Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасының Шығысқа қатысы М. Әуезов зерттеуінде
Жоспар:
1. Абай шығармаларындағы шығыстық қайнар көздер
2. М.Әуезовтің Абай мұрасының шығысқа қатысын 4 салаға топтастыруы
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1.Мұхтар Әуезов ұлы Абай шарлаған кәрі Шығыстың арғы-бергі замандарда ұрланған рухани байлығынан жастай сусындап, соңыра жаңа дүниетаным негізінде бар асыл нәрін ала білген ғұлама білгірлігімен де өз ортасында ерекше дараланған алып тұлғаға айналды. Ол шығыс тарихы мен көркем әдебиетіне балғын балалық шағынан-ақ құлақ түріп, есейе келе түбегейлі меңгеріп алуға зор күш салып, алдына келелі үлкен мақсаттар қойды. Әрі көне, әрі дана шығыс әлемінің рухани қазыналарымен танысып, терең біліп, саналы түрде жете меңгерудің алғы шарты - сол мәдениет жасаған тілдерді жете білу, рухани ойларды түпнұсқада оқып танысуда жатқанын өз замандастарының қай-қайсысынан болса да ерте ұғынды.
Балалық шағында туған ауылында түрікше сауат ашып, Абай жасаған ортаға таралған шығыс қисса - дастандарымен, атасы Әуез арқылы да көптеген ел аузындағы аңыз-әңгімелермен де хабардар болып өсті. М.Әуезрв Ташкент, Ленинград университеттерінде оқып ғылым жолына төселу шағында – ақ араб тілін білуге белсене кіріскен.
Ленинград университетінде оқып жүргенде шығыстану саласының зор білгірлері, бүкіл дүние таныған оқымыстырлар: В. В. Бартольд, А. Н. Самойлович, В. Щерба, С. Обнорский, В. Виноградовтар дәрісін үзбей тыңдап, шығыстану саласындағы ұғым-танымын молықтырып, іштей түлеп толысуда болатын-ды.
Ғылыми жетекшісі арабист Михаил Филиппович Гавриловпен факультеттегі шығыс тілдері маманымен кең түрде кеңесе отырып, Мұхтар өзінің алдына үш салаға бөлінген үлкен міндеттер қойды.
1) Келешектегі ғылыми жұмыстарына тікелей қажеті бар әдеби көркем текстерді меңгеру саласында түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетіндегі барлық жанрларды оқумен айналысу.
2) Түркі халықтары мен парсы, араб, неміс тілдерін меңгеру саласында да көп жұмыстар істелді. М. Әуезовте шағатай, әзербайжан, түрік әдебиетін еркін оқып, жете түсінуге әсіресе, парсы тілін толық біліп алуға ерекше мән бере қарады.
3) М. Әуезов тіл ғылымы, тарих, әдебиеттану саласында терең теориялық дариялықты дүниежүзілік әдебиеттің орыс тіліне аударылғандарын жоспарлы, жүйелі түрде оқу арқылы жүргізіп отырған.
М. Әуезов ғылыми –зерттеу нысанасында Орта Азия халықтары мен қазақ халқының әдебиет тарихын алып, зерттеу жұмысын “Манас” эпопеясынан бастауында терең ойластырған мән бар еді. “Манас” түркі тілдес туысқан халықтардың көне мұраларының бірі екенін әрі көптеген ғасырларға созылған өткен өмір көрінісінің ең елеулі жақтарын бойына жинақтаған энциклопедиялық ерекшелігін ерте таныған, зерттеу обьектісінің алтын өзегін де дәл тапқан ғалым тұлғасын да көреміз.
Міне абайтану саласының ең қиын да күрделі жағы Абай шығармаларындағы шығыстық қайнар көздері жайлы зерттеулеріне М.Әуезов осындай зор даярлықпен келіп кіріскені мәлім.
Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы революцияғы дейінгі баспасөзде алғаш рет шаң беріп, сөз арасында жол-жөнекей пікір білдірген Кәкітай Ысқақов пен “Уақыт” газетінде жарияланған шағын ғана мақала болатын-ды.
М. Әуезов шығармаларының Шығысқа қатысты жақтарын арнайы зерттеп білуден бұрын аталмыш алғы шарттарды қиын да болса көп жылдарға созылған қажырлы ізденістер үстінде ойдағыдай орындап шыға алды.
Абай шығармаларының табиғатына тереңдей дендеп бойлаған сайын ақын ойларының нысана желісін, көркемдік сырларын жаңаша ашып, ой қорытқанда, Абайдың шығысына да терең барлау жасап, қол үзбей, зерттеу назарынан үнемі тыс қалдырмай, пікір білдіріп отыратыны бар.
М. Әуезов Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жөнінде алғаш пікірін өте ерте жазылған Абай өмірбаяны жайлы қабырғалы еңбегінде білдіреді.
Абай оқып, нәр тартқан шығыстың рухани қазыналары жайлы кейбір нақтылы деректер: классик ақындар, көне жазба ескерткіштер мен шығыс ойшылдары аз болса да Абай шығармаларында тікелей аталып өтеді. Ал осы деректер көлемі соңыра М. Әуезовтің абайтану саласындағы зерттеулері мен “Абай жолы” эпопеясында да азамат, ақын ойшыл, қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолына қарай біртіндеп рет-ретімен ашылып отырады.
2. М. Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғалым ойының қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде әр түрлі таным тұрғысынан айтылған ой толғаныстарын да көреміз.
“Абай ақындығының айналасы” деген мақала зерттеуінде Абай шығармаларының нәр алған үш бұлағы жайлы көзқарасын дәл осы жолы бас –басына арнайы атап өткен де, осы таным тұрғысынан пікір жүргізіп, ақын мұрасындағы шығыстық белгілерге ерекше үңіліп, өзіндік дербес ой танымын ортаға тастады.
М. Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы проблемаға әуел бастан-ақ ерекше мән бере қараған. Өзінің осы саладағы ұзақ жылдарға созылған ізденістері мен зерттеу еңбектерінде автор өз танымын негізінен даралай отырып төрт саланың маңына топтастырады: 1. Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы. 2. Абай және шығыс классиктері. 3. Абайдың исламиятқа қатысы. 4. Абай және мораль философиясы. Міне, Абай шығармаларын ғұмыр бойы қол үзбей үңіле зерттеген М. Әуезов қаламынан туған ұлы ақын мұрасының шығысқа қатысы жайлы ізденістерінің бәрі де осы төрт сала маңына үйірілген.
№16 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың ақындық кітапханасы жайында
Жоспар:
1. Әуезов таныған шығыстық рухани арналар
2. Абайдың шығыс поэзиясы классиктерімен алғаш танысуы
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Абай шығармаларында елеулі дәрежеде орын алған шығыспен творчестволық қарым-қатынас жөніндегі күрделі проблеманы ғылыми тұрғыдан толығырақ, нақтырақ аша түсуде М. Әуезов Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайын анықтай түсудің жолдарын, берілу тәсілдерін қарастырған. Бұл жолда зерттеуші, негізінен, Абай шығармаларында тікелей аталатын, немесе сөз арасында жанама түрде болса да нақтылы деректер көзін сілтей кететін кісілер мен бірлі-жарымды кітап аттары, немесе ақын ойының табиғатын танытатын терминдік мәні бар сөздерге де тікелей сүйенген. М. Әуезов табан тіреп отырған аталмыш атау – деректер ғалымның әр жылдар кезінде жазған ғылыми еңбектерінде, әсіресе, Абайдың ғылыми өмірбаяны мен атақты “Абай жолы” эпопеясында соншалықты мол түрінде қамтылған.
Абай ақындық өнер жолына шындап құлай берілгенге дейін оның рухани нәр алып сусындар бұлақтары, негізінен, өзі туған халқы мен шығыс әлемінде жатқаны байқалады.
Абайдың шығыс поэзиясы классиктерімен алғаш танысуы медреседе басталған. Шәкірт ақын ұлы классиктерге еліктеп, алғаш өлеңдерін жазу үсітінде Фзули, Шамси, Сайхали, Науа, Сағди, Фирдауси, Хафиз аттарын тілге алып, жеті ақын классиктерден медет тілейді. Соңыра балаң еліктеу, өнер салыстыру кезеңінен өткен соң да, шығыс поэзиясының жеті алыбын тереңдей оқып, сынмен қарап, творчестволық тұрғыдан меңгеру үстінде толыға берген.
М. Әуезов шығыс классиктерімен қатар Абай заманында мектеп – медреселерде қолданылған оқулықтар мен суфизм поэзиясының ірі өкілдері Қ. А. Яссауи Сопы Аллаяр, Сүлеймен Бақырғани сияқты сопы ақындарды да Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы мәселеге ендіріп, ғылыми еңбектері мен “Абай жолы” эпопеясында қатар сөз етіп, пікір қозғап отырды.
2. Абай дәуіріндегі саяси-әлеуметтік, тарихи өзгерістерді терең барлап зерттеген М. Әуезов сол дәуірде қазақ халқының рухани болмысында елеулі орын алған Шығыс тарапынан ауысып-түйісіп келген әдеби шығармаларға, өзіндік жанрлық сипат алған қисса-дастандарға да мейлінше мол назар аударған. Абайдағы ақындық өнер жолының өсу, қалыптасу жолында шығыстық қисса-дастандардың қазақ арасына жайылу, таралу процесімен байланыстыра қараған.
Эпопеядағы Абай маңындағы өнер иелері, әдеби орта өкілдері Көкбай және Мұқалар қазақ өлеңі, әні шежіресімен айналысса, Баймағамбет европалық роман-әңгімелерді насихаттауға бейім. Ақылбай, Мағауиялар дастан жанрына берілсе, “Ысқақ бір жағы Абай арқылы ұдайы араб, парсы хикаяларын” жадына жиған жан. Шығыстық қисса-дастандардың көбі, Абайдың айтуы бойынша, сол ортада мол таралып, өріс жайған.
Абай заманында араб, парсы, түркі әдебиетіндегі тақырып пен сюжеттік желіні негізге алып, назирагөйлік дәстүрмен немесе аудару жолымен қисса- дастандар жазған 140- тан астам белгілі “кітапшыл ақындар” тобының дүниеге келуі әдебиет тарихында елеусіз қалар жай құбылыс емес- ті. Мысалы, Абаймен дәуірлес Майлы, Мәделі, Ораз, Ақылбек, Сәді, Мәулекей, Мақыш, Әріп, Ақық т.б. жазған қисса-дастандар негізінен ХІХ ғасыр ішінде жарық көрді.
Абайдың ақындық кітпханасының да белгілі дәрежеде орын алғандағын зерлей зерттеген М. Әуезов “Абай жолы” эпопеясында: араб, парсы тілінен, бұрынғы білген тілдерін қайта құрастырып алды... Ғабитхан кітаптарының ішінен көп-көп асыл бұйымдар тапты... Мұнда Фирдауси, Низами, Физули, Науаи, Бабырлар бар. “Жәмшид”, “Сәидббаттал гази”, “Мың бір түн”, Табари жазған тарих, “Жүсіп-Зылиха”, “Ләйлі – Мәжнүн”, “Көрұғлы” сияқты хикая, дастандар бар” , - деп 25 жасқа дйінгі Абай танымының шығыстық түп-төркіндерін көрсетеді. М. Әуезов атап отырған осы қисса – дастандардың өзіне ғана ой жіберсекте те “Мың бір түн”, “Жүсіп-Зылихалардың” арғы төркіні араб әлемінде жатыр. Ал шығыс поэзиясының ұлы классиктері мен “Ләйлі-Мәжнүндер” парсы мен түркі тілдес халықтарының рухани қазыналарына қарай тартса, “Көрұғлы” ортаазиялықтардың әдеби дүниелігінде жатқаны көпшілікке танымал деректер.
ХІХ ғасырда Петербург, Қазан, Уфа, Ташкент, Орынбор қалаларында түркі тілді баспалардың жандануына байланысты қазақ әдебиеті тарихында “Кітаби ақындар” деп аталып кеткен шайрлар тобы қисса-дастан жанрында өндіре еңбектеніп жатты. Бұл қисса-дастандарда дүниетаным, ерлік пен ездік, адамшылық, махаббат, сезім теңдігі сияқты қоғам өмірі қажетсінген ой-пікірлер де мол көрініс тапты.
Абай ер жетіп, ғылым жолына түскен шағында қазақ арасында “Бозжігіт” қиссасы 1874 жылдан бастап 12 рет басылып, мол таралған шығармаларыдың бірі болды. Татар әдебиетінің ұлы классигі Ғ. Тоқай “Бозжігітті” татарларға тән жыр деп қараған. “Бозжігіт” жайлы пікірді Абай туралы естелігінде Көкбай да ескертіп өтеді.
М. Әуезов Абайдың жас шағында көбірек қызықтаған шығыстық қисса-дастандар арасынан “Жүсіп-Зылихаға” ерекше назар аударған.
М.Әуезов Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы күрделі мәселені анықтай түсу жолында кейде жанама түрде қатысы бар деректер көзін де атап кетіп отырады. Ол Абай мұрасы жайлы ғылыми зерттеулері мен “Абай жолында” ақын ойының рухани өрісіндегі іштей түлеп өсуді суреттеуде кейбір жанама түрдегі деректерді арнайы атап көрсетіп отырады. Абайдың Сабырбай ақынмен, Сүйіндікпен және Семей руханиларымен пікір таластарын берген тұста көп деректер көзін өте сәтті түрде аңғартып өткен.
1945ж. М. Әуезов: “Араб-Иран” мәдениетінің тарихын тереңдеп зерттеген Абай: Рашид – ад – Дин, Мұхаммед Ғайдар, Бабыр, Әбдіғали Баһадур хандай арғы-ергі тарихшылар еңбегін де жақсы білген, - деп нақтылы түрдегі деректер көзін атап көрсетсе, - Ертеден бергі Шығыс ғұламаларының көп еңбектерін бертін уақыттарда да үнемі зерттеп отырған”, - деп жалпы тарих, философия және мораль (ахлақ) философиясы саласындағы Абай ойының өріс қойнауларын жалпылай атағанда да, Абай шығармалары нәр тартқан шығыстық белгілерді іздей қалған кісіге адастырмас дәйекті де сенімді жолды нұсқап отыр.
№17 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай және шығыс классиктері
Жоспар:
1. Абай поэзиясындағы шығыстық белгілер
2. Абайдың махаббат лирикасындағы шығыстық сарындар
3. Абай өлең өрнегіндегі шығыстық белгілер
4. Абай дамытқан нәзирагөйлік белгілер
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Абай поэзиясындағы шығыстық белгілер жайындағы ауыр тақырыпқа зерттеуші 1934 жылдан бастап ден қоя бастады.
Бірінші кезең жас ақынның жиырма жасқа дейінгі өмір кезеңінен қамтиды. Мұны М. Әуезов шығыс классиктеріне таза еліктеу дәуірі деп таныған.
М. Әуезов Абайдың жастық шағындағы үш өлеңін “Иузи раушан, көзі гауһар”, “Фзули, Шәмси, Сәйхали”, “Әлиф-би” өлеңін таза еліктеу, бірақ шағатай әулетіндегі сопылық сарындағы лирикадан мүлде бөлек шығыстық белгілер деп таниды.
М. Әуезов Абай шығармаларынлдағы шығыстық белгілердің ақынның бала кезінен өмірінің соңына дейін желідей созылып арқау болғанын баса айтады. Абайдың олармен қарым-қатынасына тоқтала келіп: “Алдағы уақытта Абайдың Науаи, Низами, Физулилерге қарым- қатынасын зерттеуді тарихи принципке құра отырып, бұл қатынастардағы екі түрлі кезеңнің яғни: шығыс классиктеріне еліктеген жастық шағы (1860-1865), мен Абай творчествосындағы марқайған тұсындағы (1886-1890) негізгі айырмашылықты анықтау керек”, - деп екі дәуірге бөле қарайды.
Осы екі кезең аралығында (1860-1862, 1886 - 1890) Абайда өнер, ғылым мен ақындық жолдағы шығыстық арна белгілердің өсу, толысу жолдары жатыр.
Бұл тұста Абай мектеп – медреселерде үстем болған Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Сопы Алаяр тәрізді суфизм сарынындағы ірі ақындармен қатар шығыс поэзиясының ұлы классиктері Низами, Науаи, Фзули, Сағди, Хафиз, Фирдауси, Шамсилерді, шығыс қисса – дастандары мен ғұлама ғалымдарды тесіле оқып, іштей түлеп, толысып келе жатқан ойшыл ақын тұлғасын көреміз. Абай өз халқының мәдени мұрасын меңгеру жолында шығыс классиктері мен суфизм поэзиясындағы ірі ақындарды оқығанда да сын көзімен екшей қарап, творчестволық тұрғыдан талғай білген.
М. Әуезов Абайдың шығыс классиктеріне қарым- қатысын анықтағанда: “... Абайдың Науаи, Низами, Физулилер мен Қожа Ахмет Яссауидің “Хикметі” типтес мистикалық суфизм әдебиетіне қатынасын өте қатаң түрде ажырату қажет”, - деп Абайдың шығыс классиктері мен суфизм әдебиетіне қарым-қатынасындағы ерекшеліктерді терең зерттеп, жете ажырату керектігін абайтанудағы елеулі міндеттердің бірі ретінде көтереді.
Абай шығармаларындағы шығыстық белгілерді шығыс классиктерінен іздестіре бастағанда, оларды негізінен: а) Абайдың махаббат лирикасынан; ә) дидактикалық өлеңдерінен; б) өсиет – үлгі сарындас өлеңдері мен әсіресе, қара сөздерінде жүйелі түрде өз танымын желілеп таратып отыратын толық адам жөніндегі ой-толғаныстарынан да жиі ұшыратамыз.
2. Абайдың махаббат лирикасындағы шығыстық сарындар. Абай қаламынан туған махаббат лирикасы ХІХ ғасырдағы жалпы шығыста теңдесі жоқ, шын мәніндегі, европалық лирикалар деңгейіне көтерілген бірегей деңгейлер. Абайдағы “Желсіз түнде жарық ай ”, “Қызарып, сұрланып”, т.б. өлеңдері қандай елдің мақтаулы, маңдай алды лиркасымен тең түспесе, кем түспес көркемдік құдіретке ие.
Абайдың махаббат лирикасы түрінде жазылған өлеңдерінде шығыс классиктерінің әсер, лебі барлығын, бірақ оларды ұлы ақын өзіндік төл дүниеге айналдырып, өз демі, өз тәні етіп жіберген ақындық құдіретті өнердің алдына жан салмас қуатын да сезінеміз. “Көзімнің қарасы”, “Қор болды жаным”, “Сен мені не етесің” өлеңдерін де шығыс калассиктері Науаи, Сағди, Фзули, Хафиз поэзиясында әсіресе, шағатай ақындарында молырақ дендеген, махаббат лирикалары көбірек толғанған “Ғашық оты мағшұққа” сарындағы өлеңдеріндегі ішкі мазмұнмен тоқайласатын ортақ белгілер де көрініс береді.
3. Абай өлең өрнегіндегі шығыстық белгілер. Шығыс классиктерімен Абайдың творчествалық байланысы, әсіресе, ақын жазған дидактикалық сарындағы өлеңдерде ерекше байқалады. Шығыстан келген Абай өлеңдеріндегі ой ортақтастығы мен өлең өрнегіндегі соны үлгілер де біршама сезіледі. Абай терең сезім, идея, мазмұн жағынан түгелімен шығыс ақындарының ықпалына берілмесе де, өлең құру шеберлігі, пікір жаңалығы жөнінде көп нәрсе табады. Сонда, әсіресе, өзіне ең жақын Науаи шығармаларынан үлгі іздейді.
Абай өзі жазған өлеңдерінің белгілі бір өлең өлшеміне, атап айтсақ, бармақ уәзіні деп аталатын силлабикалық өлең өлшемі негізінде жазғанын өзі де ескертеді.
Уәзінге салып тізілген...
Қайран тіл, қайран сөз
Наданға қор болған, -
деп реніші мен өкінішін қатар білдіреді емес пе?
Абай өлеңінде арнайы көңіл бөлінетін уәзін сөзі (арабша-өлшем) өлең сөздің теориясы жайлы ғылыми ұғым екені күмән тудырмайды. Абай өз шығармаларында қазақ өлең құрылысының табиғатына сай бармақ уәзінің негізге алған. Барлық өлеңдері осы өлшеммен жазылған.
“Білімдіден шыққан сөз” (1889) өлеңінде қырықтан асқан дана ақын жастық шағында таза еліктеумен бір соғып, тастап кеткен ғаруз ұйқасына тағы да қайрыла соғып өтеді. Бұл өлеңдегі сегіз шумақтық барлық өлең жолдары жеті буынға түсіріліген.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
Ұқпасын ба сөзді тез...
Түзелмесін білген ез...
Ұйқылы, ояу бой күйез...
Ыржаң, қылжаң, ит мінез...
Оған ақыл арам без...
Неге алтынды десін жез
Мейлі қамқа, мейлі бөз.
4. Абай дамытқан нәзирагөйлік белгілер. Абай және шығыс классиктері байланысын сөз еткенде нақтылы зерттеу обьектісіне алынбай келе жатқан күрделі мәселенің бірі Абай шығармаларындағы шығыстық белгілердің бір көрінісі болған нәзирагөйлікке келіп тіреледі. Бұл туралы алғаш рет тек М. Әуезов зерттеулерінде ғана қозғау түсіп, пікір айтылады. Назира сөзінің мағынасы арабша сұрау – жауап, жауап қайтару деген ұғымға келеді. Нәзира, нәзирагөйлік – түркі тілді халықтардың жазба классикалық әдебиетіне орта ғасырларда – ақ көрініс беріп, соңғы дәуірге дейін даму үстінде келе жатқан өміршең дәстүрлердің бірінен саналады. Абайдың ұлы ұстазы Ә. Науаи өз заманы тудырған өмір шындығына байланысты өз арман – мұратын Низамидің “Хамсасынан” жауап ретінде өз “Хамасасында” сюжеттік желіні, образдар жүйесін пайдаланып отырған. Осы арқылы ұлы шайыр өз заманын, өзі ұстанған арман – мұраты тұрғысанан жырлап бере алған. Осы іспеттес құбылысты қазақ әдебиетінде Абай аңыз - әңіме, дастандарын нәзирагөйлік дәстүрімен жырлап, өзі ұстанған мораль филасофиясы негізінде творчестволықпен жырлаған ақын өнерін М. Әуезов абайтану саласында тұңғыш рет көтереді. М. Әуезов Абай шығыс классиктерінен енген белігінің бірі нәзирагөйлікке дәлел ретінде ақынның үш бірдей поэмаларын (“Әзім әңгімесі”, “Масғұт”, “Ескендір”) еске алады. Абай поэмалары негізінен нәзирагөйлік дәстүрмен жазылса да, олардың идеялық-көркемдік нысанасына, шеберлік болмысына баға беруде әр түрлі өлшем тұрғысынан қарады. Мысалы, “Әзім әңгімесін” Абай “Пушкиннің орыс ертегілерін балаларға арнап өлең еткені тәрізді жеңіл тілді, қызық оқиғалы әңгіме жасамақ сияқты”.
“Масғұт” поэмасының оқиға желісі де шығыс өлең - әңгімелерінен алынған. Абай мұнда өз шығармаларында көп ой толғайтын мол таратып отыратын толық адам жөніндегі танымын таратуды кәдеге асыруда нәзирагөйлік дәстүрді қолдану әрекетінде көреміз.
Абайдың нәзирагөйлік дәстүрді ұлы классиктерге тән шеберлікпен қолдану жолы, әсіресе, “Ескендір” поэмасын жазу үстінде айқынырақ сезіледі. Абай Ескендір жөніндегі тарихи шындықты шығармасына арқау еткенде өзі көтерген сыншылдық ойдың тұрғысынан қатынас жасайды. Тағы да өзі ұстанған гуманистік көзқарасын насихаттауға Абай: “Низами, Науаи, Физули сияқты өзі қадірлеген классиктердің нәзирагөйлік үлгісін творчестволық жолмен пайдаланып қолданған”, - деп көрсетеді.
