тұрлыбайдың Ержан. Нржан, Біржан атты үш баласы болыпты.

Біржан - әнді көп шығарған композитор. Оның “Көкшетау”, “Жамбас сипар”, “Айтбай”, “Адасқақ”, “Тентек” тағы бірнеше әндері бар. Ол әндеріне текстік өлеңді де өзі шығарған.

Барлық композиторлық, ақындық талантын халыққа арнаған Біржан өмірінің соңғы кезінде қалың қасірет-қайғыға душар болады: “Жынданды есінен ауысты”,-деген өсек-әңгімелер көбейді. Соның салдарынан ағайын-туыстары Біржанды үйден шығармай қол-аяғын байлап тастайды. Осындай ауыр күйге түскен Біржан құрбы-құрбас, жолдастарына арнап:

...Дүние, өтеріңді біліп едім,

Білдірмей серілікпен жүріп едім.

Бұл күнде арық қойдан бағам төмен,

Үш жүздің ортасында Біржан едім,-

деп зарланады, көңіліндегі қайғы-мұңын шағым етеді. Теміртас, Асыл, Ақық атты өзінің туған балаларына:

...Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,

Қинауға салады екен адамзатты,

Үкідей желпіндірген, қарақтарым,

Шешсеңші, білегіме арқан батты...-

деп мұңын айтып, көмек сұрайды. Осындай ауыр қасіретке ұшыраған, үш жыл бойына қол-аяғы байланған, қазақ халқының ұлы әнші-ақыны Біржан, алпыс үш жасқа келіп азаппен қайтыс болады. Оның денесі өзінің туған жеріне қойылады.

Ал Біржанмен айтысқа түскен Сара жайында баспа жүзіне шыққан өмірбаяндық материалдар жоқ, тек ел әңгімелері бар. Олардың айтуына қарағанда, Сара әні әнші, әрі алғыр ақын, сан айтыстарға қатысып жүлде алған жүйрік болған. Сараны 1911 жылдар шамасында қайтыс болған деседі.

Біржан мен Сараның атақты ақын болғандықтарын олардың айтысы көрсетеді. Бұл айтыс жайында ел аузында жүрген әңгімелер де бар. Оған құлақ түрсек - Біржан мен Сараның айтысы болмапты, оны Әріп Тәңірбергенов деген ақын шығарыпты-мыс. Әріптің белгілі ақын болмағаны рас, оның Біржан мен Сара айтысын естуі, білуі де мүмкін. Әйткенмен Әріптің осы айтысқа қатысы қандай, ол жинаушы немесе баспаға даярлап беруші ретінде қатысты ма, ол арасын айту қиын. Сондықтан біз мұны Біржан мен Сараның шығарға айтысы деп қараймыз. Сондай-ақ бұл айтыс алғашқы қалпын сақтаған ба, кейінгілердің қосқан, өңдеген жері жоқ па дегенді де айта алмаймыз. Өйткені, өткен заманда ақындар айтысын табан аузында жазып алу болған емес. Айтыстардың қайсысы болса да ақындардың кейіннен өз айтуымен тараған, кейде айтыстың ішінде болып естігендер, оны ұғып алушылар таратқан. Ал “Біржан мен Сара айтысы” айтыстың юболып өткен кезінен көп кейін Сараның өз аузынан жазылып алынған.

“Біржан мен Сара айтысын” зерттеушілердің қайсысы болса да, бұл айтыстың шынында да болғандығын дәлелдейді. Ол былай болады: Найман-Матайда (қазіргі Талдықорған маңында) Сара дейтін әрі әнші, әрі атақты ақын қыздың бар екенін, оның сан жүйріктерді сөзбен буғандығын Біржан естиді. Ал Біржан жайын, оның қандай әнші, ақын екендігін Сара да естіген болады. Бұл бір-бірін көріп білмесе де, сырттай таныс, дидарласып көрісуді арман етіп жүреді... Бір жылы қасына бірнеше жолдасырын ертіп, Біржан Сараның еліне келеді, ондағы ойы: атақты ақын қызбен танысу, өнер салыстырап айтысу, ақындық-әншілік күш байқасу. Біржан келсе, Сара үйінде жоқ екен. Біржанның алдынан Сараның шешесі мен сіңлісі шығады, олармен бір-екі ауыз сөз қағыстырады. Олар Сараның хажы ауылына кеткенін айтады, Сараны іздеп сол ауылға Біржан да тартады....

Сөйтіп, “Біржан мен сара айтысы” атақты екі ақынның өнер жарасы, сөз шарпысуы ғана болмай, бүкі қазақ ауыз әдебьиетінде әлеуметтік мәні бар тың тақырыпты, яғни әйел теңдігі мәселесін көтерген айтыс болады. Бұл айтыста қазақ қыздарының аянышты ауыр халі, сүйгеніне бара алмай жас өмірін қайғы-зар мен, жылаумен өткізгені, ескі әдет-ғұрыптың ққұрбаны болғаны суреттеледі. Олардығң бұндай ауыр халге түсіуіне феодалдар, байлар, хажылар кінәлі, оған : Есімбек, Тұрысбек сияқты жуандар айыпты екендігін көрсетеді.

Айтыста Сара сөзден ұтылып, ақындық өнерден жеңілген жоқ. Біржан да оны жеңіп шықты демейді. Бұл айтыста жеңілгендер – Сараның ағайын – туыстары. Сара сияқты саңлақты малға сатқан, теңіне бермей бір жаманға қор қылған Есімібек, Тұрысбектер жеңілді. Айтыста соларға деген халық қарғысы айтылады. Қазақ қыздарының бас бостандығына тұсау болғау, сор болып жабысқан қалың мал екендігі жиіркенішті түрде әшкере етіледі. Айтыстың әлеуметтік мәні де осында. Сондықтан да біз “Біржан мен Сара айтысын”, аздаған қайшылығы бола тұрса да, халықтық сипаты мол көркем айтыстың бірі деп қараймыз.

Қорыта келгенде, “Біржан мен Сара айтысы” айтыс өлеңдерінің ішінде елеулі орын алатын күрделі, көркем айтыстың бірі болып табылады Қазақтың айтыс өлеңдерінде әйел теңдігі және қалың мал мәселесін бірінші рет “Біржан мен Сараның айтысы” көтерсе, кейіннен басқа ақындардың да көңіл аударған, сөз еткен тақырыбына айналады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976



Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993



Айтыс

19.Ысмайылов Е. Ақындар. – А., 1956

20.Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. – А., 1976

13 ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ : Балалар фольклоры.
Жоспары :


  1. Балалар фольклорының жанрлық түрлері.

  2. Балалар фольклорының поэтикасы.

Қазіргі дәуірдегі балалар әдебиеті деп шартты түрде 1956 – 1976 жылдардағы балалар әдебиетін атаймыз. Әрине бұл дәуірдегі балалар әдебиетінің жанр, тақырып көркемдік және мазмұны жағынан өркендеу, толысу ерекшеліктері бар. Балалар әдебиетімен тек жазушылар ғана шұғылданбайды. Балалар әдебиеті тақырыбына өзінің өмірлік тәжірибесін, мамандығы мен кәсібін үлгі ретінде тарту етіп ұсыну үшін барлық мамандықтағы ғалымдар да, педагогтар да, әскер адамдар да т. б жазады. “Балдырған” журналының шығуы бастауыш мектептің 1-2 сынып оқушылар мен мектеп жасына дайінгі балаларға араналған шығармашылықтардың көптеп басылуы балалар әдебиетінің өсіп, өркендеуіне игі әсерін тигізді. Журнал бетінен балалар әдебиеті тақырыбына жазатын жас авторлар көріне бастады.

Балалар ауыз әдебиетін жасаған – халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, тәтті қиялын өлең етіп, ән етіп өзінің баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек – мақсаттар қою өлеңмен, жырмен көркем сөзбен айтылған. Өйткені адам-дүниені ұйымдастырушы, екінші жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған, міне баларға осыны ұғындыру керек. Балалар 6-7 жасынан ой-пікірдің кереметтей күшін түсіне бастауға, әлеуметтік көріністердің мағынасын ұғынып, өз қабілеттерін танылу тиіс. Сондықтан баларды өмірмен таныстарғанда, бұрынғы өткен заман туралы, еңбек процестерінің және ой-пікірдің ұйымдастырған жұмысының бастапқы кезеңі туралы әңгімелерден бастау керек деген М. Горький. Демек, халық ауыз әдебиетінің алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың балаға арнап өлең, жыр шығару ертегілерден басталады.