№18 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың исламиятқа қатысы туралы
Жоспар:
1. Абайдың ішкі дүниетанымының сыры
2. “Абай діні – ақылдың шартты діні
3. Абайдың “жан сыры” туралы ойлары
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. М. Әуезов “Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні”, - деп көрсеткенде бұл пікірдің түп төркінінде үлкен тарихи шындық жатқанын ескеріп барып айтқан.
Қазақтар жалпы мұсылман деп танылса да, олардың қоғамдық ой-санасында, күнделікті болмысында шешуші орынды өздерінің ата-салты, әдет-ғұрпы алатын. Осы себепті мұсылмандықты тереңіркек қабылдаған кейбір түркі тілді халықтардың билеушілері қазақтарды шала мұсылман, кейде тіпті мұсылмандықтан тыс халық деп қараған.
Қазақ халқының рухани дүниесінде ХІХ ғасырдың ислам діні кең өріс алған кезеңде болашақ ұлы ақын аулылында мектеп – медреседе оқып, алғашқы дүниетанымның қалыптасу кезеңі тұс келеді. Әкесі Құнанбайдың Меккеге барып, елде мешіт салдырып, дін жолына түскені де көз алдынан өтіп жатты.
Өткен ғасырдағы тарихи шындықты, халық мұрасын аса терең білген жазушы “Абай жолында” ол құбылыстарды шындыққа сай білгірлікпен суреттейді. М. Әуезов Абайдың 25 жастан асқан шағында шет тілдерді меңгеру жолын өз еңбектерінде жіті көңіл бөліп, рухани қазынасын молықтыруға әрекетімен байланыстырып қарасытырады.
М. Әуезов дінге нанған адам ретінде Абайдың ішкі дүниетанымының сырын 1894 – 1895 жылдардағы жоқтау өлеңдерінде жиі аңғарылады деп қарайды. Бұл ерекшелік, әсіресе, Әбдірахман өліміне арналған ішкі көңіл – күйін, қайғы - наласын молырақ сезіндірген арнау өлеңдерінде бәрінен де ашық байқалады.
2. “Абай діні – ақылдың шартты діні”. а) “Жан құмарынан” “жан сырына” қарай. М. Әуезов Абай діні - сыншыл ақылдың шартты діні деген тезистегі ойларын, негізінен, 1895 жылы жазылған “Лай суға май бітпес қой өткенге”, “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес” деген философиялық лирикасын талдау үстінде нақтылы тарату арқылы аша түскен.
“Лай суға май бітпес қой өткенге” деген өлеңінде Абай тәңірге деген ішкі нанымдарының сырын ашып, өзін құдайына бас иген көп мұсылманның бірі ретінде танытады. Бірақ ойшыл ақын осы таным шеңберінде тұрып қалмай, түп иенің өзін ақыл сынына салып барып нануға бағыт алады.
Абайдың жан сыры туралы аса күрделі ұғымының өзекті желісін тануға мына бір өлең жолдары жақсы көмектеседі.
Сыналар, ей жігіттер, келді жерің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен –
Соны білсең, әр нені білгендерің?,-
деген бұл жұмбақ өлеңінің шешуі – білмекке құмарлық. Осы өлеңдегі жан құмары деп Абай айрықша назар аударып отырған сөз терең мәнге ие философиялық ұғымды қамтиды.
3. Абайдың жан сыры туралы ойларының желісін шартты түрде төрт топқа бөлуге болар еді:
1. Абай шығармаларында жиі ұшырасатын жан сөзінің бір мағынасы күнделікті өмірдегі тірлік иесі болған адам ретінде берілетіндіктен, оны осы ұғымның баламасы деп ұғыну қажет. Мысалы:
Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық...
Екі күймек бір жанға әділет пе,
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
2. Кейде жан сөзі Абай шығармаларында адам психикасы немесе психикалық құбылыс, көрініс ретінде де қолданыла береді. Мысалы:
Жан шошырлық түрінде
Бәрі бірдей еліріп...
Көңілімнің рахаты сен болған соң.
Жасырынба, нұрына жан қуансын, -
3. Абайдағы жан (мен) сөзінің тағы бір қыры тіршілік иесі жан-жануарлар мен адамдарға тәңірінің берген сыйы, рухы мағынасындағы танылатын дуалистік көне таным, сарынын да байқатады. Мысалы:
Адам қапыл дүниені дер мәнікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі онікі.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде
Сонда ойла, болады не сенікі?.
4. Жан сыры табиғатын танудағы Абай көзқарасының басым жағы жанды сезім мүшелері арқылы санадан тыс өмір сүретін оьбективті дүниені біздің санамызға сәулелену процесінде пайда болатын рухани құбылыс ретінде тануында жатыр.
№19 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай танымындағы хауас мәселесі
Жоспар:
1. Абай шығармаларындағы хауас жайлы мәселелер
2. Хауас ұғымы туралы түсінік
3. Хауас туралы күрделі ұғымның Абай шығармаларында орын алуы
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. М. Әуезов Абайдың тәңіріні тануы мен адам жаратылысы жайлы ойларын зерттей келіп, оның діні – сыншыл ақылдың шартты діні деген тезистік пікірі қаншалықты білгірлікпен әділ, дұрыс айтылған бірегей пікір екенін, әсіресе, хауас жайлы ойларына үңіле түскенде анығырақ сезінеміз.
Абай тәңіріні тануда шығармаларында шариғат тоқта деген шартқа аялдамай, тәңіріні ақылға салып, ойға қондырмай тоқтамайтынын “Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын” деген пікірінде ашығырақ білдіреді.
Абай шығармалырындағы хауас жайлы мәселе әлі күнге дейін арнайы зерттелмей келеді.
Алғаш рет ол жайлы С. Мұқанов тарапынан “Жарқын жұлдыздар” еңбегінде өте қысқа түрде айтылған бірлі – жарым пікірдің өзі де М. Әуезов тарапынан сынға ұшырады. Ал қалған зерттеушілер бес сезім мүшелері маңында көп аялдамайды да, хауас ұғымынан сырт кете береді. Бұлардың бәрі де “хауас”, “хауас сәлим”, “Хауас хамса заһири” жайлы Абай ойларын пікір талқысына салмай келеді.
2. Хауас ұғымы Абай шығармаларында үш салаға бөлініп, бірімен – бірі тығыз байланыста алынса да, олардың өзара үлкен мағыналық ерекшеліктері де барлығын ескерген жөн.
Хауас - арабша түйсік, сезім деген ұғымдарды қамтиды. Бұл хауас сөзінің тікелей лексикалық мағынасы ғана. Ал Абайдағы қолдану мағынасы дүниетанымға байланысты терең философиялық, теологиялық ұғымдарға соғады. Бұл ұғым мұсылмандық шығыс философиясында ертеден елеулі орын алған кәнігі көне ұғымдарға жатады. Ол Абай шығармаларында кәсіби құбылыс ретінде қаралып, ақын дүниетанымында елеулі де күрделі орын алатын бейнелеу теориясымен тікелей ұштасады. Абай сыртқы болмыстың санаға сәулелену процесі жайлы ойларын өз шығармаларында молынан таратып, хауас арқылы сыртқы болмыстың шындығын толық білмей, ең болмаса дәнелеп білуге ұмтылмау хайуан дәрежесінде қалу деп біледі. Бұл туралы пікірі “Ғылым таппай мақтанба” өлеңімен (“ақыл – мизан, өлшеу қыл”) соңғы шығармаларына дейін желі тартып ұштасып жатады.
Абайдың пікірі бойынша, әрбір талантты жас дүние сырын білу жолында әуедлі туысынан болатын хауас сәлим, денсаулық, әлеуметтік ортасының әсерімен ғылым-білімді меңгеруге үйірсектеніп, шын махаббатпен беріле ұмтылғанда ғана: “Алла тағаланы танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб маәфағат дәфғы мұзаратларыны айырмақлық секілді ғылым – білімді үйренсе болады”, - деп ой түйеді.
Абайдың хауас жайлы танымы күнделікті өмір тәжірибесінен ғана туындаған құбылыс деуге келеді.Ол өзіне дейінгі дамып келген хауас жөнінідегі танымға сүйеніп, оны ақыл елегіне салып қорытып алған, өзіндік сыншыл танымға айналған тума ойлары жатқанына ерекше мән бере қарастыруды қажетсінеді.
3. Хауас жөнінде Абай танысып қарастырған дерекетер көзі – батыс, шығыс хакимдері жазған ғасырлар ауқымын қамтитын еңбектерде жатыр. Бұған айғақты дерек ретінде ұсынарымыз: 7, 27, 38, 43, 45 – сөздерінде хауас туралы ұғымдарға байланысты пайдаланған көптеген термин сөздердің көбін шығыс философиясы тарихынан алып отырған.
Адамның дүниетанымында шешуші орында тұратын ішкі, сыртқы сезімдер (хауас) жайлы өзекті ойлар желісі: “Адамның кейбір кездері” (1896), “Көзінен басқа ойы жоқ” (1891), “Қайғы шығар ілімнен” (1892), “Лай суға май бітпес қой өткенде” (1896), “Алла деген сөз жеңіл” (1896), “Жүректе қайрат болмаса” (1898), “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” (1902) өлеңдері мен 7, 19, 27, 31 – 34, 38, 42, 45 – қара сөздерінде тереңдеп молыға береді. Мұндай айтылған ой-пкірлері - белігілі бір жүйе негізінде берілетін өзіндік дербес танымға айналып кеткен аса күрделі пікірлер.
Хауас жайлы Абай “Алла деген сөз жеңіл” өлеңі мен 27, 38 сөздерінде ғана тілге алып, арнайы пікір толғайды.
Хауас төңірегінде Абай философиялық лирикалары мен кейбір қара сөздерінде “түп иені” танып білуге, сырын, мәнін нақтылы түсінуге ұмтылған өз дәуірі үшін батыл қадамын аңғартады. Бұл пікір, әсіресе, “Лай суға май бітпес қой өткенде” өлеңінде анығырақ сезіледі:
Өзгені ақыл ойға қондырады,
Біле алмай бір тәңіріні болдырады.
Абай нендей құбылыс болса да, оған “ақиқат көзі жетіп, ден қойып, ұйып сенбесе”, - тоқтам жасамайтын әдеті бойынша, түп иені сыншыл ақыл талқысына салып барып нанғысы келеді.
Хауас жайлы Абай ойларының шоғырланған бір жері “Алла деген сөз жеңіл” өлеңінде жатыр. Бірақ осы терең философиялық лирикаға әлі күнге дейін зерттеушілер назары түспей, арнайы сөз етлімей келеді.
“Алла деген сөз жеңіл” өлеңінің бастапқы екі шумағы:
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз жол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл
Өзгесі хаққа қол емес.
Дүниенің барша қуаты,
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суатты
Махаббат қылса тәңрі үшін , -
Абайдың ішкі нанымы ретінде ұстанып өткен гуманистік негіздегі иманигүл деп аталатын ой танымындағы үш сүю деп аталатын күрделі мәселеге соғатыны көрініп тұр.
Құдайдың бойындағы осы он сипаттан Абай даралап бөлек алып, ерекше ден қоятын үш сипат; а) ғақыл; ә) ғаделет; б) рахым жайлы өзіндік тума гуманистік негіздегі мағынасы өте терең тың ойлар желісін таратады. Абайдағы осы ойлардың негізін тану, ақын дүнетанымындағы орнын білу - хауас жайлы ұғымның әр түрлі мағынада қолданылатын түрлі қырларының сырын таныта алады.
№20 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: “Абай діні - адамгершіліктің діні”
Жоспар:
1. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңіндегі дін мәселесі
2. Абайдың 27, 38 қара сөздерінде айтылған пікірлер
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. М.Әуезов Абайдың исламиятқа қатысын анықтауда бүкіл абайтану саласындағы зерттеу жұмыстарында айтылар ой желістерінде негіз етіп ұстанар екінші тезисі: Абайдың діні – “ақылдың, адамгершіліктің діні”, - деген ойға тіреледі. Осы жайлы айтылған ой толғаныстардың өзекті желістерін, әсіресе, Абай өмірінің соңғы шағында жазылып, терең ойға құрық салған әр түрлі күрделі мәселелер төңірегінде сөз қозғайтын “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” өлеңін талдау үстінде берген.
2. Осы ойлар желісін таратуда Абайдың 27, 38 – сөздерінде айтылған пікірлерінде де М. Әуезов көп көңіл бөлген. Осы аталған шығармаларында Абай үстірт қараған кісіге дігшіл ақын сияқты әсер де қалдырады. Бірақ үңіре зерттей қараса, Абай исламияттың кейбір түбірлі ұғымдарын сыншыл ақыл сынына салып, оны өзіндік таным тұрғысынан адамгершілік дініне айналдырады. Өзіндік гуманистік ойларын көбінесе дін ұғымдармен жанастыра отырып таратады. Абайда айтылатын гуманистік танымдар мен пікірлерде теологиялық ұғымдар мен шығыстық термин сөздердің мол болуы, әрине, оны қоршаған әлеуметтік орта мен тыңдаушылар құрамына байланысты. Исламияттық ұғым, діни сөздер молырақ қолданған шығармаларының өзінде де Абай адамшылық жайлы асыл мұратты ойларына тыңдаушы назарын үнемі бұрып отырады. М. Әуезов : “Абай діні - адамгершіліктің діні” деген танымын өз зерттеулерінде, көбінесе, бір ой желісін қуа талдамай, топшылап береді де, оның өзі ары қарай талдай түсуге, мәнін жан- жақты аша түсуге бейімдей құрады. Мұнда зерттеуші ақын ойының табиғатын дәл танып, оқырманды өзекті мәселеге тура бастап отырады. Қай зерттеушіге болса да өзі ұсынған ой қазығы бағыт - бағдар берумен қатар, оны ары қарай тереңірек қазып ашуға кең өріс те қалдырады.
№21- лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай танымындағы үш сүю
Жоспар:
1. Жаратушысын жаралған пендесінің махаббатпен сүюі
2. Екінші сүю «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
3. Ғадаләт ұғымына іліктесетін үшінші сүю
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Абайда арнайы сөз етілетін “иманигүл” (үш сүю), “жәуманмәртлік”, “толық адам” сияқты аса күрделі гуманистік ойлар желісі Абайдың тәңірге, оның сипаттары мен өзі таратуды мақсат тұтып отырған адамгершілік негіздері жайлы ой толғаныстары, шын мәнінде, М. Әуезов тұжырымының ең өзекті желілерін қатитын асты ұғымдарға жатады.
М. Әуезов “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” леңіндегі мороль философиясына соғатын үш сүю (имани гүл) деп аталатын ақын танымының терең бір өзекті желісіне назар аударады. Өйткені осы өлеңінде Абай:
Махабатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзатты бәрі сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады иман гүл,
Иманның асылы үш деп сен тақиқ біл.
Ойлан – дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл, -
деп, үш сүю (имани гүл) жайлы ой байламдарын анықтап, ішкі нанымдарын ашқандай болады. Сен де сүй сол алланы жаннан тәтті” - деп жаратушысын жаралған пендесінің махаббатпен сүюі керек дейтін мағынадағы бірініші сүюді көреміз.
2. Екінші сүю, немесе ақын шығармаларында бастан аяқ үзіліссіз таратылатын басты ой желісі “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” ат қойып, айдар тағуында жатыр. Абайдың “және хақ жолы осы деп әділетті”, - дегені 38- сөздегі нақылия, ғақылия дәлелдерге сүйене отырып ұсынатын ғадаләт ұғымына іліктесетін үшінші сүюді көреміз. “Әсемпаз бола әрнеге” өлеңіндегі басты ой да осы үшінші сүюдің баламасы ретінде берілген.
3. Абайдағы үш сүю (имани гүл) деп аталатын түбірлі де күрделі таным қайдан келген? Ақын осы сүюдің қайсысына ден қойып, негізгі тетік ретінде ұстанары қайсысы деген сұраудың жауабын тағы да Абай шығармаларына тереңірек үңіліп, мағына желісіне талдаудан табамыз. Абай өмірінің соңында 1902 жылы жазылған “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” деген өлеңіне дейін - ақ үш сүю жайлы ұғымдардың орын алып, таратылып келгені мәлім. Бірінші, екінші жайлы пікірлері, әсересе, “Алла деген сөз жеңіл” өлеңі мен 27- қарасөзде нақтылы әлі молырақ таратылады да басқа шығармаларында жанама түрде болса да айтылған пікірлері ұшырасады.
Жалпы мұсылмандық шығыс поэзиясында екі түрлі сарынның яғни жүректің культі (имани гүл) мен ақылдың культін мадақтау өріс алып келгені мәлім. Осы себепті болса керек, әдебиеттерде бұл сарындарды білдіретін Әбу Али ибн - Синада “имани ақыл”, Абайда “имани гүл” сияқты арнайы атаулардың қолданылуы осыны көрсетіп тұр.
Имани гүл сарыны жүрек культін сол негіздегі адамшылық жолын көтермелеп, өз шығармаларында үнемі рахым, шапағаттың баламасы ретіндегі жүректі шешуші орынға қоятындар: Әл – Фараби, Низами, Руми, Науаи, Абай, т.б. Ал имани ақылды, яғни ақылдың культін мадақтайтын сарынды Рудаки, Фирдауси, ибн – Синадан ұшыратамыз.
Имани гүл, имани ақыл туралы танымның табиғаты, оның шығу төркіні мен даму жолы қазіргі ғылым дүниесінде әлі күнге дейін арнайы зерттеу нысанасына алынбай келеді.
№22 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың жәуанмәртлікке қатынасы
Жоспар:
1. Абай шығармаларындағы жүрек культі
2. Жәуанмәрт сөзінің түп төркіні
3. Абай ұсынған жәуанмәртліктің сипаттары
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Абай мұрасы қаншалықты мол зерттеледі десек те, ұлы ақын замандастары мен болашақ ұрпақтарына арнап “мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла” деп ескерткен терең мәнді сөзіне үнемі ой көзімен қарау қажеттілігі күн өткен сайын сезілуде. Ақыннан қалған философиялық терең ойға толы шығармаларын оқыған сайын мағынасы алыс беймәлім, төркінін іздесең, сан қилы көне рухани соқпақтарға бастайтын көптеген күрделі ұғымдар әлі де болса біршама ұшырасып жатады.
Жәуанмәртлік сөзі Абайдағы 38- сөзде бір - ақ рет қолданыс тапса да, ақын ол жайлы кең түсінік беріп өз ойының желісін сол жанама дерек ретінде берілген ұғым арқылы таратқан.
2. Жәуанмәрт сөзінің түп төркіні Л. З. Будаговтың 1868 жылы шыққан сөздігіне сүйеніп, парсы тіліндегі жувонмард деген сөзден алынған деп жүр. Парсы тіліндегі “жувон” сөзінің мағынасы бозбала, жас жігіт деген ұғымды білдірсе, “мард” сөзінің мағынасы “жомарт, мырза, шапағатты” деген ұғымға орайлас.
Жәуанмәртлік ұғымының бастапқы белгілері қазақ халқының ой санасында ертеректе – ақ орын алып, айырғы тума ұғымдардың біріне айналып кеткені байқалады. Мұны қазақ арасында сонау көне заманнан бері қарай қолданып келе жатқан жомарт сөзінің өзі – ақ айқындайды.
Қазақ ауыз әдебиетінде жиі ұшырасатын Атымтай жомарт (арғы төркіні арабта жатқан) немесе Қорқыт жайлы деректер мен Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясындағы “жомарт” әңгімесінде сөз болатын мырзалық, әділеттілік, қанағат, ізгілік, ақылдылық сияқты адамгершілікке тән ұғымдардың шығар көзі де жәуанмәртлікпен сабақтас, үндес.
Абай өз дүнетанымын біршама аңғартатын адамның мінезі мен адамшылығының негіздері (“толық адам”, “толық инсаният”, “нсанияттың кәмәләттігі”, “бенделіктің кәмәләттігі” т.б.) жөнінідегі сан жылғы ойларының түпкі нанымын 38- сөзінде молырақ таратуды мақсат еткенін: “Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғлының мінездері туралы біраз сөз жазып, ядкар қалдырайы. Ықыласпен оқып, ұғып алыңдар”, - деп оқырманға өтініш етіп, әдейі ескертуінен де көрініп тұр.
3. Абайдың мағынасы аса терең, оқып танудың, мәнін түсінудің өзі қиынға соғатын шығармаларының бірі 38 – сөзінде (“Ғақылият тасдиғат”) мағынасын тереңірек ашуды талап ететін ұғымдар көп – ақ. Осындай күрделі ұғымнның біріне Абайдағы жәуанмәртлік мәселесі жатады. Абай сүйеніп арнайы таратудағы ұмтылған үш сипатты (ақыл, әділет, рақымды) қамтитын жәуанмәртлік төңірегінде ғана пікір қозғау – М. Әуезов жасаған ой байламынының түп-төркінін, сүйенген негізін аша түсетін деректер көзіне әкеледі.
Абай 38- сөзінде алланың бойындағы сифатияға тоқталғанда оларды бас-басынан: хаят, ғылым, құдірет, көру (басар), есіту (сәмиг), қалау (ирада), сөз (кәлам), болдыру (тәкиин) деп атап өтеді. Алланың бойындағы осы сипаттар зәрредей болса да оның пенделерінің бойында болмақ.
Осы сегіз сипатқа Абай өз тарапынан нақылия, ғақылия дәлелдер арқылы екі сипатты (әділет, рақым) қосады. Ғылым мен құдірет сияқты екі сипатты біріктіріп, олардың баламасы ретінде ақылды (ғақыл) алады. Абай осы он сипаттың ішінен үшеуімен: ақыл, әділет, рахымның ойын еңбексіз, әрекетсіз, ізденусіз дарымайтынын ескертеді. Осы үш қажетті яғни кәсіби құбылысты ойын ұялатқандар ғана толық адам атына ие болады деген байламға келеді. Жәуанмәртлік жөнінде біршама мәлімет беретін деректермен таныссақ та біз солардың ішінен Абай ақын танысқан олар деген еңбектердің бірі ретінде “Құтадғу білік” (ХІ ғ.) пен “Кабус - намені” нақтылы атап өтуді мақұл көрдік. “Құтадғу біліктегі” басты кейіпкерлердің аты әділет (Күнтуды), дәулет, бақыт (Айтолды), қанағат – рақым (Узғырмыш), ақыл (Ұғдұлмыш) деген ұғымдарға балама мән берілуінде терең мән бар. Дастандағы бүкіл оқиға желісімен айтылар ойлардың негізі осы кейіпкерлер пікірі арқылы беріліп, ерсигті (жәуанмәртлікті) мадақтауы Қараханидтер тұсындағы танымның деректі көздерінен алынған сияқты.
Жалпы жәуанмәртлік ерте замандарда жұрт таныған негізгі үш сипаттан тұратыны “Кабус - намеде” (46- тарау) атап көрсетілген: “адамның сипатын білдіретін үш нәрсе бар. Бұл үш нәрсенің бірі – ақыл, бірі - әділеттік, бірі – жәуанміртлік” – деп көрстеліген.
М. Әуезов осы айтылған айғақты деректер негізінде Абайдың исламиятқа қатысын, дін жайлы танымын терең білуі себепті, Абай діні адамгершіліктің дініне айналған. Астарында саралап ашып берген.
№23 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың мораль философиясына қатысы
Жоспар:
1. Абай шығармаларындағы мораль философиясы жайлы ойлары
2. Абай шығармаларындағы “адам болу шарттары”
3. Абайдағы жүрек култьі
4. Абай ойының өзекті желісі – “толық адам”
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1.Абай шығармаларындағы мораль философиясы туралы ойларының желісін сөз еткенде Әуезов оларды өзі атап көрсеткен нравственная личность мәселесімен тікелей бірлікте, байланыста қарастырған. Абайдағы дін, тәрбие, адамшылық, мораль философиясы жайлы ойлары желісіне, 12, 13, 27, 28, 35, 36, 38, 43, 45 - қара сөздеріндегі ой төркініне де үнемі сүйеніп отырады.
М. Әуезов Абайдың: “ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым- қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады”, - деп не себепті Абай адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашады. Абай - өзі жасаған әлеуметтік ортаны, оны құрайтын жеке адамдарды тәрбилеу, түзеу арқылы өзертуге ұмтылған ағартушы – демократ. Мораль философиясына мұндай терең әрі қызыға қарау Л. Н. Толстой танымында да зор орын алғанын Л.И.Шифманның зерттеуінен де көреміз.
2. Абай шығармаларындағы “адам болу шарттары”. Абайдағы толық адам жайлы ойдың о бастағы төркіні “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінен басталып, ақынның осы өлеңіндегі “Адам болам десеңіз” деген тезисі негізінде ары қарай желілеп таратылатыны бар.
Ойшыл ақын “Түзетпек еді заманды” деп өз арманы тұрғысынан жас ұрпақтың жаңа буын, жаңа дәуір, заман талабы деңгейінде тәрбиелеуді мақсат тұтып, күрес жүргізеді. Осы жолда Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойында адамшылықтың қандай нәрін, нендей ізгілікті қасиеттерін егу, орнықтыру керектігін “ғылым таппай мақтанба” өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар да береді. Сол себепті бұл өлеңді М. Әуезов “Абайдың, әсіресе, көп ой қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңі”, - деп жайдан - жай айтпаса керек-ті. Мұндағы Абайдың басты ойы – “Адам болам десеңіз” деген тезисінде жатыр. Осы өлеңде Абай көтеріп отырған басты мәселе - қазақ қауымының болашағы, жастардың бойындағы адамшылық қасиеттері, яғни толық адам туралы даналық ой желістері тұтас көрініс тапқан.
3. Абайдағы жүрек култьі. Әсіресе, Абайда адамшылық, гуманистік ойларының астарында үшінші сипат – рахым, шафағатқа шешуші мән беретіні байқалады.
Бұл арада Абайдың рахым, шапағат деп отырғаны жүрек екенін М.Әуезов арнайы ескертіп өтеді. Абайдағы адамшылық негіздерін талдай отырып, ондағы ақыл, әділет, рахым жайлы түбірлі гуманистік танымдарға ерекше мән беретіндіктен, Абай “адамгершілкті, моральдық философияны барлық жайдан жоғары қояды”.
Абайдағы жүрек жайындағы сан қырлы танымдары, көбінесе, поэтикалық тіл тұрғысынан қарастырады.
Абай жүректі эмоциялық сезімнің, адамгершілік негіздегі рахым шафағаттың қайнар көзі ретінде таниды. Жүректі адамның өзін тану туралы ғылым саласында алар орны мен атқарар қызметін гуманистік тұрғыдан арнайы қарастырып, өзіне дейінгі қазақ ойшылдары тілге алмаған соны пікірлерін саралай отырып тарату әрекетінен көреміз.
Абайдағы жүректің культі жайлы ұғымға М. Әуезов 1943 жылғы абайтанудан оқыған лекциясында арнайы тоқтала отырып, Абайдың: “17- сөзі”. Адамның адамгершілігі неден құралады дегенде: қайрат, ақыл, жүрек үшеуін айтып, ғылымға жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Бірінші жүректің сезгіштігі. Мұның өзі көргендік. Олай болса ақыл байқағанды жүрек сезеді.
Абайдың жүрек жайындағы ой толғауларының негізі мен өзекті желістері: “Әуелде бір сұлу мұз- ақыл зерек” (1889), “Кейде есер көңіл құрғырың” (1890), “Алға достың мұңы жоқ малдан басқа” (1896), “Алла деген сөз жеңіл” (1896) сияқты төл шығармалары мен “Менің сырым, жігіттер, емес оңай” (1897) “Жүректе көп қазына бар, бәрі қызық” (1899) деген аудармаларында қысқа тұжырымдала баяндалған.
4. Абай ойының өзекті желісі – “толық адам”. Абай қазақ даласына жүректің культін көтеріп мадақтағанда ол ұғымға өз тарапынан айрықша гуманистік астар беріп, адамзат баласының бойында ұялаған ең асыл қасиеттер: мейірім, рахым, әділет, шафағат, ар – ұят атаулының қайнар көзі, құтты мекені ретінде қарауымен дараланады.
Жүрек жайында пікір қозғағанда ақынның алға қояр басты мұраттарының бірі - жүректің адам өмірінде атқарар қызметіне айрықша гуманистік мән – мағына бере жырлауында жатыр. Абайдың жүрек атынан: “... әділет, нысап, ұят, рахым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі де менен шығады”, - деп бекіте, тұжырымдай айтатын пікірінде жүректі ақыл, қайратқа қарағанда шешуші орынға көтеріп, оған гуманистік астар беретін ойының төркінін бұлжытпай өз қалпында танып отыр. Абайдың танытуында жүректі бүкіл әділет, шафағат, рахым, ар – ұят атаулының нәр алар көзі, құтты мекені ретінде сипаттап көрсетуге күш салуында нендей сыр бар? Абайдағы жүрекке гуманистік астар бере қарайтын көзқарастың философялық – гуманистік түп төркіні, нәр алар тамыры қайда жатыр дегенде мұны біз қазақ жерінің орта ғасырдағы ой алыбы әл – Фарабиден бастап, Абайға дейінгі аралықтағы мәдениет қазыналарынан іздейміз.
Бүкіл адамзат қауымның орта ғасырдағы теңдесі жоқ ұлы философ – гуманисі әл- Фараби өз еңбектерінде жүректі адам денесіндегі басты тұлға, бастапқы кезеңдегі әмірші ретінде танумен қатар ақылды да (миды) басты тұлғаның қатарында айтады, бірақ ми адам бойындағы бүкіл процеске басшылық еткенмен жүрекке тәуелді, соның ырқына бағынышты деген танымды білдіреді. Осы іспеттес танымның желісіндегі ой - пікірлер Абай шығармаларында молынан ұшырасып, кең тұрғыдан арнайы сөз болды. Абайдағы осы ойлардың негізгі түп-төркінінің бастау алар арғы арнасы әл – Фараби еңбектерінде жатыр.
№24 - лекция.
Тақырып: М. Әуезов және Абайдың әдеби ортасы
Жоспар:
1. Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі жайлы
2. Абай ақындығының айналасы деген тақырыпта өткізілген дискуссия
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1.Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі жайлы аса күрделі ұғымдарды қамтитын проблемаға М. Әуезов 1934 жылы Абайдың қайтыс болуына 30 жыл толу қарсаңында жазылған “Абай ақындығының айналасы” деген зерттеу мақаласында алғаш рет арнайы тоқталды. Мақала көлемі шағын болса да зерттеушінің көп жылдар бойы ізденіп тұжырымдалған ой байламдарын қорытындылайтын көп қырлы, жоспарлы болып келеді.
Абай мұрасының рухани нәр алған көздерін анықтап, ол жолы өз танымын айқындаумен қатар Абайдың тікелей қарым-қатынаста болып араласқан әдеби ортасымен қоса, ақын өмірінің соңғы он жылында өз маңында жетіліп, ақындық өнер көрсете бастаған өнерлі топқа да зерттеуші жіті көңіл бөле бастайды. Абайдың әдеби ортасымен бірге сол әдеби ортаның бір саласы болып табылатын Абай тұсындағы ақындық өнер жолына түскен бір топ өнерлі жастар қаламынан туған әр түрлі жанрда жазылып, белгілі болған көркем шығармаларды да жинастырып, зерттеу нысанына алу керектігін ертерек таныды. Абайдың әдеби ортасы жайлы аса күрделі мәселе мен соның бір саласы ретіндегі Абай ақындығының шыңына шыққан кезіндегі орын тепкен ақын маңында тәрбиеленіп, көпетеген көркем туындылар берген бір топ өнерлі жастар. Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның өлеңдері мен қара сөздерін әрі оқушы, әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа бұлар Абай басшылығымен өз маңдарынан жырлар да жазған. Бұл өнерлі топтың ақын маңына топталып, Абай шығармалары мен әндерін халық арасына таратып, таратудағы әрекеті, әсіресе, “Абай жолы” эпопеясында мол суреттеліп, өз бағасын алды да. Ал, осы өнерлі топтың екінші бір бөлігі Абай бастап, негізін қалаған әдебиет пен қоғамдық ойдағы жаңа бағыттағы ақындық дәстүрді жалғастыра дамытып, оны өз шығармалары арқылы толықтыра түсті. Олардың шығармалары дәстүрлі көшпенді дәуір әдебиетімен кетпей, шын мәніндегі профессионалды жазба әдебиет үлгісінде жазылуы тікелей Абай мектебінің тәрбиелік әсеріне байланысты еді. Бұл тұста Абай маңында өз шығармаларын жазып шығаратын Абай дәстүріндегі ақындар тобы іріктеліп қалды. “Ақын болып, талаптанып өлең шығарып көруге Абайдың іні – балаларының барлығы да ұмтылған. Бұл жағынан келгенде Абайдың алды, бір жағынан “әдебиет мектебі” сияқты болды”.
Сол ретпен өлең шығаратын Көкбай және Абайдың өз балаларынан Ақылбай, Мағауия болды. Бұлардың бәрі де қысқа өлең, өсиет өлең айту Абайдың жол дағдысы болғандықтан, өздеріне бөлек бет іздеген сияқты. Сондықтан төртеуі де ұзақ әңгімелі (сюжетті) өлең жазды.
Егер дәл сол тұста Абай дәстүрі дүниеге келмесе, бұл ақындардың ақындық өнер жолына түсіп, жазба әдебиет үлгісіндегі соны жанрлы шығармаларды жазуы да екі талай болар еді. Абай мектебі, Абай ақындығының айналасы жөніндегі пікірлері, негізінен, Абай өмірбаянын жазу, деректер жинастыру үстінде туғандықтан, бұл пікірдің ойға оралу мерзімін білудің елеулі мәні де бар. М. Әуезовке Абай өмірі мен творечствосының сан қырлы сырлары жайлы аса құнды деректер көзін берген, негізінен, Абай айналасында болған шәкірт ақындар тобы. Осылардан ауызша, жазбаша, кейде сұхбаттасу үстінде алынған деректерсіз Абай өмірі мен әдеби ортасы жайлы қазіргі күндегі толық сақталып, қазіргі ұрпақ игілігіне қызмет етіп, отырғанын ұмытуға болмайды.
Зерттеуші алғаш рет Абай мұрасының рухани нәр алған үш қайнары жайлы пікір қозғап “... бұл уақытқа шейін ақынның айналасы деген тақырыпта сөз қылғанда біз өзіне әсер еткен жайларды, өз қорына құйылған салаларды алып келдік. Бірақ ақындық айналасы Абайдың өзі алған нәрді санаумен түгелденбейді. Екінші қатарда тұрған тағы бір алуан мәселе - Абайдың өзгеге берген нәрі турасында”, - деп соңғы жылдары Абайдың ақындық мектебі немесе ақын шәкірттері деп аталып жүрген күрделі бір проблеманы арнайы көрсетті.
2. 1942 жылдан бастап С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің қазақ әдебиеті кафедрасында тұңғыш рет абайтанудан арнайы курс оқып, арнайы семинар сабақтарын жүргізу үстінде Абайдың әдеби ортасы, әдеби мектебі жайлы ойларын ортаға салып отырған.
М. Әуезовтің Абайдың әдеби ортасы жайлы пікірлері талас тудырған жоқ. Бірақ осы мәселенің бір буыны – Абай мектебі немесе Абайдың ақын шәкірттері жөніндегі ойлары, яғни, Көкбай осында Абайдың ақын шәкірті ретінде аталуы (1934ж.) мен “Ақын аға” романында Көкбай шығармасының сөз етілуінде жатыр.
Қазақ әдебиеті тарихын зерттеу саласында тұрпайы социологялық таным көп тұрақтап, елеулі зардаптарын тизгізіп келгені жұртқа аян. Осы таным тұрғысынан кейбір әдебиетшілер М. Әуезовті батыра сынаудың тұсы оның ғылыми еңбектері мен “Абай жолы” эпопеясында сөз болатын Абай мектебі немесе ақын шәкірттері туралы пікірінде жатыр деп қарады. Осы себепті Абайдың үзеңгі жолдасы Көкбайдың “Сабалақ” дастанындағы пікірін ілік етіп көтерді.
М. Әуезовтің Абай ақындығының айналасы жайлы әр тұста айтылған пікірлеріне ешқандай әдеби сын айтылмай келіп, оған тек 1950-1951 жылдары үдере дау айтылып жатты.
Абай ақындығының айналасы жайында, әсіресе, осы саланың бір желісі Абай мектебіне байланысты кейбір терминдік мән алған сөздердің мән-мағынасын әр түрлі атау етек алды. Әдеби еңбектерде тұрақтанбай бір мағына тұрғысынан аталып жүрген “Абай ақындығының айналасы”, “Абайдың әдеби ортасы”, “Абай мектебі”, “Абайдың ақын шәкірттері”, “Абай дәстүрі”, “Абай тұсындағы ақындар” деп сан түрлі атауларға ие болып келеді. Бұл атаулар тұтастай М. Әуезов еңбектерінде де ұшырасады. Бірақ олардың әрқайсысы өз алдына терең мән-мағынасы бар әр қилы зерттеу нысандарына лайықты мән-мағына алатын күрделі терминдік атаулар екенін есте ұстаған жөн.
№25 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай ақындығының айналса немесе “өзі алған нәрлері”
Жоспар:
1. Абай мұрасының рухани көздері немесе “өзі алған нәрлері”
2. Абайдың әдеби ортасы
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Абай мұрасының рухани көздері немесе “өзі алған нәрлері”. Мұхтар Әуезов Абайдың “өзі алған нәрлеріне” ақын мұрасының идеялық нәр алған рухани үш қайнары мен Абайдың әдеби ортасы жайлы аса күрделі мәселені қоса қарастырады.
Абай шығармаларының бүкіл әлемдік мәдениет мұрасынан нәр алған үш бұлағы жайлы танымын М. Әуезов отызыншы жылдары – ақ айта бастаған. Әрі бұл жайлы өз танымын үнемі жетілдіріп, тереңдетіп отыруға қатты зейін қойған.
Абай мұрасы нәр алған әлемдік рухани қазыналар көзінің бір саласы кәнігі шығыс мәдениеті Абай шығармаларының осы шығыстық рухани қазыналар көзімен байланысы М. Әуезов тарапынан зерттелуі жоғарыда арнайы сөз етілді.
Ал осы үш саланың бірі әрі бірегейі Абай мұрасы мен орыс әдебиетімен қоян – қолтық араласқан творчестволық байланысы жалпы абайтану тарихында мейлінше мол, жан- жақты терең зерттелген. Бұл сала М. Әуезов еңбектерінде революциядан кейін іле – шала қолға алынып, ғұмырының соңына дейін зерттеу нысанынан түспей келді.
Мұндай өрелі де күрделі тақырыпқа ғалымның айрықша мән бере зерттеуінің екі түрлі жағдайын еске алмақ керек. Біріншіден, Абай аударған орыс классиктері шығармаларын М. Әуезов бала кезінен санасына ұялатып өсті. Орыс әдебиетінің шығармалырымен ауызданып өсуіне ол өмір кешкен дәуірдегі әдеби ортасының айрықша ықпалы тиді. Әуелы орыс мектебінде, соңыра Ленинград университетінде оқып, орыс әдебиеті қазыналарына қанығып өсуі – Абай мұрасы мен орыс әдебиеті арасындағы творчестовлық терең байланыстың сырына бойлай еніп, бұл мәселені алғаш рет көтеруге алып келген. Екіншіден, Абай шығармалары мен революционер – демократтардың шешуші ықпалын кімнен болса да ерте танып бағдарлауы – бұл проблеманың абайтану тарихында дұрыс шешім табуына жаңаша қойылуына да жетекшілік етті.
Ал үшінші рухани қайнар көзі ретінде өз халқының рухани дүниесінен алған нәрлерін, яғни “қазақы қалпын” арнайы зерттеу қажеттігін көрсетеді.
Абайдың қазақы қалпын тануда туған елінің жалпы рухани мұрасына ақын қатынасын анықтап, өзіне нәр тартқан көздерін анықтау міндеті де кіреді. Бұл салада алғашқы әрі нақтылы ғылыми зерттеулер де туа бастады. Академик Қ. Жұмалиевтің қазақ поэзиясы мен Абай поэзиясының тілін салыстыра зерттеудегі еңбегі осы аталған міндет тұрғысынан жазылған болатын. Абайдың қазақы қалпын танып білмейінше ұлы ақынның ақындық болмысын, ұлттық, халықтық ерекшелігін танып білудің өзі мүмкін емес.
2. Абайдың әдеби ортасы. Абайдың әдеби ортасы – ұлы ақынның өзі нәр алған, әрі соңыра өзі рухани нәр берген мәселені қатар қамтитын аса күрделі тақырып. Алғашқысы, Абайдың әдеби мұрасының қалыптасу жолында өзі араласып, көп естіп, шығармаларын жатқа алған ақындар мен өзге өнер иелері де мол болған. Бұлар жас Абайдағы ақындық өнер мен қоғамдық ойдың қалыптасу, қорлану процесінде белгілі дәрежеде тербеліп өскен творчестволық бесігі ретіндегі әдеби ортасы деген ұғымды қамтиды. Соңғысы, Абай ақындығы өз биігіне жеткен соң өзі рухани нәр бере бастаған, ұлы ақын дәстүрін дамыта жалғастырған шәкірт ақындар тобы да Абайдың әдеби ортасы деген ұғымға жалғасады.
“Абай жолы” эпопеясы мен “Абай” трагедиясы, “Абай” операсының либреттосы мен “Абай” әдеби сценариясы және кинодрамасы сияқты көркем шығармалар да Абай ақындығының даму, қалыптасу кезеңдерінде ұлы ақын күнделікті байланыста болған әдеби орта арқылы туындайтын Абай бойындағы алғашқы творчестволық тебіреністер, ақындық өнер сырына бойлаудағы талпыныстар, қилы – қилы көркемдік танымдар жайдан-жай беріліп отырған жоқ. “Абай жолындағы” Барлас (Дулат), Байкөкше, Шөже, Балта, Біткенбай, Тәттімбет, Қадырбай (Садырбай), Қуандық, Садақ (Жанақ), Шүбек (Түбек), Біржан сияқты ақын, жырау, әнші, күйші сияқты өнер саңлақтары молынан суреттеліп, өзекті желіге айналады.
Шөженің суырып салма ақындық өнерінен Абай ақындық өнер тілімен берілген өлең сөздің қамал бұзар құдіретін сезінеді.
Балта ақын жайлы Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу үстінде мәлімет беріп өтеді.
Эпопеяда Абайдың әдеби ортасының айтулы өкілдерінің бірі ретінде көрсетілетін Қадырбай (Садырбай) ақынмен өткізілетін сырласу кешіне яки сол заманның әдеби мәжілісіне жазушы айрықша назар аударған.
Романда сөз болатын Шүмек (Түбек) ақын да М. Әуезов зерттеуінде орын алып отырады. Көп сөздерін Абай жақсы білген Түбек ақынның өзі – ақ Абаймен көршілес, іргелес Сыбаннан шығып, Алатауға келіп Сүйімбай, Жамбылдармен жарыса айтыстарға түсіп жүрген.
Өз әдеби ортасының көптеген айтулы өкілдерімен тікелей араласып сырлас болған Абай солар жырлап, зар төккен ел мұңы, қайғы – қасіретінің ендігі шығар бағдарын ағартушылық ойдан тапқан.
№26 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай ақындық дәстүрі немесе “өзгеге берген нәрі”
Жоспар:
1. Абайдың әдеби мектебі
2. Абайдың ақын шәкірттері немесе Абай тұсындағы ақындар
3. Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Зерттеуші Абайдың өзгеге берген рухани нәрі жайлы тақырыпта Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасын жазу үстінде – ақ көңіл бөлген. Ал 1934 жылғы “Абай ақындығының айналасы” деген еңбегінен кейін - ақ ол жайлы ойлар төркіні біртіндеп қорлана берді. Абайдың өзгеге берген нәрі жайлы ойлары, негізінен, үш салада: а) Абайдың әдеби мектебі; ә) Абайдың ақын шәкірттері не Абай тұсындағы ақындар: б) Абайдың ақындық дәстүрі деген тақырыптар шеңберінде қамтылып беріле бастайды.
Былайша айтқанда, әдеби мектеп деген күрделі ұғым ұлы ақын жасап қалыптасырған жаңа бағыттағы ақындық дәстүрдің өзінен кейінгі әдебиет өкілдері тарапынан жалғастырылып үдере дамытылу жолдарын айтамыз.
Абай мектебі ақынның көзі тірісінде – ақ қызу дамытылып, Абай нұсқаған жолмен көптеген көркем туындылар жазылып та үлгергенін: “Бұл мағынада алғанда Абай шәкірттері: Мағауия, Ақылбай, Көкбай, Бейсембай, Әубәкір т.б. творчестволық мұраларының Абай шығармаларынан өзгешелігі поэзиядағы көлемді жанрды дамытумен, атап айтқанда, сюжетті поэмаларды, халықтық – тұрмыстық, әлеуметтік – тарихи, тарихи- тұрмыстық, Пушкин, Лермонтовтардан тарихи әрі таза романтикалық стильдегі оңтүстік поэмалары арқылы ерекшеленеді,” - деп нақтылы да атап өтеді.
Абай мектебі деген ұғымға зерттеуші заман ділгірлігі, уақыт талабы тудырған жаңа бағыттағы әдебиеттің көш бастаушы қызметімен қоса өз ой - арманын жырлау сарынынан туған поэзиядағы түр жаңалығын да бірге алып көрсетеді. Мұны, әсіресе, Абайды Махамбетпен салыстыра отырып: “Махамбетте мектеп жоқ... түр жағынан халық жыры фольклорлыққа тәуелділік көп. Ауыз әдебиетінен ұзамайды. Махамбеттің өз алдындағы фольклор мен көшпенді дәуір әдебиетінің ауқымынан шығындап шыға алмағаны еске алынған. Осы ерекшеліктің өзі – ақ Махамбеттей зор ақынның поэзиясында арнайы атап көрсетілетін әдеби мектептің орын теппеу себебін көрсетеді.
2.Абайдың ақын шәкірттері немесе Абай тұсындағы ақындар. Ақын шәкірттер тобына ғалым, көбінесе, Абай маңында болып, күнделікті тұрмыста қоян-қолтық араласқан талантты ақын жастарды жатқызады.
1934 жылы зерттеу еңбегінде Абайдың толық мағынадағы ақын шәкірттеріне Көкбай, Ақылбай, Мағауия сияқты ақындар жатқызады.
Абаймен күнделікті қарым-қатынаста, тікелей творчестволық байланыста болған ақын шәкірттер жайлы мәселелеге айрықша көңіл бөле бастайды. Бұл тұста Абаймен күнделікті тұрмыста тікелей араласып, көркем шығармалар жазған ақын шәкірттер ретінде: Көкбай (186-1927), Әріп (1856-1924), Ақылбай (1868-1904), Мағауия (1870-1904), Бейсембай (1880-1934), Әубәкір (1880-193) сияқты алты ақынды атап көрстеді. 1944 жылғы тезистерінде зерттеуші осы аты аталған алтауын Абай дәстүрін жалғастырушы, талантты ақын шәкірттер деп бағалаған. “Абай жолы” эпопеясының үшінші кітабындағы “Ақын аға” тарауында Көкбай, Әріп, Ақылбай, Мағауия, Бейсембайлар молынан суреттеліп көрсетіледі, ал Әубәкірдің аты бұл тұста аталмайды.