Бала өскен соң өздерін қоршаған жаратылыстың іші құрылысымын сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, адаспай кете беретін болған. Жастайынан – ақ есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын саққұлақ, көреген де құралайды көзге атып түсіретін мерген де шыққан. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, 6-7 жасынан - ақ олар ат құлағында ойнайды. Қолы босағанда үлкендерден ертегі, өлең, батырлық жырлар естиді, бұларды жаттап алады. Халық ауыз әдебиетін балалар сүйіп оқиды, қызыға тыңдайды. Халықтық шығармалар мен мектеп жасына дайінгі балалар да ата – анасының, туған -туысқандарының айтуы бойынша ертеден – ақ таныс бола бастайды. Бесід жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, марал – мәтелдер, өтірік өлеңдер бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз – мейрам етеді. Сайып келгенде осылырдың барлығын балалар ауыз әдебиеті деуге болады.

Балалар ауыз әдебиетіне халықтық шығармалар мен туып жасасып келе жатқан, бала тәрбиелеудегі халықтық педагогианың өмір тәжерибесінен туған игі ісі, жемісі жатады. Балалар ауыз әдебиеті – балалардың психологиясымен, олардың ерекшелігімен санасудан туған және оларды тәрбиелеу ісінен келіп шыққан игілік.

Балалар ауыз әдебиеті төмендегідей ерекшеліктермен байланысты туған. Жылаған бөбегін жұбату үшін ненесе ұйықтату үшін ата-анасы балаға бесік жырын шығарған т. б.

Одан кейін балаларды дұрыс та, анық сөйлеуге, яғни тілін жаттықтыру үшін жаңылтпашты айтқызады : оны халық жалаң қолданбайды. Өмір таныту ісімен, балалар ойынымен байланыстыра жүргізеді.

Ең соңында балалардың ақыл-ойын дамыту үшін жұмбақ жанрын пайдаланады. Осылардың бәрін де балалардың шамашарқына қарай, жастық, психологиялық дамыту өзгешеліктерімен санаса отырып, олардың табиғаты тілеп отыратын ойын – сауық істермен байланыстыра жүргізеді. Балалар есейген сайын қойылатын талап – мақсаттардың ұлғая беруіне байланысты, балалар ауыз әдебиетінде оқиғалар да, соған байланысты жүретін тәрбие жұмыстары да бірте – бірте күрделене береді.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976



Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993


Балалар фольклоры

19.Ақ сандық, көк сандық. Балалар фольклоры. –А., 1988

20.Мельникова М. Н. Руський детский фольклор. – М., 1987

Фольклор мен әдебиет

21.Далгат У. Б. Литература и фольклор. –М., 1981

22.Бердібаев Р. Кәусар бұлақ.- А., 1989

14 ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ : Фольклор мен әдебиет.
Жоспары :


  1. Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі (V – XV ғ) фольклордың ролі.

  2. XV – XVI ғасырлардағы жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы.

  3. XVIII – XIX ғасырлардағы әдебиет пен фольклор.

  4. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің фольклормен байланысы.

  5. Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор.

Қазақ әдебиеті, қазақ халқының көркем сөз өрнегі бүгінгі бигіне оп – оңай жете қойған жоқ, ол сан ғасырлық жолдардан, асулардан, зар замандардан өтті.

Демек басқа да бауырлас халықтардың әдебиеті сияқты қазақтың жазба әдебиетінің өмірге келу, қалыптасу, есею және кемелдену кезеңдері, яғни өзіндік даму тарихы бар.

Қай халқықтың болмасын әдебиет тарихы, ең алдымен, сол халықтың қоғамдық - әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты болып келеді. Қазақ әдебиетінің тарихы да қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, сүрлеуі, ізі болып табылады. Сондықта да біз қазақ әдебиетінің түп – төркінін, ежелгі дәуірін ғылыми негізде танып – білу үшін алдымен халқымыздың арғы – бергі тарихынан толық хабардар болу керек дейміз.

Қазақ тарихының ежелгі дәуірден қалыптасып, өсіп, дамып келе жатқан өзіндік материалдық және рухани мәдениеті бар.

Қазақ халқы да бүкіл дүние жүзілік ғылым мен өнердің, әдебиеттің дамуына өзіндік үлес қосты, есімі әлемге мәшһүр ғалымдар мен ақын – жазушыларды, өнер қайраткерлерін тарих сахнасына шығарды.

Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан, сан қырлы әрі бай рухани мәдениетінің маңызды бір саласы – қазақ әдебиеті болып табылады.

Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымының құрамдас, негізгі бір бөлімі.

Әдебиет тарихы пәні көркем әдебиеттің даму процесін қоғамдық өмірдің нақты жағдайымен байланысты түрде алып зерттейді.