“Абай жолында” ақын маңында күнделікті өмірде мидай араласып, өнердің әр түріне соны бағыт, жаңаша тәрбие ауқымында өсіп келе жатқан өнерлі жастар тобы молынан суреттеледі. Абай маңындағы өнерлі жастар әрекетін академик С. Мұқанов пен проф. Қ. Бейсембиев “Абай айналасында ән – күйдің, өлең- жырдың қадірін білетін өнерлі топ болған”, -деп арнайы да атап өтеді. Абай маңында үйірілген осы өнерлі топтың ішінде Көкбай, Ақылбай, Шұбар, Мағауия, әншілер Мұқа, Мұхамеджан, Әлмағамбет, Әйгерім, ертегіші Баймағабет және Кәкітай, Әбіш, Уәйіс т.б. толып жатқан эпизодтық кейіпкерлер әрекеті беріледі.
3. М. Әуезов бергі дәуірдегілерді Абай дүниеден өткен соң, әдебиет майданынан келген ақындардың талантты тобын соңыра ХХ ғасыр басындағы Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар деп қараған.
Абайдың ақын шәкірттері деген атау белгілі дәрежеде шартты ұғым боп табылады. Мұның шартты ұғым боп табылатын белгілі себептері де бар. Біріншіден, шәкірт ақындар тобына белгілі бір ақынды жатқызу үшін, ол, алдымен, Абаймен күнделікті тұрмыста арақатынаста боп, тікелей кеңес алып, ақынның өнерге тәрбиеленуі шарт. Екіншіден, олардың бәрі де алдымен Абай шығармалары мен әндерін танып бағалаушылар, оны әр түрлі жолдармен халық арасында ауызша, жазбаша түрінде насихаттап таратушылар қызметін қоса атқаруы шарт. Үшіншіден, шәкірт ақындар ұлы Абай қолында тәрбиеленіп, ақындық үлгі - өнеге алушылар ғана емес. Олар Абайдың көзі тірісінде –ақ ұлы классиктің ақындық дәстүрін тікелей жалғастырып, алғаш рет дамытушылар ретінде де ерекшеленетін өнерлі топ. Міне осындай ерекшілігі бар алғы шарттар ғана бұларды Абайдың ақын шәкірттері деген ұғымды әдебиет тарихына алып келді.
Абай өзінің ақын шәкірттеріне, олардың творчетволық өсу жолына үнемі назар аударып, қадағалап отырған.
Абайдың ақын шәкірттері ретінде аталып жүрген Көкбай және Әріп, Әсет, Ақылбайларға бағыштай жазылған Абайдың арнау өлеңдері де жайдан жай жазыла салған мүліктер емес. Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзеудің жолын айтады.
Зерттеуші Абайдың “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” (1889ж.) өлеңінде өз маңында өнер шаша бастаған шәкірт ақындар тобына атйылған әдеби сын бар екенін де алғаш рет мәлімдеген еді.
Зерттеуішінің мәлімдеуінше, осы өлеңдегі “Сөз айттым Әзірет Әлі айдаһарсыз”, - деген өлең жолы Көкбай творчествосына байланысты айтылған.
“Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы” өлеңінде Абай аяусыз сынға алған өзіне дейінгі, өз тұсындағы ақынның өнер қадірін кетірушілер жолы - Абайдың ақындық дәстүріне қарама – қарсы жол. Мұнда да Абай ақындық өнер жолына түскен өз маңындағы шәкірт ақындар тобына өміршең өз дәстүрін сілтегендей болады.
№27 – лекция.
Сабақтың тақырыбы. Шәкәрім Құдайбердиев - Абайдың ақын інісі, талантты шәкірті
Жоспар:
1.Шәкәрім-Абай мен болашақ ұрпақ алдындағы рухани пікірдің ролін атқарған қаламгер.
2.Қазақ әдебиетінде сюжеттік поэма жанрына қосқан үлесі.
3.Шәкәрім шығармаларының Абайға үндестігі.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
11. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – А., 1988
12. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. - А., 2000
Лекция мәтіні:
1.Тәуелсіздікке барар жол халқымыздың ұлт ретінде рухани қайта түлеуімен, оянуымен тұстас келді. Тәуелсіздік қарсаңында есімдерін айтуға тыйым салынған, баспасөзде ұмыт қалып, бірен-саран ересектердің ғана жадында сақталған Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Жұмабаев, Ж, Аймауытов сынды арыстарымыз Қазақстан үкіметінің қаулыларымен арағап 50-60 жылдай уақыт салып, туған елімен қайта табысты, мәңгілік өлмес өмірге қадам басты.
Қазақ әдебиетінің көгінде сол қайта жанған жұлдыздардың бірі, ұлы Абайдың ақын інісі, талантты шәкірті, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаушы Ш. Құдайбердиев екендігін барша қауым танып отыр. Оның ақын, прозашы, аудармашы, философ, тарихшы ретінде артына мол мұра қалдырған жан-жақты қаламгер болуына, ең әуелі, ұлы Абай поэзиясы айтарлықтай әсер еткені даусыз. Сондықтан ,алдымен, М. Әуезовтің Абай шәкірттерінің ішіндегі ең көрнектісі әрі жасы жөнінен де үлкені, ұзақ жасағаны Шәкәрім туралы қысқа пікірінің өзін таратып айтып көрейік. Ақынның қазақ тарихынан жазған салт жырлары “Қалқаман –Мамыр” мен “Еңлік – Кебекті” зерттеушінің тақырыбы жөнінен өзгеше шығармалар деп қарауында үлкен мән бар.
2. Шындығында, ұлттық өлең жанрында өзіндік із қалдырған Ш. Құдайбердиевтің қазақ әдебиетінде сюжеттік поэма жанрын дамытуға да көп үлес қосқандығы қазір баршаға белгілі болып отыр.
“Қалқаман – Мамыр”, “Еңлік -Кебек”, “Ләйлі – Мәжнүн” поэмаларында оның ақындық дарыны айрықша көрінеді. Сондай-ақ Шәкәрімнің 1929 жылы жазылған бізге қолжазба қалпында жеткен “Нартайлақ – Айсұлу” поэмасы да бар.
Сырттай қарағанда, Шәкәрпім поэмаларының тақырыптары ұқсас биік махаббатты жырлау болып көрінгенімен, оның әрқайсысында әр заманның тынысы, ондағы қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатнастар астары бар.
Зерттеуші ғалым М. Мағауин ақын поэмаларының тақырыбы мен жанры туралы былай дейді: “Шәкәрімнің үш поэмасы да (“Қалқаман – Мамыр”, “Еңлік -Кебек”, “Нартайлақ - Айсұлу”) ескі қазақ тұрмысынан алынған. Бірақ бұлардың ешқайсысы да тарихи шығарма емес. Поэмаларда тарих – фон ғана, автордың назар аударғаны - әлеуметтік мәселелер, мінез-құлық жайы.. Жанрлық тұрғыдан алғанда “Қалқаман - Мамыр” лиро-эпикалық жырға бейім, “Еңлік – Кебек” әлуеметтік дастан, ал, “Нартайлақ - Айсұлу” махаббат драмасы дер едік”.
Шәкәрім өмірінің алғашқы жартысын Абайдай кемеңгер ағаның, ұлы ақынның қасында өткізссе, оның рухани бесігінде тербеліп өсіп, оның тәлім-тәрбиесін алса, өмірінің кейінгі кезеңінде өзі де М. Әуезов сынды болашақ ұлы жазушыға, ғұлама ғалымға рухани аға, ұстаз бола білді.
Басқасын былай қойғанда, Шәкәрімнің “Еңлік - Кебекті” жырлауын, оны М. Әуезовтің алғаш болып сахналануын айтсақ та жеткілікті. Осы орайда көрнекті ғалымдар Ә. Тәжібаев пен Ш. Сәтбаеваның мына бір пікірлерін айта кеткен орынды.
“... Біз бүгінгі қауым адамдары да Еңлік пен Кебекке, оны жырлаған Шәкәрім ақынға қайран қаламыз, оларға қызыға, қызықтай қараймыз.
“Еңлік – Кебекті өзінің атақты драмасына айналдырған, сол арқылы тұңғыш драмашымыз болып танылған Мұхтар Әуезов те Шәкәрім рухына қарыздар екенін ұмытқан емес. Біз мұны бүгінгі жас қауым үшін айта кетуіміз керек”.
Абай мен болашақ ұрпақ алдындағы үлкен рухани көпірдің ролін атқарған Шәкәрімнің М. Әуезовке Абай жайлы, өзі жайлы ғылыми зерттеу еңбектері мен көркем шығармалар жазу үшін көп материалдар бермеуі мүмкін емес.
Қазіргі әдебиет зерттеушілері Шәкәрімнің “Еңлік - Кебек” дастанын оның шығармашылығындағы үлкен белес, қазақ әдебиеті тарихында да өзіндік орын алуға жарарлық шығармалардың бірі деп бағалап жүр.
3. Қазақ даласындағы тайпалардың өзара қарым-қатынастары бір-біріне дүрдараздығы, ру басшыларының қақтығыстары, олардың қоғамға, әсіресе, жастарға зияны туралы Шәкәрім ұстазы Абай тәрізді көп толғанады. Сол қоғамдық кеселді, сұмдықты болдырмау жолын іздеп, қайғылы оқиғаны поэмасына өзек етіп жазу арқылы, ондай озбырлықтың қайталанбауын тілек етіп , ел есіне салуды ойлады. Шәкәрім поэмасында да адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, ел билеушілердің әділетсіз әрекетіне наразылық, қос ғашықтың трагедиясы әсерлі баяндалады. Дүниеге ғашықтық пен ынтызарлық үшін жаралғандай жүректері шұғылалы, ниеттері аппақ, армандары раушан гүліндей таза, көктем көбелегіндей күнәсіз Еңлік пен Кебек батыр қатал заман, қатыгез үкім құрбаны болып, қайғылы қазаға ұшырайды.
Шәкәрім осы қайғылы оқығаны жазудағы мақсатын поэманың соңында:
Жігіттер, бұл өлеңді жазған мәнім,
Емес қой жастықпенен салған әнім.
Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?
Аларсың көп ғибрат байқағаның,-деп, оқырманына ой сала отырып, бітіреді.
№28 – лекция.
Сабақтың тақырыбы. Көкбай Жанатаев- ұлы ақынның үзеңгілес жолдасы, ақын шәкірті
Жоспар:
Көкбай- тарих алдындағы еңбекгі зор ақын.
Абайдың Көкбайға арналған өлеңдері.
Абай өлеңдерінің Көкбай атымен жариялануы.
Көкбай- Абай мектебінің көрнекті ақыны.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
11. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Көкбай Жанатаев- ұлы ақынның үзеңгілес жолдасы, ақын шәкірті.
Көкбай Жанатайұлы 1864 жылы туып, 1927 жылы қайтыс болған. Жасында мсылманша оқуды едәуір өндіріп оқыған соң, Көкбай әншілік, ақындыққа кеп ауысады. Басында айтыс өлеңдерге де жиі араласып, ақындыққа ерте жеткен талапкер жастың бірі болады. Бірақ жігіттікке жете бере қырдағы ән-өлең өнерін, сауығын тастап, Семей қаласына келіп Кәмила хазіреттің медресесіне түседі. Ұзақ жылдар сонда жатып мұсылманша оқу оқиды. Кейін Абай оны әзіл етіп молдалық пен сопылыққа беріліп, әсем әнін, бозбалалықтан кетіп қалды деп сынайды. Көкбай туралы:
Сорлы Көкбай қор болды-ау,
Осыншадан құр қалып...., -дейді.
Жас өнерпаздың діндар медреседе имам, халифелердің алдында мүлгіп жүргенін жақтырмай айтқан.Бірақ Көкбай медреседе өзінше көп оқып, үлкен молдалыққа жетіп алғаннан кейін, Абайға келіп қосылады.Ел ортасындағы бір сайлаудың үстінде Семейдің сол күнгі оязы Көкбай берген бір арыз бойынша оны жазаламақ болды.Сонда өнерлі, оқуы бар жігітті Абай аяп, кепілдікке алады. Осыдан соң Көкбай өмір бойы , Абай өлгенше оның іні-досы, шәкірті боп кетеді.
2. Абай өлгеннен кейін бірталай жылдан соң, жасы ұлғая бастағанда, Көкбай қайтадан бұрынғы молдалығына ауысады. Ел ішінде медресе салып, бала оқытады.Бірақ молдалыққа ауысуымен, Көкбай ақындық еңбекті тастамайды.
1924 жылдан бастап Абайдың өмірбаянын жазушыларға және барлық толық жинағын құрастыруға Көкбай барынша зор көмек еткен еді. Абайдан қалған мұраның қазақ оқушыларына толық жинақ боп құралып шығуына анық еңбек сіңірген кісінің бірі-Көкбай...
1909жылы Кәкітай бастырып шығарған жинақ Абай еңбектерінің жарым көлеміндей ғана еді. Көкбай қолжазбада сақталған шығармалар ғана емес, өзінің жадында жүрген, біржола жоғалып кетуге мүмкін болған Абайдың өлеңдері мен кейбір шумақтар, жолдарды хатқа түсіріп, ұлы ақынның өзге мұраларының қатарына қосты.
3. Онан соң Абайдың өмірбаянын толық етіп жазуда да Көкбай айтып берген материалдар аса көп еді. Олар құнды деректер болатын. 1933 жылы құрастырып жазған алғашқы толық өмірбаянның көп фактілері Көкбайдың аузынан алынған.Абайдың көп өлеңдеріне кейінгі толық жинақтарда беріліп жүрген қосымша түсінік, деректердің көптен-көбі және де сол Көкбайдың айтуынан алынған-ды. Міне, Көкбайдың қазақ әдебиет тарихына келтірген осындайлық кесек пайдасы бар. Ол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие ғып шығарады. Тек бертін келіп, “Жаз” өлеңін жазған соң ғана Абай барлық өзі шығарған өлеңдерін өз атына ауыстырып алады.
Көкбай Абайдан кейін 20 жылдан аса өмір жасап, сол соңғы дәуірінде көп шығармалар жазады. Ұстаз ақын Абайдың шығармаларына аты кірген шәкірт ақынның өзі де жалғыз ғана Көкбай болатын.
Ән үйренген ырғалып,
Өлең жиған тырбанып,
Сорлы Көкбай қор болды-ау,
Осыншадан құр қалып, деген жолдарды біз Абайдың 1909 жылы шыққан ең алғашқы жинағының өзінен де ұшыратамыз. Кейін келе Абай:
Сорлы Көкбай жылайды,
Жылайды жа жырлайды.
Ол жыламай қайтып тұрады,
Мынау азған қу заман,
Бір қалыпта тұрмайды.
Біреу малды ұрлайды,
Біреу басты қорлайды,
... болмаған соң
Жылауына зорлайды,-
деген өлеңді де Абай өзінің ет бауырындай жақын көрген сырлас ақын ініге аса бір мұңдас жылылықпен үн қатады:
Бұдан басқа “Бұралып тұрып” деген өлеңінде Көкбай досына әзіл-сын ретінде әдейі арнап айтады. Ал кейін Көкбай шығарған өлеңдерді алсақ, бұл жағынан да Абайды үнемі өзіне ұстаз, аға тұтқан Көкбай барын айқын танып отырамыз.
Жәннатта жайың болғыр Абай құтып,
Қасында бос жүріппіз шатып-бұтып.
Осындай ен дарияны жайлағанда,
Тым болмаса қалмаппын қана жұтып,-
деген жолдармен Көкбай да Абайдың ақындық ұясы мен бауырында өмір кешкен жан екенін жыр етеді.
Абай мектебінің кейіннен қосылатын елеулі, ірі талантты, үлкен ақынның бірі- Әріпке айтқан сәлем сөзінде Көкбай тағы да Абай жайын толғайды:
Семейге Абай келсе бізде думан,
Ән салып босамаймыз айғай –шудан.
Бас қосу, бақастасу, мәжіліс құру,
Секілді бір ғылымның жолын қуған.
Тарихтан неше түрлі Абай сөйлеп,
Өзгелер отырады аузын буған.
Бір барсаң мәжілісінен кеткің келмес,
Кәкімдей Афлатон аңырап тұрған.
Келбеті біліміне лайықты,
Япырау, мұндай адам қалай туған,-
дейтұғын үзінділерде Көкбай ұстаз ақын Абайдың қауымында жүрген басқа шәкірт ақындардың да барлық шынын, дәл қалпын бейнелейді.
4. 1950 жылдары Абайтану тарихында М. Әуезовті қаралаудың Абайдың ақын шәкірттеріне байланысты жаңа бір кезеңі туды десек, ондағы үлкен пікір таласы, дау-дамай, негінен, ұлы ақынның үзеңгілес жолдасы Көкбай Жанатаев тұрғысында еді.
М. Әуезов, ең әуелі, Көкбайға діндар, керітартпа, реакцияшыл деп кінәлаушылардан оны арашалап алуды мақсат еткенге ұқсайды. Көкбайды ақтау үшін оның Абайдың өмірін жазушылар мен толық жинағын құрастырушыларға үлкен көмек көрсеткенін тілге тиек етіп, оны тарих алдындағы, халық алдындағы зор еңбек деп бағалайды.
Екіншіден, өз заманында Абай мен Көкбайдың жан жолдас, айнымас дос, бір-біріне рухани жақын адамдар болғанын, Абайдың оның жүйрік ақындығын жоғары бағалап, өз өлеңдерін сол аса талантты шәкіртінің атынан шығарғандығын және оған арнап ұстаз ақынның өзінің де бірнеше өлең шығарғандығын атып өтеді.
Үшіншіден, Көкбайдың Абайдың өзі барда да, кейін дүниеден өткенде де оны қадір тұтқан қалпынан айнымағындығын, талай айтыстарында, сөз жарыстарында , естеліктерінде, өлеңдерінде үнемі Абай жайын айтпай, толғамай өтпейтінін айтады.
№29- лекция.
Сабақтың тақырыбы. Ақылбай – Абайдың көрнекті ақын шәкірті, тұңғыш ұлы.
Жоспар:
1. Ақылбайдың шығармашылық өмірбаяны.
2. «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңінің мәні.
3. Ақылбай дастандарының идеялық-тақырыптық мазмұны.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
11. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1.М. Әуезов өзінің «Абай Ибраһиим) Құнанбайұлы» атты монографиясының көлемді тарауын Абайдың көрнекті шәкірті, тұңғыш ұлы Ақылбай шығармаларына арнайды. Зерттеуші Ақылбай шығармаларын талдамас бұрын оның өмірі туралы қысқаша деректер келтірген.
Ақылбай Абайдың 16 жасында дүниеге келген алғашқы әйелі Ділдәдан туған тұңғыш баласы екендігін, балалық және жастық шағын үлкен әкесі Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші әйелі Нұрғанымның қолында өткізгендігін, сондықтан оның Абайға көбінше іні есебінде қарап өскендігін айтады. Жас кезі Абайдай әкеден аулақта өткендіктен, Ақылбайдың орысша оқи алмай қалғандығын, оның оқу-білімі, ауылда оқыған мұсылманша оқудың орта дәрежесі екендігін зерттеуші ескертіп өтеді. Ақылбайдың өмірі туралы М. Әуезовтің зерттеу еңбектерін негізге ала отырып, Қ. Мұхамедханов Абайдың ақын шәкірттері туралы зерттеулерінде оның өмірбаяндық деректеріне кеңірек тоқталған. Оның айтуынша, Құнанбай Ақылбайды үйлендіріп, енші бөліп береді де, бір ауыл етіп қояды. Жас кездегі біраз жылын ол сауық-сайранмен өткізеді, Құнанбайдың атағына нағашылварының аруағына масаттанып, сондай мазмұндас өлеңдер шығарып, Ақылбай Абай маңына жуыңқырамай сирек қатынап жүреді. Ол ақ көңіл, бір іске беріліп кетсе, асқан қабілет те таныта алған.
2.Ақылбайдың аңқаулығын дұшпандары пайдаланып, әке мен бала арасына от жағып, екеуін ажыратып жіберген кездері де болған. Абай оның әдеттеріне, мінездеріне кейіп, «Ата-анаға көз қуаныш» деген өлеңін шығарады.
Абай өлеңінде:
Ата – анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі.
Еркелік кетті,
Ер жетті,
Не бітті?
Тәңірі сорлы етсе бенде,
Не бітірер құр жылап.
Жігері жоқ ақылы кенде,
Жамбасыңнан жат сұлап!
Бір жаман мен бе?
Дедің бе,
Көңіліңде? – деп, жігіт ағасы болып қалған Ақылбайға үлкен ой салады. Ақылбайға Абайдың ақындығын, ақылшы ұстаз екендігін танытып, оның тәрбиесіне ауысуына себеп болған.
Бұл Абайдың үлкен білімдар, атақты болған кезі еді. М. Әуезов Ақылбайдың осы кезде Абайдың ақындығына тәнті болып, оның үлгі - өнегесінің, қасиетінің ықпалымен өз бойындағы ақындық қуатын жарыққа шығара бастағандығын айтады.
Ақылбай алғашқыда ақындығын қысқа өлеңдер шығарумен байқатып жүрсе, кейін бірнеше үлкен поэма жазды. Ақылбай Абайдың ортасына араласқан соң ән-күй, музыка өнеріне ден қояды. Ол шебер домбырашы әрі скрипкашы болған. Сонымен қатар, Ақылбайдың өз жанынан ән шығаратын компазиторлық таланты да бар еді.
3. М. Әуезов өзінің аталмыш монографиясында Ақылбайдың жазып шығарған үш поэмасы бар екендігін айтып, оның алғашқысы «Жаррахтың» мүлде жоғалып кеткендігін, «Зұлыстың» бас жағы ғана сақталғанын, аман-есен жеткені жалғыз «Дағыстан» поэмасы екендігін көрсетеді. Зерттеуші Ақылбайдың поэмаларын өмірінің соңғы кезеңінде шығарғандығын, ақындық талантын ірі үлгілер мен кесек еңбектер тудырып таныта бастаған шағында, ақындық өнерінің жаңа өрлеп келе жатқан кезінде, әкесі Абайдан кейін 40 күн ғана өмір сүріп қаза болғанын өкінішпен жазады. Бұдан кейін «Дағыстан» поэмасына тоқталып, оған жан-жақты талдау берген. Әуелі поэманың тақырыптық өзгешелігі, сюжеттік желісі туралы сөз болады.М. Әуезов: «Ақылбай осы шығармада қазақ ақыны бола тұрып, тақырыпты қазақ тіршілігінен ұзап барып, өзге ел тұрмысынан алып жазады. Абайдың антик дәуірінен Ескендір, араб ескілігінен Масғұт тақырыбын алып, ұлттық шеңберден кеңірек өріс іздеген дәстүрін танытады... Бұл поэма Кавказдағы Дағыстанда болған бір тартыс әрекетті баян етеді,» - дейді де, онан кейін шығарма сюжетін қысқаша мазмұндай отырып, поэмаға талдау жасайды.
Поэмада кең орын алатын табиғат суреті Абай аударған Лермонтовтың «Теректің сыйы» деген өлеңін еске түсіретінін зерттеуші орынды атап өтеді. Кавказда атып келе жатқан таң көрінісі, жайқалып, мың құлпырған гүл-бәйшешек, сұлулыққа тамсанып сайраған бұлбұл үні – бәрі де ерекше бояулармен көз алдыңнан өткендей болады.
Сол әсем табиғат аясында өмір кешіп жатқан тау халқының, Дағыстан елінің әдет-ғұрпы, мінезі сипатталады, қазақтан өзгеше жұрт екендігі айтылады. Ақылбай суреттеуінде таулықтар кекшіл, ашушаң, қатал ерлігі бар, суық мінезді, қанжар жұмсағыш, қанға қан деген серттің адамдары болып сипатталады.
М. Әуезов поэма оқиғасының қызғылықты баяндалатынын жоғары бағалады. «Сюжет құрылысындағы Ақылбайдың бұл поэмасы анық орыс классик поэзиясындағы қызықты оқиға туғызу дәстүрін шебер түрде жалғастырған,» - деп атап өтеді.
М. Әуезовтің зерттеу еңбектерінің нәтижесінде Ақылбай бүгінгі ұрпаққа Абайдың ақындық мектебінен тәлім-тәрбие алған талантты ақын шәкірттерінің бірі ретінде танылып отыр. Ақылбай «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары арқылы қазақ әдебиетінде тіпті ұлы ақын, ұстаз ақын Абайдың өзі жазбаған үлгідегі шығармалар тудырды.
Егер Абай туған топырағындағы және әлемдік мәдениеттегі реалистік әдебиеттің ұлы дәстүрлерін өзіне үлгі етіп алса, оның ақын шәкірттері сол ұстаз ақынның нұсқауымен батыстың романтикалық стиліне көбірек назар аударған.
Ақылбай поэмалары мазмұны жағынан да, түр жағынан да сюжеттік композициялық құрылысы тұрғысынан да батыстың классикалық поэзиясы үлгілерінен кем түспейді. Олай дейтініміз, М. Әуезовтің өзі айтқандай, Ақылбайдың суреткерлігінде батыстың классик ақындары тәрізді ең әуелі кеңдік, үйлесімділік, дәлдік нақтылық бар.
Екіншіден, Ақылбай сюжет құруға шебер ақын. Ол батыс әдебиетіндегі қызықты оқиға туғызу дәстүрін жетік меңгерген. Өз шығармаларында фантастикалық және жартылай ертегілік элементтерді тиімді пайдалана алған.
№ 30 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Мағауия – Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы талантты шәкірті
Жоспар:
1. Мағауия- Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған шәкірті.
2. Мағауия- классикалық поэзия үлгісін тудырушы ақын.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
11. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А., 1994
12. Тәңірбергенов Ә. Ұмытпаңыздар мені. –А., 1971
Лекция мәтіні:
1. М. Әуезовтің Абай жайлы монографиясындағы тағы бір тарау ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, талантты шәкірті Мағауияның шығармашылығына арналған.
Мағауия Әбішке арнаған көңіл шері, жастық, сүйіспеншілік, махаббат туралы өлеңдерінен басқа Абайдың ақыл-кеңесімен, берген материалдардың негізінде «Еңлік - Кебек», «Абылай» және «Медғат – Қасым» поэмаларын жазған.
М. Әуезов «Еңлік - Кебек», «Абылай» поэмаларының қолжазба күйде сақталып, оқушыларға тарамағандығын айтады. Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы «Медғат - Қасым» оның ақындық ерекшелігін анық, айқын көрсеткендігін атап өтеді де, поэмаға тақырыптық тұрғыдан образдар жүйесі бойынша және сюжеттік желісі негізінде тұтас талдау жасайды.
2. Мағауияның «Медғат -Қасым» поэмасының тақырыбы Ақылбайдың «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары тәрізді қазақтан жырақ алыс ел өмірінен алынған. Поэмада Африка елінің болмысынан алынған оқиғалар сөз болады. М. Әуезов Мағауияның да Ақылбай тәрізді Европа және орыс классик поэзиясынан үлгі алғандығын, оның «Медғат - Қасым» поэмасы Пушкиннің «Бақша сарай фонтаны», «Бастунжи ауылы», «Ашик - Кериб» сияқты түстік поэмаларын және Байронның шығыстық поэмаларын еске түсіретіндігін атап өтеді.
Зерттеуші поэманың қысқаша оқиға желісін баяндап өтеді де, «Медғат – Қасымда» оқиға құруда Европа және орыс классик поэзиясындағыдай нақтылық, дәлдік басым екендігін көрсетеді.
Өмірлік дәлдік демекші, поэма жалпы романтизм сарынындағы шығарма болғанымен, оның реалистік шындықпен өмірге жанасымды, қонымды тұстары да бар. Мысалы, Қасымның Мұрат бай мен Медғаттан кек алу мақсатымен қарақшылық жолға түсіп кеткеніне дейінгі оқиғалардың суреттелуінде реалистік сипаттар мол.
Поэмадағы романтизм бойын кек алу сезімі билеп алған бас қаһарман Қасымның ой-қиялынан, мінез-құлқынан, іс-әрекетінен жан-жақты көрінеді. Ол сезім Қасымды үнемі күтпеген іс-әрекетке, дағдыдан тыс оқиғаларға жетелеп отырады. Қасымды романтикалық қаһарман етіп тұрған да осы сезім.
М. Әуезов поэманы егжей-тегжей талдай отырып, оны анық классикалық поэзияның үлкен үлгісі деп бағалайды.
«Медғат - Қасымнан» бұрын Мағауия ақын ағасы Шәкәріммен жарысқа түскендей болып, «Еңлік – Кебекті» көркем шығарма ретінде жеті нұсқасы бар дейтін болса, оның екеуі поэма екен. Оның бірі - жоғарыда талданған Шәкәрімнің дастаны болса, екіншісі – осы Мағауиянікі. Бұл жолы да тақырыпты шәкірт достарына ұстаз ақын Абай берген болатын.
М. Әуеэов «Еңлік – Кебек» поэмасын жанрлық тұрғыдан алып қарағанда, махаббат драмасы болып табылатындығын айтады. Мағауияның махаббат трагедиясына, Еңлік пен Кебектің өліміне, жазықсыз сәбидің жетім қалуына себепкер болған адамдар тұлғасын жасағандығын, қатал заманның бет бейнесін ашқандығын атап көрсетеді.
Поэмадағы бас кейіпкерлер Кеңгірбай би, қос ғашық Еңлік пен Кебек және т.б. кейіпкерлер өмірде болған адамдар.
М. Әуезовтің шәкірті Қ. Мұхамедханов ұстазының осы пікірлерін жалғастырады.
М. Әуезовтің Мағауия шығармашылығы мен оның әдебиет тарихынан алатын орны жайлы пікірлері бойынша мынадай ғылыми тұжырымдар жасауға болады:
Мағауия – ұстаз берген ақыл – кеңес, тақырып бойынша көп ізденген, өзінің қоғамдық идеяларын ірі мәдениетпен үлестірген білімдар ақын.
Мағауияның «Медғат - Қасым» поэмасы қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың соңында туған Пушкин, Лермонтовтың түстік, Байронның шығыстық поэмалары тәрізді романтизм үлгісіндегі озық идеялы, көркемдігі зор соны шығарма. Поэманың құндылығы, ең әуелі, оның негізгі кейіпкері Қасым бейнесінің сомдалуынан көрінеді.
«Медғат – Қасым» - ішкі мазмұны жәнінен ғана емес, сондай-ақ сыртқы пішіні, стилі, тіл көркемдігі жөнінен де нағыз классикалық поэзияның үлгісі бола алатын шығарма.
Сонымен Мағауияны М. Әуезов айтқандай, ұлы Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған, оның ақындық дәстүрін жалғастырушы талантты шәкірті деп айтуға толық хақылымыз.
№31 – лекция.
Сабақтың тақырыбы. Әріп Тәңірбергенов – ұлы Абайдың шәкірттерінің бірі, талантты ақын
Жоспар:
Әріп-Абайға ой санасы жақын ақын.
Абай мен Әріп шығармаларының сабақтастығы.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
11. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А., 1994
12. Тәңірбергенов Ә. Ұмытпаңыздар мені. –А., 1971
Лекция мәтіні:
1. М.Әуезов 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш өмірбаянында да Әріп есімін Абайдың ақын шәкірттерінің қатарында ауызға алады. Зерттеуші Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңінде сыналған ақындардың бірі осы Әріп екенін, оның бұған қатты намыс қылып кектеніп, Абайдан есесін қайтармақ болып, «Біржан – Сараның» айтысын шығарғандығын айтады. Бірақ арада он бес жыл уақыт өткеннен кейін М. Әуезов өзінің алғашында айтқан: «Біржан - Сара» айтысын шығарған Әріп. Біржан, Сара Әріпке әншейін ойдан шығарған геройлар есепті ғана керек...» - деген пікірінен қайтып қалады. Абайдың ақындық айналасын жетік білген Әуезовтің Әріп туралы әр кезде әр түрлі пікір айтуына не себеп болды деген сұрақ туады. «Жазушы мұндай өзгеріске саналы түрде барған сияқты, алғашқысы қалтықсыз көңілден шыққан шын ойы болса, екіншісін уақыт талабына, заман ауқымына қарай амалсыз жасалған жүріс деп білеміз».
Әріптің Семей уездік училишесінде оқып жүрген жылдары (1877-1881) Абайды көріп-біліп ұстаз ретінде таныған уақыты. Әр жыл сайын Семейге ұзақ уақытқа келіп, кітапханада болып, Михаэлис сияқты достарымен, қалада оқып жүрген қазақ шәкірттерімен Абайдың бас қосып мәжіліс құрып тұратан әдеті болғаны мәлім. Ұлы ақынның мұндай мәжілістерінің мән-жайы бізге Көкбай ақынның өлеңдерінен белгілі.
Әріп те Абайдың мәжілістеріне қатысып жүріп, оның тарих, әдебиет, өнер-білім жайында айтқандарын есітіп, біліп, ұққандарын көңіліне түйіп, ұлы ұстаздың тағылымымен өнер жолына мықтап түседі, өлең жазумен қатар оқиғалы шығармалар жаза бастайды. Абайдай өлең сөздің құдіретіне айналған тағылымы мол ұстаздан дер кезінде үлгі-өнеге көрген Әріп осы кезден бастап өмір бойы қолынан қаламын тастамай шығармашылықпен айналысады, артына мол, талантты дүниелер қалдырды.
Әріптің басқа ақын-шәкірттерге қарағанда өмірі де өзгешелеу болды. Ол Шәкәрім, Ақылбай, Көкбай, Мағауия сияқты үнемі Абай қасында бола алған жоқ. М. Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» (1934) деген мақаласында Әріптен басқа осы төртеуін атауы да сондықтан шығар.
Ақындық сапарын ерте бастаған Әріп шығармаларының тақырыбы да сан алуан.
2. Ақын шығармашылығындағы М. Әуезов назар аударған ғылым, еңбек, әйел халі және елге жуандық жасаушы содырлар туралы өлеңдеріне біраз тоқталмақпыз. Әріптің осы тақырыптағы шығармаларының дені оның ақындық шеберлігі толысып кемеліне келген кезі 1890 жылдары жазылған болатын. Бұл оның өлеңдерінің идеялық мазмұны тереңдей түскен, ұстаз ақынның әдебиеттегі реалистік дәстүріне жақын келген тұсы еді. Әріптің «Еңбек туралы» деген көлемді өлеңі айтар ойы, идеясы жағынан ұстазы Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Сегі аяқ» өлеңдерімен мазмұндас. Абайдың бұл өлеңдеріндегі елге қойған бір кінәсі «жақсы мен жаманды айырмадың» болып келсе, Әріпте:
Адалды – адал, арамды – арам демей,
Қара Жаһил надансың, қасқыр түсті.
Шындығында қазақты құртып келген бір кесел – жақсы мен жаманды, арам мен адалды айыра алмайтын надандық екені белгілі. Әріптің осы өлеңіндегі:
Күн ұзын ел қыдырып, сумен қағып,
Өтірік пен өсекке судай ағып,
Екі табақ ет жесең еліресің,
Жерден алтын тапқандай масаттанып.
Терлеп еңбек істерлік біреуің жоқ,
Бар әдетің бос жүрген пәле бағып, - деген шумақ Абайдың«Сабырсыз, арсыз еріншек»өлеңіндегі аңдығаны тек өсек пен өтірік, іздегені пәле, шаруаға қырсыз, даңғой, мақтан құмар адамдарды сынайтын шумақтарын еске түсіреді.
Әріп те ұстазы Абай сияқты еңбек етпей, елді алдап, ұрлық-өтірік, қулық-сұмдықпен күн көрушілерді батыл әшкерелейді. «Еңбек туралы» өлеңінен соң Әріп өз заманындағы әйел халін суреттейтін «Қалың мал туралы» өлеңін жазады. Әйел теңдігі ежелден халықтың көкейкесті арманы еді. Бұл мәселе халық поэзиясында да, XIX ғасырдағы Абай бастаған жазба әдебиетке де көрсетілген әлеуметтік тақырыптардың бірі болатын. Әріптің бұл өлеңі де Абайдың осы тақырыптағы «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңімен сарындас. Абай өз өлеңін жас қызды кәрі шалға беру тәрізді ел ішіндегі сорақылыққа қарсылық ретінде жазғаны белгілі.
М. Әуезов Әріпті Абайға жақындастыра түсетін оның елге зәбір көрсетуші озбырлар жайлы сыншыл, сатиралық өлеңдері деп атап көрсеткен болатын. Ақын «Қабанбайға», «Найман Серікбай қажыға», «Қалыбек биге айтқаны», «Байтоқаның қызына», «Тәуірбек болысқа», «Қапылдың тірлігі» және т.б. өлеңдерінде замандастарының жағымсыз қылықтарын үнемі әшкерелеп отырған, қаймықпай батыл сөйлеп, өзінің оларға деген көзқарасын үнемі ашық білдірген. Әріптің бұл өлеңдеріндегі мысқыл, әжуа Абайдың осы тақырыпта жазылған «Мәз болады болысың», «Болыс болдым мінекей», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңдеріндегі уытты сатирамен ұштасып отырады. Әріп сатирасының бір өзгешелігі олар көлемі жағынан шағын, алғашқы шумақтар кекесін мен келемеж түрінде келеді де, олар соңғы шумақта өткір сатираға айналып, түйінді ой ашық айтылады. Әріп ақынның мұнан да басқа көркемдік, реалистік сипаты жөнінен ұстазы Абаймен үндесетін шығармалары мол. Жоғарыда сөз болған өлеңдер Абай шығармаларымен көбіне мазмұн жағынан ғана үйлесіп келсе, «Нәпсіге», «Дүние туралы», «Албырып өскен жігіттік» деген өлеңдері ұлы ақынның «Әсемпаз болма әрнеге», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» және т.б. өлеңдерін көркемдік қадір – қасиеті, сөз қолданысы, сыртқы, ішкі ұйқас, буын, бунақ, тармақ, дыбыс әуезділігі жөнінен де еске түсіреді.
Абай өлген соң, арттағы жас қауым ендігі жерде Әріп ақынды ұстаз тұтқан сияқты. 1924 жылы Әріп қайтыс болғанда, оның шәкірттері көптеген жоқтау өлеңдерін шығарып, ақын есімін құрметтеп еске алады. Әріптен тікелей дәріс алған Шұғыбан Қауметов:
Абайдың ізін басқан данышпаным,
Аянбай надандықпен алысқаным.
Орыс, қытай, араптың тілін біліп,
Ғылымның шыңына өрлей ғарыштадың, - деп жоқтаса, сол кезде жиырма жастан жаңа асқан жас ақын Шәкір Әбенов оны:
Ғылымнан он екі пән хабардар боп,
Кеудеңе түсіп еді күн дидары, - деп сипаттайды.
Абай дәстүрін жалғастыру ісі оның өз айналасынан осылай басталғанымен еш уақытта бұнымен толастамайды. Академик З. Ахметов айтқандай, ол «... одан кейінгі кезеңдермен, қазіргі әдеби процеспен ұласып жатыр». Біз бұл зерттеуде Абайға бірден-бір жақын тұрған, тікелей мирасқор болған ақын-шәкірттер – Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Әріп шығармашылығы жайында М. Әуезов зерттеулері тұрғысынан ғана сөз қозғадық.
№ 32 -лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың ақын шәкірттері М. Әуезов еңбектерінде
Жоспар:
1. Ұлы жазушы мұрасын танып, бағалауда әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі.
2. Абайтану проблемалары.
3. Абайдың ақындық мектебі туралы.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
11. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А., 1994
12. Тәңірбергенов Ә. Ұмытпаңыздар мені. –А., 1971
Лекция мәтіні:
1. Адамзаттың көркемдік дамуы тарихында әлем таныған классиктер санатындағы ұлы суреткер болуымен қатар Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақ әдебиетінің тарихы, Абай мұрасы, халық ауыз әдебиеті жайлы ұлан-ғайыр еңбектер жазған бірегей зерттеуші, ғұлама ғалым да болды. Оның өмірі мен шығармашылығы аз зерттелген жоқ. Болашақ үлкен қаламгердің тырнақалды шығармалары 1917 жылы жазылып, жарияланып жұртқа белгілі бола бастаса, ол жайлы алғашқы мақалалар да сол 1917 жылдан бері жарық көре бастады. Белгілі мұхтартанушы ғалым К. Сыздықов М. Әуезов жайлы «мақала еңбектердің жалпы ұзын саны екі-үш мыңдай, оның ішінде арнайы кітап болып жазылған сын-зерттеу, деректі көркем шығармалар жиырма-отыздзай бар» - деп көрсетеді.
Солай бола тұра М. Әуезов шығармашылығының беймәлім тұстары да жоқ емес. Солардың бірі – Абайдың ақындық мектебі туралы проблема. Ұлы Абай жайлы романдарын жазу үстінде әрі әдебиеттану ғылымындағы абайтану саласын негіздеп қалыптастыруда М. Әуезов әрі жазушы, әрі зерттеуші ретінде талмай ізденіп қыруар еңбек етті. Әдебжиет тарихында бір тақырыпты бұлай ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеу әрі ол тақырыпқа теңдесі жоқ көркем туынды арнау өте сирек кездесетін ғажайып құбылыс.
2.М. Әуезов осы тақырып төңірегіндегі ұзақ жылдар бойы үздік – создық жүргізген зерттеулерінің негізінде ғылымда Абайдың ақындық мектебі туралы концепцияны ең алғаш болып ұсынды. 50-жылдардың басында сталиндік режимге арқа сүйеген тұрпайы социологиялық таным иелері оны жоққа шығарып, әдебиетке, ғылымға өрескел қиянат жасады. Бұл тұжырымды негіздеген М. Әуезов пен оның шәкірті Қ. Мұхамедхановты айыптап, қуғын-сүргінге салды.
Жазушының Абай мектебі, ақын шәкірттері жайлы ойлары мол көрініс тапқан көркем шығармасы «Ақын аға» романы да зерттеушінің жоғарыдағы мәселе туралы ғылыми еңбектерінің кебін киді. Роман социалистік реализм, әдебиеттің партиялылығы, таптығы принциптері тұрғысынан бір жақты сыналып, іске алғысыз дүние ретінде бағаланды. Оған әдебиеттану ғылымының нысанасы, көркем туынды ретінде теориялық жағынан терең талдау берілмеді. Әуезов романның сыналған тұстарын өзгертіп, жаңа нұсқасын жазып шығуға мәжбүр болды.
«Абай жолы» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқы өмірінің айнасы, XX ғасырдағы әлем әдебиетіндегі ең үздік шығармалардың бірі, мәңгілік мұра, ғасырлық туынды деп танылды.
Мұхтартанушылардың дені өздерінің зерттеу нысанасы етіп оның «Абай жолы» дәуірнамасын алды. Үшінші кітаптың алғашқы нұсқасы «Ақын аға» романы М. Әуезов шығармашылығындағы үлкен бір олқылық ретінде еске алынбады. Өйткені бұл «... бұқаралық ақпарат құралдары қатаң бақылауға алынған, кейбір проблемаларды жазуға тыйым салынған, сынауға болмайтын аймақта пайда болған» адамның жеке басына табынудан кейінгі әлі де «айтқызбасың айтқызбайтын» тоқырау жылдары болатын.
Халық тарихы қайта таразыланып жатқан дәл қазіргі кезеңде өткендегі әдеби мұрамызға көзқарастар жаңғыра бастады. М. Әуезовтың «Ақын аға» романы да, 1929 жылы жазылған «Хан Кене» трагедиясы да, 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» атты зерттеу еңбегі де жаңа көзқарас тұрғысынан әділ бағасын алуы тиіс. Жарық көрісімен солақай сынның қысымына ұшырап, тыйым салынған есебінде болғандықтан, кезінде бұл шығармаларды оқыған бар, оқымаған бар. Арада ол шығармалардан мүлде бейхабар жаңа ұрпақ өсіп жетілетіндей уақыт өтті.
Ұлы жазушы мұрасын танып бағалауда әсіресе әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі айтарлықтай. Оның көш басында алдыңғы буын өкілдері С. Сейфуллин, І. Жансүгіров сынды қаламдас ағалары, Ғ.Мүсірепов, М. Қаратаев, Б. Кенжебаев, Ә. Тәжібаев сынды замандас інілері тұрды. Олардың бұл дәстүрлерін кейінірек Е. Ысмайлов, М. Фетисов, Т. Нұртазин, Қ. Жармағамбетов, З. Кедрина, Е. Лизунова, А. Нұрқатов, З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, Р. Бердібаев, Б. Құндақбаев, Л. Әуезова, Х. Әдібаев, Ә. Байтанаев, Р. Нұрғалиев, М. Мырзахметов, К. Сыздықов, Б. Майтанов, Т. Әкімов, Т. Жұртбаев т.б. зерттеушілер жалғастырып келеді. Осы орайда М. Әуезов мұрасының әр түрлі саласынан монографиялық еңбектер жазылып, арнайы жинақтар құрастырылып, кандидаттық, докторлық диссертациялардың қорғалып жатқандығын да айтуымыз керек. Алайда мұхтартанушылар тарапынан Әуезовтің ғылыми зерттеушілік қызметі көркем творчествосына қарағанда аз қарастырылды.
Бұл саладағы қомақты зерттьеулер М. Мырзахметовтың “Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары”, К. Сыздықовтың “Мұхтартанудың беймәлім беттері” атты монографиялық туындылары. Ғалымдардың бұл зерттеулерінде Әуезовтің абайтанудың негізін қалаудағы, әдебиет тарихын жасаудағы, әдебиет сыны мен көркем аудаврма саласындағы еңбектері кеңінен сөз болады.
3. Студенттерге ұсынылып отырған бұл курста М. Әуезов шығармашылығының кейбір ақтаңдақ сәттері айқындалады. Қаламгердің Абайдың ақындық мектебі туралы ғылыми пікірлерінің 50-жылдардың басында ғылымға қарсы, буржуазиялық объективтік концепция, өрескел саяси қате деп бағалағандығының сыры ашылады.
Абай айналасында талантты ақын шәкірттерінің болғандығы, бұл концепцияны Әуезовтың ұзақ жылдар бойы зерттеп, ғылыми тұрғыдан тұжырымдап бергендігі дәлелденеді.
Ұлы ақын өмірінің ақырғы жылдарын, оның есейген шағындағы і згілік пен әділет үшін күресін көрсетуді мақсат еткен “Абай” трагедиясында, осы аттас операның либреттосында, кинодрама, әдеби сценарийлерде М. Әуезовтің Абайдың ұстаз ақын ретіндегі ақын шәкірттерімен қарым-қатынасын көрсетуге көңіл бөлгендігі, шәкірттер тағдырын көрсетуді мақсат еткендігі айқындалады.
М. Әуезовтің Абай мектебі мен ақын шәкірттер жайлы ой тұжырымдары мол көрініс тапқан романның үшінші кітабының екі нұсқасы салыстырылып талданады.
Кемеңгер жазушы, бірегей зерттеуші М. Әуезовтің Абайдың ақындық мектебі туралы ғылыми концепциясы оның көркем шығармаларындағы көрінісімен тұтастырыла зерттеліп, тың қырынан қарастырылады.
№ 33 -лекция.
Cабақтың тақырыбы: Абайдың ақын шәкірттері.М.Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектерінде
Жоспар:
«Абай ақындығының айналасы» (1934) мақаласының мәні.
«Абайдың идеялық-мәдени ізденулері» (1939) еңбегінің маңызы.