Әдебиет тарихы пәнінің міндеті әрбір халықтың дамуындағы идеялық бағыт – бағдарларды, әдеби ағымдарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін сол халықтың қоғамдық – экономикалық құрылысымен байланысты түрде танып – білу. Қазақ әдебиеті тарихы әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлімі ретінде көркем сөз өнерінің тарихын халқымыздың төл тарихынан бөліп – жармай, тұтас күйінде зерттейді. Сол арқылы ол әдеби шығарманың туылуын, әдеби өмірдің кемелденуін сан алуан әдеби бағыттар мен көріктеу құралдарының даму кезеңдерін, әдеби процеске ықпал еткен қаламгерлердің творчествосын танып біледі.

Қазақ әдебиеті тарихы – қазақ халқының қадым замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын қамтиды.

Қазақтар халық ретінде тек XV ғасырларда қалыртасқанмен, қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихы өте ерте, қадым замандардан, ежелгі дәстүрлерден басталатыны даусыз. Қазақ халқының құрамына негіз болған этникалық процестердің түп тамыры ежелгі заманнан, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап таптық қатынастар туа бастаған заманнан басталатыны тарихтан жақсы мәлім.

Бертін келе қазақ халқының құрылуына негіз болған ру – тайпалар көне замандардан – ақ қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, оңтүстік – шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойы мен Каспий жағалауларын мекен етті. Қазақ халқын құраған осы ру – тайпалар кезінде өзбек, қырғыз, азербайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хақас, башқұрт, татар халықтарының құрамына енген ру – тайпалармен аралас, көршілес өмір сүргені белгілі.

Түркі тектес халықтардың ежелгі мәдени, әдеби және тілдік мұраларын ұзақ жылдар бойы зерттеген Е. Э. Бартельс, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, И. В. Стеблева, Ә. Н. Нәжіп сияқты кеңес ғалымдары қазіргі түркі тектес халықтардың ру – ұлыстық дәуірінде бәріне ортақ жазу – сызуы, әліппесі, мәдениеті, тілі, әдебиеті болған деп санайды.

Қазақ әдебиеті тарихын кезеңдерге бөліп, дәуірлеу үшін, бір жағынан, қоғамның жалпы даму заңдылықтарына, екінші жағынан әдебиет дамуының өзіне ғана тән белгі – сипаттарға негізделуі тиіс.

Демек, қазақ әдебиеті тарихын мынадай екі принципке сүйене отырып жүйелей аламыз :



  1. Адамзат қоғамының жалпы даму заңдылықтарын, соның ішінде қазақ халқының қалыптасып, тарихи кезеңдеріне ықпал еткен әлеуметтік экономикалық факторларды жете білу.

  2. Көркем әдебиеттің қоғамдық – эстетикалық мәні мен қызметінің өсу, жетіле түсу сатыларын, сан қилы әдеби ағымдардың пайда болу жолдарын, әдеби жанрлар мен әдеби тәсілдердің даму кезеңдерін танып – білу қажет.

Белгілі ғалым Б. Кенжебаев бастаған ғалымдар тобы қазақ әдебиеті тарихын төмендегідей кезеңдерге бөліп, жүйелеп қарастырады :

  1. Ежелгі әдебиет, бұл дәуір VI – XV ғасырлар арасын қамтиды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру – тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиет. Ерте кездегі түрік ру – тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиет.

  2. Қазақ хандығы дәуіріндегі (XV – XVIII ғасырлар арасы) әдебиет. Қазақтың өзіндік төл әдебиеті.

  3. Қазақтың XIX ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті.

  4. Қазақтың XX ғасыр басындағы (1900 – 1920 жылдардағы) әдебиеті.

  5. Қазіргі дәуір әдебиеті.

Ежелгі дәуір әдебиетінің өзін (VI-XVI ғасырлар) төмендегідей кезеңдерге бөліп қарастырамыз.



  1. VI – IX ғасырлардағы көне түркі әдебиет ескерткіштері. Бұған Орхон жазба ескерткіштері, атап айтқанда, Күлтегеін, Білге қаған, Тоныкөк туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай – ақ “Оғыз - наме” дастаны мен “Қорқыт ата кітабы”, Әбу Насыр әл – Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.

  2. X – XII ғасырлардағы әдебиет. Бұлар ,негізінен, Қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер деуге болады. Бұл кезеңге Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу біліг” (“Құтты біліг”) деген дидактикалық дастаны, Махмұд Қашқаридің “Диуани лұғат ат - түрік” (“Түркі тілдерінің сөздігі”), Қожа Ахмет Яссауидің “Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) атты өлеңдер жинағы, Ахмет Иүгінекидің “Хибатул - хақайық” (“Ақиқат сыйы”) деген дидактикалық сарындағы жыр жинағы, Сүлеймен Бақырғанидің “Хакім ата”, “Жұбан ана”, “Әулие Мария” атты өлең жинақтары т. б. X – XII ғасырларда өмірге келген әдебиет нұсқалары енеді.