«Абайдың ақындық мектебі туралы» (1944) тезисінің тарихи-ғылыми мәні.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4. Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995
Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997
Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
°áäi¹àçèåâ Á. Àñûë àðíà. Àáàé ä¸ñò¾ði æ¸íå ظê¸ðiì. À., “²àçຠóíèâåðñèòåòi”,1992
Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-
áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988
Лекция мәтіні:
1. Өзінің шығармашылық өміріндегі екі жақты – жазушылық әрі ғылыми қызметі туралы көп қырлы дарын иесі М. Әуезов былай деген еді: “...Жазушының тарихи тақырыпта шығарма жазуы, ең алдымен, ғылыми зерттеушілік ұзақ еңбекті қажет етеді. Әуелде мен Абайдың өмірбаянын толықтырып жазған едім. Сол жұмыстың кезінде кейін жазылатын романға керекті деректің бірталайы қолыма түсті...
Екі саладағы еңбек біріне-бірі сүйеніш болып жалпы Абай жайындағы білімімді толықтыра түсетіндей болу керек деген қорытынды ниетке бекідім”.
Кейбір ғалымдар “Абай жолы” эпопеясының өзін Абай мұрасын зерттеу жөніндегі терең ғылыми еңбекке бергісіз деп есептейді.
М. Әуезов Абай өмірі мен творчествосы туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын және ұлы ақын жайындағы көркем туындыларын сегіз түрлі күрделі проблема тұрғысынан жүргізіп отырған.
Солардың бірі – қаламгер шығармашылығынағы Абайдың ақындық мектебі туралы тақырып. Кейін осы тақырыпты ұзақ жылдар бойы арнайы зерттеген белгілі ғалым Қ. Мұхамедханов: “Абай төңірегіндегі ақындарға бірінші көңіл аударып, оларды ғылыми, зерттеу ісіне алғашқы жол ашып, негіз салған Мұхтар Әуезов болды”, - деп атап өтеді.
Шындығында, М. Әуезов өзінің ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы монографиясының барлық нұсқаларында, 1934 жылы жазылған “Абай ақындығының айналасы”, 1939 жылы жазылған “Абайдың идеялық-мәдени ізденулері” атты мақалаларында, 1944 жылы жазылған “Абайдың ақындық мектебі туралы” деген тезисінде және т.б. еңбектерінде бұл тақырыпты ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.
2.1918 жылдан бастап “Абай жөніндегі ең қызықты, ең соны және әдебиеттік прогресс ретіндегі ірі мәселе – Абайдың ақын шәкірттері”, - деп ұзақ жылдар бойы зерттеп тұжырымдаған концепциясы 1950 жылдары жоққа шығарылып, әдебиетке, мәдениетке, ғылымға өрескел қиянат жасалды. Бұл тұжырымды жақтаушылар қуғындалды.
Осы оқиғадан кейін М. Әуезовтің Абай мектебі, ақын шәкірттері жайлы ой тұжырымдары мол көрініс тапқан көркем шығармасы “Ақын аға” романы да зерттеушінің жоғарыдағы мәселе туралы ғылыми еңбектерінің кебін киді. “Ақын аға” аяусыз сын соққысына ұшырап, іске алғысыз дүние есебінде танылды. М. Әуезов Қазақ ССР Ғылым академиясының мүшелігінен шығарылды, университтеттен қуылды. Қайым Мұхамедханов халық жауы ретінде тұтқынға алынып, 25 жылға сотталды.
Абайдың ақындық мектебі деген тұжырымды жоққа шығарушлар оны ғылымға қарсы буржуазиялық концепция деп тарих бетінен қаншама сызып тастағысы келгенімен де, бәрібір анық объективтік шындық екендігін өмір, уақыт көрсетіп отыр.
3. М. Әуезов Абайдың әдебиет мектебі туралы айтпас бұрын әуелі Абайдың әдеби ортасы деген мәселеге назар аударады. Ақынның әдеби ортасы деген ұғым абайтану ғылымында ауқымды мәселе болса, Абайдың ақындық мектебі соның бір саласы екендігі белгілі.
Осы күрделі проблема туралы алғашқы мәлімет 1918 жылы “Абай” журналында жарық көрген мақаласында, 1933 жылы жарық көрген Абайдың тұңғыш өмірбаянында кездессе, ол мәселеге 1934 жылы жазылған “Абай ақындығының айналасы” деген зерттеу мақаласында арнайы тоқталады.
Зерттеуші ғалым М. Мырзахметов бұл еңбектің Абайтану тарихында алатын орнының ерекше екендігін атап өтеді.
Абайтану саласында үлкен пікір таласын тудырған сол топ “Абай шәкірттері”, “Абайдың әдебиет мектебі”, “Абай ақындығының айналасы”, “Абай тұсындағы ақындар”, “Абайдың әдеби ортасы” деп, әрқилы аталса да, ол өмірде болып өткен айқын шындық – Абай ақындығының кемеліне келген кезінде оның айналасында болып, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алып, көптеген көркем туындылар берген ақын жастар жайы еді.
Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтың басшылығымен Семейде 1918 жылы шығарылып тұрған “Абай” журналы 1992 жылдан бастап қайта шығарыла бастағаны белгілі. Сол журналдың 1992 жылғы 1,2,3-сандарында М. Әуезов жазған Абайдың тұңғыш өмірбаяны сол қалпында толық жарияланды. Сол еңбекте мынадай мәлімет келтіріледі. “Өлең сөзге келгенде, азға місе қылмай қатты сынайтын Абай өз сөздеріне толық қанағат қылмауымен қатар, маңында өлең жазатын жастарға да сондай мінез істеген. Тегінде, Абайдың өсиет үгіттері, білімді, мағыналы кеңестері Абайдың маңына, өз тұсындағы талапты жастардың талайын жиғандықтан, солардың ішінде жалпы адамшылық, ақиқат деген жайларды көп ойлап, көп сөйлейтін жастармен қатар, бірталайының ақын болғысы да келген.
Ақын болмақ болып, талаптанып, өлең шығарып көруге Абайдың іні, балаларының барлығы да ұмтылған. Бұл жағына келгенде Абайдың алды бір жағынан әдебиет мектебі сияқты да болады. Сол ретпен өлең шығаратын, Көкбай, Шәкәрім, Абайдың өз балаларынан Ақылбай, Мағауия болды”.
Жоғарыды аталған “Абайдың ақындығының айналасы” (1934) деп аталатын мақаласында М. Әуезов Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия төртеуін тағы ды Абайдың нағыз толық мағынадағы ақын шәкірттері деп атап өтеді. Олардың Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрдие алғандығын, оның өлеңдері мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, тұтынушы әрі бағалаушы болғандығын, сонымен қатар бұлардың Абайдың басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазғандығын, Абайдың бағыт-бағдар беруімен жазылған бұлардың шығармалары арқылы қазақ әдебиетінде бұрын болмаған тың еңбектер туғандығын атап өтеді.
Абай шәкірттеріне тақырып беріп қана қоймай, олардың өлеңдерін үлкен талап тұрғысынан қатты сынап, түзеп, жолын айтып отырған. Кей кезде шәкірттерінің шығарғандары ұнамаған уақытта міндерін өлеңге қосып жіберген. Мәселен, Абай “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлеңін Ақылбай, Көкбай, Әріп ,Шәкәрім өлеңдерінің кейбір міндерін сынау үшін шығарған. Өлеңнің бірінші тармағы Ақылбайдың “Дағыстан” поэмасындағы “Ер сөзін еріккеннен еттім ермек” деген сөзіне жауап болса, сол өлеңдегі:
Сөз айттым “Әзірет Әлі айдаһарсыз”,
Мұнда жоқ “алтын иек сары ала қыз”.
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз,- дегенде,
“Әзірет Әлі айдаһарсыз” деп Көкбайдың қисса жазғыштығын, “Алтын иек сары ала қыз” деп Әріп ақынның “Зияда” деген қилссасындағы сұлу қызды сипаттауын, соңғы екі тармақ “Кәрілік туралы” деген өлеңіндегі айтқандары
үшін Шәкәрімді сынап, мінеуге арналған.
Жоғарыда айтылған Абай өмірбаянының тұңғыш нұсқасының өзінде М. Әуезов ұлы ақынның төрт ақын шәкіртінің басты ерекшеліктерінің ең негізгізін тап басып көрсетеді. “...Бұлардың бәрі де қысқа өлең айту Абайдың жол, дағдысы болғандықтан, өздеріне бөлек бет іздеген сияқты. Шәкәрім қазақ өмірінің ескі өмірінен тарихи оқиғаларды жазса, Ақылбай, Мағауия Еуропа ақындарының салтымен Кавказды, Африканы өлең қылып, махабатты жырлайтын сезімді поэманың (романтическая поэма) үлгісін ұстағысы келді.
Әрине, қазақ әдебиеті сол күнде баспа жүзінде шығып, сол күнде оқушы тауып отырарлық жайға жетсе, Абай айналасынан, Абай мектебінен шыққан үлкен әдебиет ағымын көрсеткен болар еді”.
Шындығында, ұлы ақынның ізбасарлары Абай айтып үлгере алмаған кей жайларға тереңдеп барып, біраз тың тақырыптар қозғайды.
Солай десек те, М. Әуезовтің: “Абай шәкірттерінің бірде-бірі Абай жеткен дәрежегек жеткен жоқ. Ең алдымен, Абайға таланты теңдес болған жоқ және әсіресе Абайдың ағартушылық, әлеуметтік, идеялық, көркемдік кең масштабы оларда болған жоқ”, - деген сөздерін басты назарда ұстаған жөн.
№ 34 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай шәкірттері М. Әуезовтің көркем туындыларында
Жоспар:
1.М. Әуезов-ұлы ақын жайлы тұңғыш көркем шығарма жазған жазушы.
2. «Татьянаның қырдағы әні» (1937) әңгімесі. «Абай» атты трагедиясы (1939)
3. «Абай» операсының либреттосы (1944). «Абай» жырлары атты көркем суретті фильмнің сценарийі.
4. «Абай жолы » эпопеясы.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995
7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995
8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997
9. Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-
áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988
10.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,
“Ñàíàò”,1977
11.Ì.°óåçîâ òà¹ëûìû. °äåáè ñûí ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð.
(²½ð.ͽð¹àëèåâ Ð) À., “Æàçóøû”1987
12.Áåðäiáàé Ð. ̽õòàð øû»û. À., “±ûëûì”1997
Лекция мәтіні:
1. Әдебиеттану ғылымында абайтану проблемалары бойынша талмай ізденіп, еңбек еткен, оның ғылым саласы ретінде қалыптасуына ат салысып, бірегей зерттеуші атанғанымен, М. Әуезов бұл салада бағымызға қарай жалғыз емес еді.
Оның алдында XX ғасыр басындағы ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілдері, ірі қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов бастаған оқымыстылар, зиялылар тұрды. Олар ұлы ақынның өмірі, шығармашылығы жөнінде арнайы монографиялық зерттеулер жазбағанымен, Абай жайлы аз да болса қалам тартып, келелі ой-пікірлер айтқан болатын. Әсіресе кейінгі кезеңде Абайды зерттеушілердің өзі жаңбырдан кейінгі дүркіреген көктей бір қауым ел болды. 1988 жылы «Ғылым»баспасынан М. Мырзахметовтың авторлығымен жарияланған «Абайтану» деп аталатын библиографиялық көрсеткіште шамамен 1889 – 1985 жылдарда жарық көрген жүздеген автордың мыңдаған еңбегінің аты аталады.
Ақын шығармалары тек әдебиеттану ғылымының ғана емес, сондай-ақ тіл білімі, тарих, философия, педагогика ғылымдарының да зерттеу объектісіне айналды.
Абайтану ғылым ретінде ғалымдардың жан-жақты зерттеуінің, қыруар еңбегінің жемісі болғанымен, ол Абайды, Абай өмір сүрген дәуірді, ол өскен ортаны халыққа таныту үшін жеткіліксіз болған болар еді. Өйткені онда ақынның жанды бейнесі жоқ, өмірлік деректер құрғақ баяндалады. Осы тұрғыдан қарағанда, ғылым көркем өнерімен бәсекеге түсе алмайды. Мыңнан тұлпар таланттарға ғана тән сөз өнерінің құдіретіне ешкім шек келтіре алмаса керек. М.Әуезовтің «Абай» романын тамсана отырып оқып шыққан неміс жазушы Альфред Курелланың: «Сіз сол (Абай өмір сүрген – С. Б.) дәуірді көзіңізбен көргендей айна-қатесіз танисыз. Ешбір ғылыми еңбек мұндай дәл жеткізіп бере алмайды...» - деген сөздерінің шындығына иланбасқа болмайды.
Ғылыми тұрғыдан Абайды әр қырынан танытушылар едәуір болғанымен, оның ұлы ақын, азамат, қайраткер ретіндегі жанды бейнесін көркемөнердің құдіреті арқылы туған халқына, шет жұрттықтарға таныту тек М. Әуезовтей сөз зергерінің еншісіне ғана тиген еді.
2.Өзінің терең білімдарлығымен, асқан ақындығымен дүниежүзілік мәдениеттегі Фирдоуси, Пушкин, Толстой, Гете, Байрон тәрізді ұлы классиктермен терезесі тең суреткер, кемеңгер ойшыл Абай тұлғасын көркем әдебиетте кемеліне келтіре суреттеп сомдау М. Әуезов үшін творчестволық жүгі ауыр, жауапты міндет болатын. Ол өзінің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясын жазбас бұрын қыруар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар үлкен көркемдік ізденіс сатыларынан да өтті.
Егер М. Әуезовтің Абай жайлы тұңғыш ғылыми еңбегі 1918 жылы жазылып, «Абай» журналында жарияланса, оның ұлы ақын жайлы тұңғыш көркем шығармасы «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі 1937 жылы жарық көрді. Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің қаза болуының 100 жылдығы қарсаңында жазылған бұл әңгіме кейін Абай жайлы романдарының екінші томының соңғы тарауы болып ендіріледі.
3.1939 жылы Л. Соболевпен бірігіп «Абай» атты трагедиясын, 1942 жылы «Абай» романының 1-кітабын, 1944 жылы «Абай» операсының либреттосын, 1945 жылы «Абай жырлары» атты көркем суретті фильмнің сценариін жазды. 1947 жылы «Абай» романының екінші кітабы, 1950 жылы Абай жайлы романдарының үшінші кітабы «Ақын аға» деген атпен шықты да, 1952 жылы қайта басылымында «Абай жолы» деп өзгертілді, 1954 жылы осы атпен төртінші кітап жарық көрді. Үш түрлі атпен жарияланып келген бұл шығармалар 1961 жылы тұтас «Абай жолы» деген атпен жарияланды.
Жоғарыдан көріп отырғанымыздай, М. Әуезов өзінің ұлы ақын жайлы көркем шығармаларына, бас кітабы «Абай жолы» дәуірнамасына ширек ғасырдай өмірін арнаған екен. Сол ширек ғасырдағы жазушының инемен құдық қазғандай ұшан-теңіз еңбегі босқа кеткен жоқ. Роман-эпопея қазақ әдебиетінің шоқтығын көтеріп, даңқын дүние жүзіне шығарды.
4.Есімдері бүкіл әлемге әйгілі, айтулы қаламгер, оқымысты ғалымдар роман-эпопеяны аса үздік шығарма деп танып, жоғары баға берді. Мысалы, француз жазушысы Луи Арагон: «Эпикалық роман «Абай», менің ойынша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі... әлемнің басқа елдерінде онымен тең түсетін шығарманы табу қиын». Камерун жазушысы Бенжамен Матип: «Шынында, бұл қазақтар неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген!»
Шыңғыс Айтматов: «Өз халқына тән парасаттық, ғұрып пен рухтың кескін-кейпі ретінде «Абай», сөз жоқ, дүниежүзілік дәрежедегі ұлттық жеңістік. Әуезовтің қазақ халқына, оның әдебиетіне сіңірген орасан еңбегінің бірі осы деп білген жөн».
Альфред Курелла (неміс жазушысы): «Сіз әлі Абайды» оқыған жоқпыз?! Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, бұл – керемет! Далаға жан бітіп, дүние алғаш жаралғандағы мөлдір табиғатымен, бар тіршілік-тынысымен, тәуелсіз тұлғалы жандармен сіздің көкірегіңізге кеп орнайды. Олардың бойындағы қызулық пен құмарлық қандай, дәл Шекспир суреттеген бейнелердің өзі».
Зейнолла Қабдолов: «Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов,» - деген пікірлер айтты.
М. Әуезовтің ұзақ жылдар бойғы қажырлы да шабытты еңбегінің жемісі болған «Абай жолы» роман-эпопеясы «...көркемдіктің барша қасиетті сырын бойына жинаған XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің өмір тіршілігі мен болмыс, тұрмысының бар қырынан жан-жақты суреттейтін шын мәніндегі энциклопедиялық» туынды болатын.
Осы шығармалар арқылы әдебиетте жарты ғасырлық қазақ
өмірінің көркем белгісі жасалды, халықтың ардақты перзенті данышпан ақын Абайдың өлмес те өшпес жарқын бейнесіне лайық саф алтыннан зәулім ескерткіш соғылды.
№35 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абайды танудың алғашқы кезеңі
Жоспар:
1. Абай шығармаларының төңкеріске дейінгі дәуірде танылуы
2. Абай мұрасын танып бағалауда рушылдық ой-сананың зардабы
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1.Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай шығармалары революцияға дейінгі дәуірде – ақ әр түрлі бағыт – бағдарда пікірлер айтылып, там-тұмдап болса да, зерттеу нысанына іліне бастады. Бұл істпеттес әрекеттер ресми баспасөздер мен кейбір ғылыми жинақтарда, архивтік деректер көзі мен кейіннен табылған қолжазба нұсқаларда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің қоғамдық ойы мен дүниетанымының шын мәніндегі энциклопедиясына айналған Абай шығармалары жайлы әр түрлі бағдар таныта айтылған пікірлер де көбейе түсті.
Халық мұңын жырлаған Абай поэзиясын революцияға дейін – ақ қазақ даласына әсері мол аса күшті рухани құбылысқа айналып та үлгерді. Туған халқының көкейтесті арманы мен мұңын жырлаған Абай өлеңдеріндегі гуманистік, ағартушылық сарындар сол тұста - ақ халық санасын баурап, көкірек көзін ашуға бастады. Абай шығармалары баспасөз бен қолжазба көшірмелер арқылы көбінесе ауызша әр қилы жодармен таралып жатты.
2.Абай ер жетіп, ел ісіне араласқан дәуірде де рушылдық идеологияның үстемдік ету қазақ қоғамының таптық санасының оянып, қоғамдық ой - пікірдің жандануына тосқауыл жасады. Абайды және оның әдеби мұрасын дұрыс танып бағалауға рушылдық ой – сананың да белгілі дәрежеде зардабы тимей қоймайды.
«Көктума, Қарамола, Балқыбек сьездерде мүддесін қорғау себепті, оған Мұқыр сайлауында ескіліктің содырлы топтары қол жұмсайды.
Мұқыр сайлауында Абайды қара күштің қорлауына берген тобықты руының атқамінер – жуандары еді.
Бұл әрекетті рушыл ақын Қуанышбай:
Рас, Абайға біздің ел қылар қастық,
Ойласытық оның түбі дәулет, мастық.
Онда найман оңа ма түбі оңбаған,
Талассақ мәртебеге біз таластық, -
- деп ол оқиғаға рушылдық сана тұрғысынан келіп, Абайдың әлеуметтік бетін танытуды бүркемелейді.
Абайдың әлеуметтік бетін бүркемелейтін рулық салт – санаға қарама - қарсы шын мәніндегі халықтық көзқарас Олжабай мен Бәзіл қызының арасында болып өткен оқиғаны реалистікпен баяндайтын «Бипаның сөзі» атты дастанда айрықша байқалады. Дастанда махаббат теңдігі үшін күресуші халық қызы Бипаның атынан Абайға баға беріледі. Бипа - дастанда қарапайым халықтан шыққан момын шаруа қызы ретінде суреттеледі. Қорлық пен зорлыққа ұшырғанда, оның үміт етері мен сүйенері - Абай ұстанған әділеттік қана.
Абайға әділетті жетті жаным,
Ісімнің болар дедім бір мәнісі, -
деп ескі салттың қанды шеңгелінен құтқарушы, әділеттің жақтаушысы Абай ғана деп біледі.
Рушыл ақын Қуанышбай: «Абайдың әр білімі елден асты», деп оны тек Тобықты руының білгірі ретінде дәріптесе, дастанның кейіпкері Бипа қыз:
Абайеке, арызымды айттым сізге,
Данышпан даңқы шыққан бұл үш жүзге, -
деп Абайды бүкіл қазақ халқының құрметіне ие болған дана ретінде бағалап отыр. Дастанда Абай ескілік салттың күні өткен дәстүріне қарсы күресуші әрі махаббат теңдігінің қорғаушысы ретінде суреттеледі. Дастанның идеялық түйіні де:
Бір ауыз Абай айтқан әділ сөзді
Жүреміз үлгі қылып жас пен кәрі,
Таласқан тар кезеңде әйге әперген,
Абайды неге ұмытсын әйел табы, -
деп, Абайдың әйел теңдігіне ат салсыуын бүкіл халық атынан құптап, оны әділет пен жаңалық жаршысы, қазақ елінің ойшыл данасы ретінде таниды. Осы себептен де бұл дастанның идеясы, өмірде болған шындық М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының сюжеттік желісіне сіңісіп, арқау боп өрілгенін көреміз.
Абай тұсында ақынның өз басы мен әдеби мұрасы жайлы баспасөз бетінде де пікірлер айтыла бастағанын 1898 жылы басылған «Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқанын» (Бастауышы Шайхисламұлы Жүсіпбек қожа) деген кітаптан көреміз. Мұнда айтлыған пікірдің салмағы – Абайдың пікірлес болған ән еркесі ардагер Біржан тарапынан айтылуымен бірге, бүкіл қазақ халқына мәшһүр болған «Біржан - Сара» айтысында сөз болып, бағалауында жатыр.
Біржан – шын мәнінде, Абай шығармалары мен әндерін халық арасында таратушы өнер саңлағы. Ұлы ақынмен замандас болған Біржанның негізінен, халықтық тұрғыда осы айтыста Абайды танып бағалауы сол кездегі ру жуандарынан Абайдың теңдесі жоқ ерекше қасиетін әйгілей түседі.
Абайдың ақындық өнерін бағалауы да Біржаннан басталады десе болғандай. Біржан Абайды өз заманнан иығы асқан ойшыл, құдіретті сөз өнерінің иесі ретінде танығандықтан:
Абайдай тумас адам сөзге зерек,
Зейіні түпсіз дария көзің жетпес, -
дейді.
Абай заманында - ақ ақынның өз басы мен әдеби мұрасын танып, бағалауды осы тәріздес қарама – қарсы пікірлер күндердің күнінде дүбірлі талас – тартыстың нышаны болатынынан белгі беріп жатқандай сезіледі.
№ 36 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдерінің төңкеріске дейінгі жариялану таралу жайы
Жоспар:
1. Абай мұрасын танытуда «Дала уәлаяты» газетінің ролі
2. Абай шығармаларының 1897 жылы Қазанда баспа бетін көруі
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Абайдың әдеби мұрасын тану жолында ақын шығармаларының баспасөзде біршама жариялануы елеулі мәні бар құбылысқа айналды. Абай мұрасының бірегей білгірі академик М. Әуезовтің: “Абайды танудың басы, алғашқы адамдары революциядан бұрын басталған... ”
Көлемі шағын болғанымен, Абай мұрасының революцияға дейін танылып, бағалануы жайлы нақтылы ұғым берелік жазба деректердің бірі – “Дала уәлаяты” газеті.
Абайдың “Дала уәлаятында” жарияланған “Жаз”, “Болыс болдым мінеки” деген екі өлеңінің тағдыры да қызық. Бұл өлеңдері белгілі бір себептермен Көкбайдың атынан жарияланса да, жұртышылық оны Абай өлеңі деп танығаны М. Көпеевтің сол газеттегі корреспонденциясынан байқалады.
“Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы” (1899 ж.) деген ғылыми негіздегі тарихи мақаласының жазылу себебі де “Түркістан уәлаяты” мен “Дала уәлаяты” газетінде о баста қатар уағыздалған діншілдік теріс танымдардағы мақалаларға қарама – қарсы жазылған еңбек екеніне көзіміз жете түседі.
Абай өз шығармаларын бастыруға мүмкіндігі болса да, кітап етіп бастырмаған. Өйткені өз творчествосында ұстанған реалистік: халықтық бағыттың бұрмалануы мен сол дәуірде шыққан қазақша деген кітаптар тілінің түгелдей шұбарланып, рухының бұзылып шығу себептері сезгір ақынды көп ойға түсірген болар. Абай шығармалары қолжазба, көшірмелер арқылы немесе ауызша жатқа айту арқылы таралып жатты.
Дәл осы күнге дейін Абайдың көзі тірісінде жарияанған өлеңі деп “Дала уәлаяты” газетінде басылған: “Жаз”, “Болыс болдым мінекей” екі өлеңі мен Шайхисламұлы Жүсіпбек қожаның өз атынан иемденіп бастырған “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат” деген Абай өлеңдерін ғана атап жүреміз.
2. Абайдың өз шығармаларын жариялауға рұқсат етпей жүргенде ақынның көзі тірісінде сонау қиянағы Қазанда басылған “Кнәз блан Зағифа” (1897 жылы басылған) қиссасында кезедесетін “Сынағанағы аттың сыны” (“Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ”). “Бүркітші” (“Қан сонарда бүркітші шығады аңға”) деген атпен Абайдың атақты екі өлеңінің жариялануы назар аударарлық құбылыс.
“Кнәз блан Зағифа” қиссасы қыз бен жігіттің жұмбақ айтысына құрылған. Айтыстың негізгі тақырыбы - дін мәселесі. Негізгі мазмұны – дін шарттарын насихаттау болғанымен, кейде жұмбақтарының тақырыбы күнделікті тұрмыстан алып, оралымды шешен тілмен суреттеледі:
- Тағы да мен отырмын жұмбақ ойлап,
Дүлдүлді сахараға қойдым байлап.
Басында бұлбұл отыр үйдің сайрап,
Дарияның құрағы бар тұрған саулап,
Жел тисе жанып кетер өрттей қаулап, -
деп жұмбақтаса, оны:
- Болғанда ақылың – дария, кеудең – дүлдүл.
Басында сайрап тұрған тілің бұлбұл.
Дарияның жанып кеткен құрақтары –
Адамның қатты шыққан ашуы дүр, -
деп шешеді.
Алғыр құс пен жүйрік аттың сипатын жоғарыда аты аталған Абайдың екі өлеңін пайдалану арқылы суреттейді. Бірақ бұл өлеңдер Абай атынан берілмейді, қисса авторы өз атынан:
Насихат қып шығардым осы сөзді,
Бозбала, осыны оқы, сөз таппасаң, -
деп, Абайдың көзі тірісінде – ақ ұлы ақын өлеңдерін баспасөзде өз атынан бастырып жіберген.
Бұл өлең 1897 жылы Қазанда басылуы Абайдың ақындық даңқының ертеден-ақ шырқауы алысқа жайылып, шығармалары ауызша әрі қолжазба, көшірме түрінде кең таралғанын танытумен бірге, көзі тірісінде-ақ бұраланып әркімдердің атымен жарияланғандығын яғни революцияға дейін ақын шығармаларының танылу, жарияану дәрежесі қаншалықты аянышты халде болғандығын айғақтайды.
“Тобықты Ыбырай марқұмның сөзінен” деген атпен бір топ Абай өлеңін жариялаған Зейнелғабиден 1909 жылы Уфа қаласындағы “Шарқ” баспасында басылған “Насихат Қазақия” деген рисоласы мен 1909 жылы Қазанда басылған Мұқамедсалим Кәшимовтің “Сұлу қыз” жинағынан да көреміз. Мысалы, “Сұлу қызда” басылған 20 жол өлең Абайдың “Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы”, “Білектей арқасында өрген бұрым”, “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат” деген үш өлеңінен құрастырылып жарияланған.
“Насихат-Қазақияда” жарияланған Абайдың “Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы”, “Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек” деген үш өлеңі: 1. “Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы”. 2. “Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқың сергек.” 3. “Бай алады кезінде көп берем деп”, 4. “Ал енді жақсы дейміз кімді қалап” деген атпен төрт өлең ретінде басылып әрі елеулі текстологиялық өзгерістерге де ұшыраған.
Зейнелғаиден қолына Абай өлеңдері түпнұсқа бойынша жетпей, ел аузынан біршама өзгерістерге ұшырап барып жеткенін көрсетеді.
Абай өлеңдері “Кнәз блан Зағифа”, “Сұлу қыз”, “Насихат - Қазақияда” жарияланып, яғни революцияға дейін-ақ түрлі жолдармен таралу жағдайлары оның шын мәніндегі халық ақыны ретінде кең тұрғыдан таныла бастағанын дәлелдей түсетін деректер деп білеміз.
№ 37 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың мұрасын зерттеуші, насихаттаушылар
Жоспар:
1. Абай шығармаларын насихаттаушылардың бірі – Зейнелғабиден ибн Әміре
2. «Насихат - Қазақия» еңбегінің мәні
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Абай қайтыс болғаннан кейін оның әдеби мұрасын халықтық тұрғыдан бағалап, қолдан келгенше аянбай әрекет еткен қала қайраткерлері де болды. Абай мұрасын тануда, бағалауда өіне тән үлес қосқан: Бөкейханов, Зейнелғабден ибн Әміре, әл-Жауһари әл-Омскауи, Кәкітай Ысқақов, С.Торайғыров, С. Әбішұлы сияқты ревоюцияға дейінгі қазақ қауымының қоғамдық ой-санасының демократиялық-ағартушылық бағытындағы интелгенттер тобы еді.
Абай шығармаларын баспа арқылы насихаттаушылардың бірі-Зейнелғабиден. Ол Абайдың бір топ өлеңдер топтамасын Кәкітайдан бұрын жариялап, Абай жөнінде арнайы пікір көтеріп, ақын мұрасымен туысқан татар халқын таныстыруға әрекет етті. Оның “Насихат- Қазақия” деген еңбегі Кәкітай бастырған Абай шығармаларының алғашқы жинағынан бұрынырақ жарияланып, Абайды дұрыс тұрғыдан бағалаумен ерекшеленеді.
Зейнелғабиден туған халқын мәденеті жоғары халықтар қатарына қосудың бірден-бір жолы оқу-білімді меңгеру, отырықшылыққа көшу, орыс тілін білуде жатыр деп қарады. Оның “Насихат-Қазақиясындағы” жаңашыл ой-пікірдің ұшқынын сол кездегі қазақ қауымының тұрмысы мен ой- санасындағы өзгерістердің негізінен туып отырған өмір талабының көрінісі демеске болмайды.
2. Зейнелғабиден де Қазақстанның Ресейге қосылуын Шоқан, Ыбырай, Абай тұрғысынан бағалап, халықты мәдениетке тартудың жолы ағартушылық деп білгендіктен: “Адам баласы үшін қадірлі, қымбат нәрсе ақыл болып, сол ақылды жоғары басқышқа шығаратын нәрсе ғылым, өнер, мағруф болса керек”,- деп бар өмірін хаттаумен өтті.
Әдеби тілдің тазалығы туралы прнципті күресті қазақ әдебиеті тарихында Абай бастады. Бұл күрестің арғы төркінін Абай қастерлеп өткен Жүсіп Баласағұн, Қ. А. Йассауи, ұлы Әлішер Науаида жатыр.
Әдеби тілдің тазалығы үшін күрескен Абай дәстүрі Зейнелғабиден, Торайғыров еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Зейнелғабиден түркі тілді халықтар ішінде таза сақталғаны “араласып көп өзгерсіке ұшырағаны қазақ тілі деп айтуға жарайды”,-деп қараған.
Зейнелғабиден ақындықты үлкен өнер деп танып, оның ұлылығымен қасиеттілігіне орыстың ұлы ақыны Пушкинді үлгі ете сөйлейді. Өйткені “орыстардың Пушкині қызметке шейін халық тілінде сөйлеп, тарихқа жазылуы”, сол сөз өнерінің құдіретіне байланысты деп біледі. Абайға да осы тұрғыдан қарап, оның ақындық өнерін аса жоғары бағалайды. Зейнелғабиден қазақтың тіл өнерін татар халқына таныстыруды мақсат еткенде, Абай шығармаларын қазақ поэзиясының үлгісі ретінде ұсынып, оны қазақ поэзиясының ұшар шыңы ретінде таныды. Поэзияны Абай қойған талап тұрғысынан бағалауға тырысады.
1908 жылы “Уақыт” газетінің 388 санында жарияланған “Абай Құнанбаев” деген мақаланы біз Зейнелғабидендікі деп ойлаймыз.
Мақала авторы Абайды тек ұлы ақын ретінде ғана танымай, оны қазақ халқының ойшылы, білімді кемеңгері ретінде бағалап; Абай туған халқының рухани дүниесімен ғана шектелмей, Батыс пен Шығыстың рухани дүниесінен де терең сусындағанын атап өтеді, Абайдың географиямен, әсіресе, тарихпен кең тұрғыдан таныс, өрісі зор білімді кісі болғаны туралы алғаш мәлімет беріледі. Бұл айтылған пікірлерде Абай мұрасының нәр алған үш саласы жайлы М. Әуезов қалыптастырған ғылым терең танымның алғашқы нысаны жатқанын да көреміз.
№38 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың тұңғыш биографы - Кәкітай Ысқақұлы
Жоспар:
1. Кәкітайдың Абай мұрасын дамытудағы басты еңбегі
2. Кәкітай еңбегінің олқы тұстары
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Революцияға дейінгі дәуірде Абайдың өмірі мен әдеби танытуда елеулі еңбек еткендердің ішінде Кәкітай Ысқақұлының орны ерекше. Кәкітайдың Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі да Абай шығармаларының тұңғыш жинағын құрастырып, жариялау мен ақын өмірі туралы алғаш рет мәлімет беруінде жатыр. Кәкітай Абай мұрасын жинастырып, бастырудағы тарихи еңбегі жайлы Абай мұрасын зерттеушілер еңбегінде молынан айтылады да, бірақ М. Әуезовтің монографиялық еңбегінде болмаса, басқа зерттеулерде Кәкітай еңбегі сын көзімен қаралмаған Сондықтан да Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына Е.П.Михаэлистің әсері басы болады деген Кәкітай пікірі абайтану саласында көпке дейін орын алып келді.
Кәкітай бастырған 1909 жылғы жинаққа дейін баспасөзде жарияланған бірлі-жарымды Абай өлеңдерінің бәрі де асыл түпнұсқа қалпында сақталмады. Тіпті В. А. Кудашев жазып алған қолжазбаның өзінде де Абай шығармалары текстологиялық өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Кәкітай құрастырған Абай өлеңдері (56 ғана) рефолюцияға дейінгі дәуірде түпнұсқаның табиғи қалпын сақтап қалды, түрлі текстологиялық бұрмалаушылықтар болған жоқ. Сөйтіп бүкіл қазақ елін тұңғыш рет Абай шығармасын асыл түпнұсқа қалпымен таныстырады.
2. Кәкітай олқылығы – Абай шығармаларын түгел қамти алмауы десек, Абай өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп, жіктеуі сол дәуір жағдайына байланысты қарағанда орынды да. Кәкітай мәдениет пен білімді кенже қалған қазақ қауымының ой-өрісін еске алып, тақырыптық принципке сүйенуді жөн көрген. Бұл қазақ ақындары Абай шығармалары мен өмірбаяны жайлы дерекпен тұңғыш рет Кәкітай арқылы ғана танысты. Кәкітай Абай өмірі мен шығармасына жалпы тоқталғанымен, сол дәуірдің өзінде-ақ Абай жөнінде ойлы пікірлер айта білді. Кәкітай Абайдың шын мәніндегі ақындық өнерге сексенінші жылдары батыл бел бұруының себебі оның орыс халқының озық ойлы әдебиетімен танысуында жатыр деп көрсетуі Абай творчетвосы мен өміріндегі елеулі құбылыстардың төркінін дұрыс аңғара білгенін байқатты. Ақындық дарыны асып туған Абайдың осы өнерге қолын кеш сермеуі, Кәкітай пікірі бойынша өскен ортасына тікелей байланысты қаралады. Аталы ортаның ақындық өнерді кемсіте қарауы Абайға белгілі дәрежеде әсер еткен. Бірақ ел ісіне ерте араласып, халықпен тығыз байланыста болуы арқылы ғасырлар бойы сұрыпталған тіл өнерін терең меңгеруі- Абай ақындығының тербеліп өскен алтын бесігі деді.
Кәкітай мақаласы революцияға дейінгі дәуірді ұлы ақын творчествосының нәр алған арналарына байланысты Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы мәселеге біршама бағдар айтумен де ерекшеленеді.
№39 лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абайтану тарихында Сұлтанахмұт Торайғыровтың орны
Жоспар:
1. Сұлтанмахмұт - Абай дәстүрін дамытушы
2. Ақынның қазақ әдебиеті тарихы туралы пікірлері
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Абай мұрасын тереңірек зерттеп, танып бағалауда қазақтың талантты ақыны Сұлтанмахұт Торайғыровтың пікірлері абайтану тарихында ерекше орын алмақ. Сұлтанмахмұт – Абай дәстүрін творчестволық дамыта түсушілердің көрнектісі әрі ақын мұрасының әлеуметтік тамырын тереңірек танығандардың бірі. Ол Абайдың жаңа бағыттағы қазақ әдебиетінің негізін салып, классикалық дәрежеге көтерген еңбегін жете түсінді.
С. Торайғыров Абайдың әдеби тіл үшін күресін терең барлап бағалаушы ғана емес, ол көркем өнердің мәніне материалистік тұрғыдан қарап, Абайдың эстетикалық танымдарын да терең біліп, бағалай алады. Абайдағы эстетикалық ойды өз шығармасына батыл ендірумен бірге оны замандастарынан да талап еткен. Керекті-керексіз сөзді өлең деп қуанып жаза беру-дерті жоқ кісінің ыңғылдағаны, толғағы жоқ қатынның бебеулегені қандай жексұрын болса, бұл да сондай жексұрын болады,-деп жазды.
Сұлтанмахмұттың көркем туындыдан талап етіп отырған басты шарты-нағыз реалистікпен суреттелетін өмір шындығы –ақиқат.
Өткен дәуір әдебиеті өкілдерінің Абаймен салыстырғанда, олардың ақындық қуатын, көркемдік талантын терістемейді, керісінше, мойындайды. Сұлтанмахмұттың ойынша олардың басты кемшілігі - өмірдің ашы шындығын, ақиқатын бере алмай адасуында. Абайды шын мәніндегі, ақиқаттың жаршысы – реалист ақын ретінде танып, қазақ қауымының ой-санасындағы жаңа бағытты ақындықтың бас әйкесін ұсынғандықтан да:
“Ер тарғын”, “Қобыландыны” оқып байқа,
Абайды оқы, таңырқа, басың шайқа.
Ақындықтың қуаты есіңді алып,
Ас аластан ақырсын қайта-қайта, -
дейді.
2. Сұлтанмахмұттың ойынша, қазақ әдебиеті тарихын үш дәуірге бөлу керек: 1) Абайға дейінгі көне дәуір әдебиеті; 2) Абай дәуіріндегі әдебиет; 3) Абайдан соңғы дәуірдегі әдебиет.
Ал осы дәуірдегі әдеби мұраларға қай тұрғыдан келу керек деген мәселеге зерттеуші Сұлтанмахмұттың Абайдан дартқан эстетикалық танымына қарама-қарсы бағытта, яғни көне мұра атаулыны біріңғай дәріптеу тұрғысынан қарайды. Көне дәуір әдебиетінің көлеңкелі жағын сыншылдықпен қарай алмайды.
С. Торайғыров-Абайдың ақындық дәстүрін дамытушы өнерпаз сөз зергерлерінің алдынғы сапындағы өнер қайраткерлерінің бірінен саналатын дарынды ақын.
Оның туындыларындағы Абай өлең құрылысының іздері мен ақындық тіліндегі көркемдігін сөз бедерлеріндегі абайлық дәстүрлерді анық көреміз.
№ 40 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: “Қазақ” газеті және Абай шығармашылығы
Жоспар:
1. «Қазақтағылардың » Абай мұрасын танып бағалауы
2. М.Дулатов, Н.Төреқұловтардың Абай мұрасы жайлы ғылыми – теориялық байламдары
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. 1905 жылғы революциядан кейін-ақ Ресей қол астындағы отарланған шет аймақтарда ұлттық сана оянып, жаңадан баспасөз орындары пайда болып, көбейе түсті. Осы тұста қазақ азаматтары да қозғалып, қоғамдық ой-санаға қозғау салған газет-журналдар сала бастады. Соның бірі-“Қазақ” газеті болатын. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының ой-санасында ояну дәуірінің басты сарыны “Қазақ” газетінде көрініс беріп жатты. Абайдың әдеби мұрасын таныту, бағалау, наисхаттау жайы да сол кезеңнің саяси-әлеуметтік болмысына сай қазақ қоғамның отаршылдық саясатқа қарсылығынан туындап отырған ұлттық сезім мен ұлттық сананың сарыны тұрғысынан жүргізіледі.
Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай “Айқап”, “Қазақ” баспасөз беттерінде қазақ әдеби сынының нышаны белгі бере бастады.
Жандана бастаған әдеби сын, әсіресе, Абайдың әдеби мұрасының асыл мұраттарын, ақындық өнер жолын танып бағалау, таныту, насихаттау жолындағы әрекет қанат жая бастады. Осы мәселені қолға алып сөз етуде Ахмет Байтұрсынов пен міржақып Дулатов, Нәзір Төреқұлов т.б. Абай шығармаларының әлеуметтік, халықтық бетін негізгі идеялық бағдарын жұртшылыққа өздері ұстанған ұлттық ояну сарыны тұрғысынан танып, бағалауға жол алды.
А. Байтұрсынов ә дегеннен-ақ Абайды оқу үстіндегі өз тәжірибесіне өзіндік түйсіну сезіміне сүйене отырып аңғартқан бір пікірі – ақын сөзін оқырман атаулының бірден ала алмайтын, тереңдеп бойлап ене бермейтін ерекшелікті ескертуінде жатыр.
2. М. Дулатов “Қазақта” жарияланған “Абай”, “Дауқұмар” мақаласында айтарлықтай мәні бар келелі мәселені көтере білді. Абай мұрасын халықтың тарихи жадының көрінісі деп ұғынды.
“Қазақтағылар” Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай ұлы ақын мұрасын танып-білу, насихаттау жолында қоғамдық ойды алғаш рет саналы түрде бағыттаған ұйымдасу орталығына айналғаны байқалады. Түрлі әдеби кештер туралы хабарлар беріп, 1913 жылдан бастап абайға арналған алғашқы мақала, зерттеулері де жиілете жариялауы осының айғағындай.
Ал Нәзір Төреқұловтың “Әдебиетімізге көз салу” деген мақаласы “Қазақ” бетінде айтылған пікірлерді жалғастыра отырып, Абай мұрасы жайлы тіпті ғылыми теориялық байламдарға келеді. Яғни автор “Абайдан кейінгі қазақ әдебиет қай жолмен, қай бағытпен жүруі керек? Кімге ерсек жөн болмақ?” деген үзілді-кесілді сұрақты қоғамдық ойдың сарабына салумен ерекшеленеді.
Ұсынған автор өзіндік пікір-танымын 1916 жылдың өзінде-ақ қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі үшін күресіп, әдебиетке абайлық сара бағытты жете танып барып ұсынған. Сол себепті Абай-әдебиетіміздің атасы, бұл жолдың қорқынышсыз, біз үшін пайдалы екендігін сезіп, сол жолға бұрылды. Әйтпесе, Абай үшін араб, парсы жолы да ашық еді. Өйткені Абай шығыстың әдебиеті мен мәдениетін Батыстан кем білмеген. Бірақ Абайдың орыс классикаық әдебиетінің реалистік бағытын ұстанып, бұл жолдың қазақ әдебиет тағдыры мен болашағы үшін шешуші мәні бар жол екенін кәміл білді. Бұл пікір төңкеріске дейінгі қазақ қауымының ой-санасында Абайдың әдеби мұрасын таныту мен бағалауда сол мұраның бағыт-бағдарын жете танып білген жасампаз пікір болатын-ды.
№41 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай шығармашылығын дамытуда Самат Әбішұлының ролі
Жоспар:
1. Абай шығармаларының «Абай термесі» деген атпен жариялануы
2. Абай өлеңдерінің орыс тіліне аударылуы
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Абай шығармаларының жнағын 1916 жылы Орынборда “Абай термесі” деген атпен жарияланған әрі қаламының ақындық желі бар Самат Әбішұлы. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында 1898 жылы туып, 1944 жылы Алматыда қайтыс болды. Кезінде өлең жинақтарын шығып, Қазақстан Жазушылар одағының үшесі болып, әдеби сынға да өз әлінше атсалысқан.
“Ү” деген бүркеншік атпен бір автор тарпынан қатаң сыналып, кейінен иделогялық жағынан қысым көріп, бойдағы бырын бере алмай кеткен, азамат ақындарының бірі еді.
Революцияға дейінгі дәуір ішінде Абай шығармаларының жинағы деп жалғыз ғана 1909 жылы Петербургте Кәкітай бастырған басылыды атап келеді. Ал кеңестік дәуірде 1922 жылы қазан мен Ташкентте басылған Абай өлеңдерінің жинағы осы 1909 жылғы жинақты қаз-қалпында қайталап басуен ғана шектелді. Оларда Абайдың өмірі мен шығармаларына ешқандай тың деректер берілмеді. Ал 1916 жылы Орынборда Самат Әбішұлы тарпынан бастырылған “Абай термесі” деп аталатын, яғни бұрын жарық көреген Абай шығармалары, тыңнан енгізілген өлеңдер жинағы санға алынса да санатқа қосылмай келеді. Шындығына келетін олсақ, осы жнаққа енгізілген Абайдың “бірініші” қарасөзі мен жеті өлеңінен тұратын бұл кітапша ұлы ақын өлеңдерінің ревоюцияға дейін жарияланған екінші жнағы деп аталуға толық негізі бар тамаша жаңа басылым.
Жинақты құрасытрушы “Абай термесінде” ақын қаламынан туған қарасөздерінің ішінен “бірінші сөзді” арнайы түрде “Сөз басы” деген айдармен беташар сөз ретінде ұсынуыда жай нәрсе емес-ті. Бұл ерекшелік-екніші жнақ ретінде ұсынылып отырған “Абай термесіндегі” айта қаларлықтай сонылықтардың бірінен саналмақ. Өйткені Абай қарасөздернің тұңғыш үлгі-өнегесі, төлнұсқасы баспасөз арқылы бүкіл қазаққа осы екінші жинақ арқылы танылған.
“Абай термесі” деп аталатын жинаққа ұлы ақынның “Бірінші” қарасөзімен “Жаздігүні қылтиған бір жауқазын” (10-жол), “Ата-анаға көз қуаныш” (30-жол), “Құр айқай бақырған” (8 жол), “белгілі сөз өлді-өлді” (4 жол), “Күшік асырап ит еттім” (4 жол), “Тайға міндік” (25 жол), “жарқ етпес қара көңілім не қылса да” (20 жол) деп аталатын шығармалары ғана енгізілген. Яғни Самат тарпынан жаряланған ақын өлеңдері “Ақын термесінде” өлең өрнегі жағынан өзгеріп, олардың ар саны 101 жол өлең ғана берілген.
“Абай термесінде” жарияланған ұлы ақын өлеңдері жоғарыда талаып өткен көлем ғана шектеледі. Самат қолында 1909 жылы тұңғыш жинақ болмақ. Бірақ ол жинақтағы көпшілікке танымал өлеңдерді қайта жаңғыртпай басуды қажет тұтпай, тек қана беймәлім, көпшілікке әлі де танылмай жатқан Абай шығармаларымен таныстыруды мақсат еткен сияқты.
“Абай термесі” деп аталатын екінші жинақта жарияланған Абай шығармалары текстологиялық жағынан қарғанда, революцияға дейін әртүрлі жағдайда баспа бетін көрген Абай өлеңдерінің бәрінен де биік тұр. “Абай термесіндегі” өлеңдер ұлы ақын шығармаларының бастапқы түпнұсқа қалпын дәлме-дәл қайталайтын ерекшелгімен де айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені Самат құрастырған жинақ пен Мүрсейіт қолжазба көшірмелеріндегі өлеңдер мен қарасөздер тексті жағынан бір түсіп жатуы – екеуінің де бір түпнұсқа текске негізделгенін айғақтап тұр.
2. Абай мен М. Дулатов өлеңін алғаш рет орыс тіліне аударғандардың бірі – Сабатаев Сатылқан. Ол Абайдың “Жаз” деген өлеңін орыс тіліне қарасөзбен аударған.
С. Сабатаев 1874 жылы Жетісу облысы, Верный уезіндегі Үлкен Алматы болысындағы туған. Ата-анадан ерте айрылып, Верныйдағы Ерлер гимназиясында оқиды. Мәскеудегі Лазарев атындағы Шығыс тілдері институтына түсіп, оны 1899 жылы аяқтайды.
Бішкек, Жаркент қаласында қызмет тақарады. Соңыннан Мәскеудегі “Петров- Разунов ауыл шаруашылығы академиясына оқуға түсіп бітіреді. Агроно-ғалым атағын алады. Ара-тұра баспасөзге мақала жазып, қоғмадық қызметке де араласады.
1921 жылы жолсапармен Қарқаралы жаққа барғанда қаңғыбас бандалар қолынан қазаға ұшырайды.
Самат Әбішұлы 1916 жылы Орынборда жаряиланған “Абай термесі” жинағы-абайтану тарихында ұлы ақын мұрасын револоюцияға дейінгі дәуірде қалың бұқараға тарату, насихаттау саласында өзіндік орны бар елеулі еңбектердің бірі.
№42 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасының орыс тілінде танылуы
Жоспар:
1. Абай әдеби мұрасының орыс тілінде зерттелуі
2. Орыс жұртшылығының Абай өлеңімен ресми түрде алғаш танысуы
3. Абай шығармаларын аударуда Белослюдовтар еңбегінің мәні
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1.Патшалық Ресей тұсында Абайдың әдеби мұрасының орыс тілінде танылуы мен зерттелуі-орыс, қазақ халқының аса тереңде жатқан достығының зор айғағы.
Абайды танытудағы орыс интеллигенттерінің рөлін сол дәуірдегі рөлін сол дәуірдегі демократиялық бағыттағы “Айқап” журналы “біздің көбімізге Абайдың кім екені де белгсіз. Оның кім екенін бізге орыстар танытып жатыр”-деп, әділ, тарихи шындыққа сай бағалаған.
Абайдың ақындық өнеріне бой ұрып, құлай берілге 40-тан асқан кезі еді. Бұл дәуірде Абай біліп, көрумен бірге Семейдегі мәдениет өкілдерімен де іштей араласа бастағаны оның 1886 жылғы Облыстық Статистикалық комитетінің толық мүшелігіне Омылық С. Т. Мирошниченко, Өскеменнен Е. П. Михаэлис, Павлодардан А. И. Деров және Ф. П. Плещеев, М. Ф. Степанов, С.И. Хабаров, С.С. Никитин және т.б. бірге сайлануынан да көрінеді.
Абайдың орыс әдебиетімен танысуын біз, көінесе, оның орыс достарымен қатынасынан бері қарай деп келеміз. Шынында, орыс оқығандарының хабаралуынша, Абайдың орыс әдебиетімен танысуы ертеректен-ақ басталған. Оған Потаниннің Абайдың немере туысы Халиолла туралы айтқаны дәлел. Ол бұл мәліметінде Халииолланың тургенов, Рермонтов, Толстой, Белинский, Доброюбовтарды өз жерлестеріне насихаттаушылардың бірі болғаны тулалы қызық деректер кетірілген.
Абайдың өмірі мен шығармашалық өнеріндегі ерекшелікті орыс қауымына алғаш таныстырушылардың өзі қазақтардың орысша оқып, Еуропаша білім алған дарынды ұлдары Ә. Бөкейхановтан басталып, осы дәстүрді ары қарай жалғастырушылар-Нұқ Рамазанов, Сатылған Сабатаев, қазақ қыздарынан шыққаны Нәзипа Құлжановалар болатынды. Атақты ғалым, фольклорист Потаннинің өзі Абайды Белослюдовтар арқылы білген.
Ә. Бөкейхановтың Абай туралы жазылған “Абай Құнанбаев” азанамасы (некролог) абайтанудағы тұңғыш адым, бастапқы еңбектердің бірегейлі десе болғандай.
Абайтану тарихында Абайдың ақындық өнер мен ислам дініне қарым-қатынасы жайлы аса күрделі мәселеге де тұңғыш рет Әлихан Бөкейханов тарапынан білікті пікір айтылуы сол кезең үшін айтарлықтай жаңалық болумен бірге бүгінгі ұрпақ үшін де мән-мағынасын сақтап отырған танымдық мәні бар пікір дер білеміз.
Оның “Абай поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ”,- деп білгірлікпен баға беруі –Абайдың әдеби мұрасын терең танып білген зерделі зерттеуші аузынан ғана шығатын жасампаз таным.
1914 жылы “Әл-Шархиятта” баслым көрген Нұқ Рамазанов жазған “Абай Құнанбаев (1845-1904)” мақаласы да бүкіл Ресей оқырмандарына қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абайдың өмірі мен ақындық өнерін танытуда елеулі рөл атқарады.
2.Орыс жұртшылығы Абай өлеңерімен ресми түрде 1914 жылдан бастап таныса бастады. Ал Абайдың 1989 жылңы “Дала уәлаяты” мен 1896 жылғы Алекторовтың бастырлыған өлеңдері орыс тіліне аударылып басылғанымен, Абай атынан тарамай, Көкбайдың атымен тараған еді. Революцияға дейін Абай өлеңдерімен орыс жұртшылғының танысуы 1914 жылғы Шығыстану институтының “Әл-Шархият” жинағынан басталды. Бұл жинақта Абайдың төрт өлеңінің қарасөзбен мазмұны ғана беріледі.
Ол өлеңдер: 1. “Лето” (Жаз)-аударған Сатылған Сабатаев. 2. “О любви” (“желсіз түнде жарық ай, “Поэт” “Адамның кейбір кездері”, “Пожалейте меня” (Өлсем орным қара жер сыз болай ма?) өлеңдерін Нұрғали (Нұқ) Рамазанов (Ақтөбелік) аударған.
Бұдан соң “Сибирский студент” журналында Абайдың – “Желсіз түнде жарық ай” деген өлеңі шығады.
Абай өзінің шығармалары туралы тұңғыш бағаны да орыс зиялыларынан алады. Бұл жайлы тұңғыш пікір де 1903 жылы петербургте Семенов Тянь-Шанскийдің редакциялауымен басылған. “Россия. Біздің отанымыздың географиялық баяны” деген көршілкке арналған ғылыми кітапта берілді. Мұнда қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі Абай деп танып, Шортанбайды зар-заман жыршысы ретінде қарастырған. Абай туралы: “Как представителя нового в киргизкой поэзии следует называть Кномая (Кунанбаева, - М. М.)” - деп жалпы мағынада айтылса да, ақын шығармаларының басты ерекшелігін дәлбасып, екшей көрсетуімен де қымбат.
Абайдың қайтыс боуына он жыл толғанда Мәскеуден шыққан “Әл-Шархият” жинағында ақынның өмірі мен творчествосын таныстыруды мақсат еткен біраз материалдар жарық көрді.
3.Абай шығармаларын орыс тіліне аудару жайында В. А. Кудашев қолжазбасы мен ағайынды Белослюдовтардың өзара жазысқан хаттарының елеулі мәні бар. Семейлік ағайынды Белослюдовтар Абай шығармаларын орыс тіліне аударып, орыс қауымына танытудағы үлкен жауапкершілікпен қарап, жанашырлықпен әрекет еткен.
Жалпы қазақ әдебиеті, оның ішінде Абай шығармаларын аудары үшін белсене әрекет етуге атсалысқан ағайынды Белосюдовтар: Николай Николевич (1880-1943), Виктор Николаевич (1883-1916), Федор Николаевич (1885-1943), Алексей Николаевич (1887-1939) – төртеуі де педагог, суретші, өлкетанушы, қызметкер ретінде революцияға дейінгі Сібір өлкесіндегі орыс зиялыларының қарапайым халықтық бағыттағы абзал азааттары оатын. Ағайынды төртеуі де Семей қаласында туып-өсті. Өсе келе білім алып, қызмет еткен шағында өздерін ғылым, өнер, ұстаздық жолына арнап, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеу, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, Абай шығармаларын орыс тіліне аударып астыру жөнінде көп еңбектенеді.
Николай Николаевич Орыс Географиялық қоғамы Семей бөлімшесі мен педтехникумында заманымыздың ұлы жазушысы академик Мұхар Әуезовпен бірге қызмет атқарды.
Кеңес жетекшісінің орынбасары болып сайланған М. Әуезов ғылыми экспедиуиялар ұйымастыру жұмысына қозғау салып, оған қажетті қаржы көзін тауып, экспедицияның жоспары мен сметасын жасауға Н.Н.Белослюдовты қатыстырып отырған.
Семейдегі Абайдың әдеб-меориалды музейінде ағайында Белосюдовтар өзара жазысқан жиырмадан аста хаты сақтаулы.
Солардың жіктеуі тікелей Абай өлеңдерін орыс тіліне аудару жайлы мәселеге арналған.
№ 43 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасы 1918-1926 жылдар аралығында
Жоспар:
1. Абай әдеби мұрасын таныту жолындағы идеялық талас-тартыстар
2. Абай мұрасын тұңғыш рет теориялық тұрғыдан зерттеу жүргізген ғалым
3. Ғ.Сағдидың «Абай» атты мақаласының мәні
4. Б.Кенжебаевтың Абай туралы зерттеулері
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1. Абайдың әдеби мұрасын тану, таныту жолындағы әрекеті осы мұраның айналасында елеулі идеялық талас-тартыстың әсерінен 1923 жылы басталғанын көреміз.
Абайды туған халқына таныту, сол арқылы ұйқыдағы езіліп тапталған туған халқының ой-санасын оятуға, жаңа заман көшіне ілесуге тырысқан ұлт танымының сарыны 1918 жылғы “Абай”журналында жарияланған ұлы ақынның әдеби мұрасы туралы Екеудің “Абайдың өнері мен әм қызметі”, “Абайдан соңғы ақындар” деген мақаларында толық көрініс берген деп айта аламыз.
Екеудің ұғымында, қазақ қоғамы -әлеуметтік жіксіз, тапсыз қоғам. Осы қоғамның бейнесі, көрінісі болған әдебиеті де сол тұрғыдан болуы керек. Сондықтан да Абайдың кейінгі қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне қарай жіктегенде жанрлық жағын негізге ала отырып, топтастырған. Мысалы, лириктердің тобына Мағжан Жұмабаев пен С. Торайғыровты жатқызса, халықтық сарындағыларға Ахмет Байтұрсынов пен Сәбит Дөнентаевты, Бекет Өтетілеуовті жатқызады.
Екеу Абайды аудармашы ретінде танытқанымен, Абайдың өз туындылары мен прогрессивті бағыттағы орыстың классикалық әдебиетін идеялық туыстық, эстетикалық тұтастық тапқанына мән берейді.
Бернияз Күлеев Абай шығармаларымен (1909 жылғысымен) жастайынан танысып, өзінің ақындық өміріне үлгі етіп, еліктегені оның төл шығармаларынан ашық байқалады. Бернияз шығармаларына Абай поэзиясының әсері елеулі дәрежеде болғаны талассыз нәрсе.
Өзі ұстаз тұтынып, Абайдың ақындық өнерін жоғары бағалаған Бернияздың Абай туралы материалдарды жинақтап, оның шығармаларын барынша толықтырып басуға, Абайды кең тұрғыда танытуға белсене кіріскені оның Абай туралы мақаласы мен Абай шығармаларының Қазанда басылған жинағында жазған “Сөз басынан” да аңғарылады.
2.Абайдың әдеби мұрасы туралы тұңғыш рет теориялық тұрғыдан барлау жасап, зерттей шолуға ат салысқан, әрі екі рет басылған Абай жинақтарының шығуына ат салысқан М. Әуезов.
Қоңырдың (М.Әуезовтің бүркеншек аты) пікірінше, Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінің ендігі беталысы, оның өсіп өркендер негізгі жолы-сыршыл романтизм.
Академик Сәбит Мұқановтың “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер” деген 1923 жылы “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған мақаласы жоғарғы мәселеге тікелей арналған еді. Мұнда С. Мұқанов Абайдың әдеби мұрасына өзінің қарым-қатынасын білдіргенде, негізінен, ақынның шығармаларының басты сарынына сүрінбей, оның әлеуметтік тегін ғана негізге ала отырып бағалады. І. Жансүгіров “Тілші” газетінде жарияланған “Абай кітабы” (1923ж.) деген мақалсында пікір көтереді.
Ілияс Жансүгіровтің тануында, Абай-өз заманындағы жаңалықтың жаршысы, халық мұңының жоқшысы болған жаңашыл ақын. Ілияс – Абай туралы деректерді жинап, жариялаушылардың бірі.
С. Мұқанов Абайды оның әлеуметтік тегіне қарай бағаласа, І.Жансүгіов Абайдың әлеуметтік тегін біле отырып, Абайдың халық үшін еткен әрекеті мен ақын шығармаларының халықтық рухына сүйене отырып бағалайды.
Ілияс Абайдың ел аузындағы өлеңдерін жинап, Абайдың толық жинағын шығаруға даярлану мәселесін көтереді.
3.Бұл дәуірде Абайдың әдеби мұрасын таныту, бағалауда ғылыми зерттеушілік сипатымен ерекшеленген еңбек Ғабдурахман Сағдидің “Ақжол” газетінің бірнеше санында қатар жарияланған “Абай” деп аталатын көлемді мақаласы болатын. “Абай” деп аталатын мақаласын: “Абай шығармалары”, “Абайды жұртшылық жағынан тексеру”, “Абай өлеңдерінің табиғаты һәм ішкі рухы жағы туралы”, “Абайдың тілі һәм өлшеулері” деген әр түрлі тақырыптарға бөліп, ол мұраны әр жағынан алып, кең түрде зерттеуге ұмтылып, Абай шығармаларына нақтылы сүйене отырып пікір айтты.
Е. Исмайлов “Абайды зерттеу жайында” деген мақаласында: “Сағди мақаласының негізгі бір методологиялық қатесіне” тоқталады.
Ғ. Сағдидің Абай мұрасын зерттеудегі көзге түсер ерекшелігінің бірі – оның Абайдың ақындық эволюциясының сырын, ақын шығармаларындағы өзгерістердің себебін білуге ұмтылып, осы туралы арнайы пікір көтеруінде жатыр.
4.Абайдың қайтыс болуына жиырма жыл толуына байланысты 1924-1925 жылдары жарық көрген “Абайдың 20 жылы” және Б. Кенжебаевтың “Абай” деген мақаласы мен М. Әуезов өткізген Семейдегі әдеби жиын ұлы ақын мұрасын жаңа қырынан танып бағалауға өзіндік орыны бар құбылыс болатын.
Б. Кенжебаевтың мақаласының негізгі нысаны – Абайдың кімнің ақыны екенін анықтау. Міне, осындай кезеңде Б. Кенжебаевтің төңкерістен кейін екі рет басылым көрген Абай жинақтары туралы арнайы тоқталып: «Абай-халықтың тұрмсындағы кем-кетіктерін, жайсыз жақтарын жазған, олардан құтылуға жол көрсеткен, Абайдың ұстанған жолы, көздеген мақсаты елді түземек болған. Абай-іргешіл ақын. Абай қазақтың жазба әдебиетін бастап негіз салған»,-деп бірден-бір дұрыс қорытындыға келді.
№ 44 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасы 1926-1940 жылдар аралығында
Жоспар:
1. Абай мұрасы туралы айтыстар
2. 30 жылдардағы Абай мұрасы туралы пікірлер
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1.Жиырмасыншы жылдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің күрделі мәселелері туралы әр түрлі айтыстар кеңірек етек алды. Осы айтыстарда Абайдың әдеби мұрасына ерекше назар аударылды.
Абай мұрасы туралы талас бұл кезеңде Сәбит Мұқанов пен Ыдырыс Мұстабайұлының арасында басталып, бұл соңыра үлкен айтысқа айналып кетті.
С. Мұқанов бұл жылдары да Абай мұарсы туралы өткендегі қате пікрінің шырмауында қалды. Оның “Көркем әдебиет туралы қорытынды пікірім”, “Әркім өзінше ойлайды” деген мақалаларында Абай мұрасын сол дәуірде етек ала бастаған тұрпайы социологиялық көзқарастың тұрғысынан бағалады. Бұл тек С. Мұқановтың ғана болмай, сол дәуірдегі әдебиет қайраткерлерінің ой алдырған ортақ кемшілігі еді.
С. Мұқанов пен І. Қабыловтың Абай мұрасы туралы пікіріне қарсы пікір таласын тудырып айтысқа араласқанның бірі – Мұстамбай Ыдырыс.
С. Мұқановтың артынша-ақ Абай мұрасы туралы елеулі айтыс тудырған І. Қабыловтың мақалалары да, негізінен, С. Мұқановтың көзқарасы тұрғысынан, Абайды идеалист, байшыл, ұлтшыл ретінде танытты.
Ы. Мұстамбайұлының айтысы ретінде “Жаңа әдебиет” журналының екі санында қатар жарияланған “Абай” деген көлемді мақаласы-сол дәуірдегі әдеби сындардың ішінен өзінің көлемі мен мәні, көтерген мәселесі жағынан әрі зертеушлік бағытымен ерекшеленетін еңбек.
Абайдың әдеби мұрасы қазіргі дәуірде қазақ халқының мәдени өмірінде елеулі орын алатын мұра ретінде қабылдануға тиісті деп қарап, бұл мұраның орыс классиктерімен арақатынасына алғаш рет кең тұрғыда нақтылы талдау жасаған. Абайдың аудармашылық өнерін жоғары бағалап, орыс әдебиетінің Абайға өткен орасан зор әсерін зерттей отырып Абай шығармаларының басты қасиеті- оның реализімінде деп көрсетті.
Абай мұрасын танып білуде бұл кезеңде орын алған әр түрлі көзқарастардың үш саласы, арнасы болады. Олар:
1. Бірінші көзқарас бойынша қоғамның идеологиясын анықтайтын нәрсе тек қана сол қоғамның үстем табы болып табылады да, қоғамның басқа табы есепке алынбайды. Әдебиет саласында өріс алып отырған бұл таным жаңа таптың ешқандай өткен мұра атаулыны есепке алмай таза пролетариат мәдениетін жасамақ болған пролеткультшілдік идеяның жалғасы ретінде өмір сүрді.
2.Абай шығармаларының негізгі әлеуметтік сарынына көңіл бөлмей, оны танып білуде ақын шыққан әлеуметтік тегіне тікелей байланыстыра қарағандықтан, Абайды феодал табының ақыны, соның жақтаушысы деп танытты.
Абайды осы тұрғылдан таныушылар: С. Мұқанов, М. Әуезов, Б.Кенжебаев, Ә. Шарапи, Қ. Қуанышұлы, М. Ақынжанов, М. Қайыпназаров, Р.Жаманқұлұлы, т.б. болды. Бұлардың Абайды танып бағалаудағы көзқарасының бір-бірінен кейбір өзгешіліктері болғанымен, негізінен Абай шығармалары оның шыққан тегіне қарай қарастыру себепті Абайды феодал табының бел баласы, соның идеологы деген танымды ұстанды.
Біздің еліміздің мәдени тұрмысында белгілі мерзімде, белгілі дәрежеде өмір сүріп, әртүрлі формада көрініс берген өткінші танымдардың бірі- түршілдік (формализм) яғни формалистік ағым өмірден орын алды. Көркем шығармалары мен кейбір сын мақалаларда өмірді құрғақ схематизм тұрғысынан көрсетіп, орынсыз түр қуалап, формалистік тұрғыдан танып, бағалау болғаны сияқты Абай мұрасының кейбір жағын тануда таза формалистік таным тұрғысынан танытудың да болғанын көреміз.
Абай мұрасын тануда аса зиянды компаративизмге ұрынған танымда орын алды. Бұл танымды ұстанған кейбір зерттеушілер Абай қарасөздері мен кейбір поэзиялық шығармалары мен толық түрде таныспай жатып-ақ ойшыл Абайды суретші Абайдан бөлек қарады. Абайды ірі ақын, бірақ әлсіз ойшыл ретінде танытуға ұрынды.
С. Мұқанов 1923-1934 жылдардың арасында Абайды байшыл ақын деп, оны мұра ретінде тануға қарсы болса, 1935 жылы Абайды феодал табының буржуазиялана бастаған либералдық тобының идеологы деп таныды. 1936 жылдары Абайды либерал, бірақ ауыл интеллегенциясының демократиялық тіегін білдіруші деп бір адым ілгері басса, 1937 жылдан бастап, Абайды халық ақыны ретінде таныта бастады. 1936 жылдың өзінде-ақ С. Мұқанов Абайды қазақ әдебетінің классигі ұлы реалист деп бағалап, оны мұра ретінде тануға ойысты.
№45 - лекция.
Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасының 1940 жылдардан кейінгі зерттелуі
Жоспар:
1. Абай шығармаларын насихаттау
2. Дерек, мағлұматтарды жинастыру
3. Абай дүниетанымы пікір таласында
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. - À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
8. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1.Абай шығармаларын үзінді, арнайы жинақ, академиялық толық жинақ ретінде жариялау мен ол мұраны ғылымыи-зерттеу ісі арқылы кең түрде насихатау ісі үдей түсті.
Абай шығармалары майдандағы қазақ жауынгерлерінің рухани азығы ретіне 1943 жылы, 1944 жылы таңдамалы жинақтары “Әскери кітапханалар” үшін деген айдармен жарияланады.
Ақын шығармаларын жариялау, әсіресе, жүз жылдық мерейтойға байланысты кең өріс алып, қанат жая бастады. Тұңғыш рет ақынның академиялық толық жинағымен қоса бүкіл туысқан республикалар баспасөздерінде көптеген үзінділер жарияланып орыс, өзбек тілдеріне аударылып, жеке кітап ретінде басылып шықты.
Ұлы ақынның оқырман қауым асыға күткен академиялық толық жинағы өз дәрежесінде шықпады. Бұған Абай шығармаларының конондық текстін даярлау үшін арнаулы текстологялық зерттеулердің болмауы тікелей әсер етті.
2.Дерек, мағлұматтарды жинастыру
Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан тереңірек танып білуде, көбірек назар аударылған саланың бірі- ақынның белгісіз өлеңдері мен ол жөніндегі естеліктерді жинап жариялау, архивтік дерек мағлұматтарды сарыла іздестіру әрекеті күшейді.
1933 жылдан соң Абайдың жаңадан табылған өлеңдері әуелі баспасөзде жарияланып, іле-шала 1945 жылғы академиялық толық жинаққа ендірілді.
Абай тарапынан не қолжазбасы, не архивтік дерек көздері сақталмауы- ақын мұрасын зерттеушілер үшін елеулі қиындықтар туғызуы себепті 20-жылдардың басында-ақ Абай туралы өз замандастарының естелігін