  3. XIII – XIV ғасырлардағы әдебиет. Бұл кезең әдебиет тариында Алтын Орда – Хорезм дәуірі деп те аталады. Аталған дәуірдегі туындылар жалпы түркі әдеби тілінің (шағатай) қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар : “Кодекс Куманикус” (“Қыпшақ тілінің сөздігі”), Хорезмидің “Мұхаббат - наме” дастаны, Насыридин Рабғузидың “Қисса – сул Әнбия” немесе “Қиссауи Рабғузи” жинағы, Дүрбектің “Жүсіп - Зылиқа”, Сайф Сарайдың “Гүлістан бит - түрік”, Құтбтың “Хұсрау - Шырын” дастандары. Сондай – ақ Алтын Орда дәуірінде жазылған тарихи мұралар, шежіре – кітаптар да баршылық. Қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди”, Қадырғали Жалайридің “Жамиғ ат - тауарих”, Захириддин Бабырдың “Бабыр - наме” атты шығармалары аталмыш дәуірдегі әдебиеттің көрнекті үлгілері болып табылады.


Әдебиеттер
1.Êåëiìáåòîâ Í. Åæåëãi ä¸óið ¸äåáèåòi-À., 1991

2.Åæåëãi ä¸óið ¸äåáèåòi. Õðåñòîìàòèÿ.(²½ðàñòûð¹àí À.²ûðàóáàåâà).- À.,1991

3.Êåëiìáåòîâ Í.,²àíàôèí °.Ò¾ðêi õàëûºòàðû ¸äåáèåòi.κóëûº- õðåñòîìàòèÿ.-À.,1996

4.Ѿéiíøàëèåâ Õ.²àçຠ¸äåáèåòi òàðèõû.-À.,1997

5.Ѿéiíøàëèåâ Õ.VIII-XVIII¹àñûðëàðäà¹û ºàçຠ¸äåáèåòi.-À.,1989

6.Æîëäàñáåêîâ Ì.Àñûë àðíàëàð.-À.,1990.

7.²ûðàóáàåâà À. ±àñûðëàð ì½ðàñû.- À., 1988.

15 ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ : Қазақ фольклоры түрік халықтарының ауыз әдебиеті құрамында.
Жоспары :


  1. Тарихи – типологиялық зерттеу әдісі.

  2. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы.

Көне түркі дәуірінде мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын бертін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерін тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кетелік. “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын белгілі бір қажетті қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын билейді, қайта керісінше олардың қоғамдық болмысы, олардың санасын билейді”. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 мың жылдықтың бас кезінде – ақ қазіргі Қазақстан жерінің Оңтүстік және Шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтар деген ат пен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекет құрылыс сатысына таяп қалған еді. Сол кезде – ақ қызылды, қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т. б) үй шаруашылыған қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.

Қазіргі Қазақстан жеріндегі сақтардан кейін жасаған ежелгі тайпалық бірлестіктер үйсіндер мен қаңлылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь – Шань атыраулары солтүстігінде Балхаш көлінен бастап, Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жетты.

Орта Азия мен Қазақстан териториясында бірте – бірте патриархалды – феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі Түрік қағандығы (552 – 745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашта Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді.

“Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталды. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата - тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдіреді. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынады. Қоғандықтың ордасы Орхон өзенінің жағасында болды. Бумынның інісі Істемі қаған VI ғасырдың орта кезде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағандығының теориториясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ.

Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке – жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір – бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті : 1. Шығыс түрік қағандығы. 2. Батыс түрік қағандығы.

Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі – қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды.

Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құралған феодалдық мемлекет – Түркеш қағанаты болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ қағанаты өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашқардан бастап, Ферғана мен Сырдың орта сағасына дейінгі өңірге билік жүргізді.

Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті - Қарақан мемлекеті (940 – 1212 ж) болды. Қарахан әулетінің батысында Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жүргізді. Астанасы – Баласағұн қаласы. Ұлан – ғайыр аймақты алып жатқан қарахан мемлекетінде экономикалық әлеуметтік және мәдени жағынан едәуір өрлеу болды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1.Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет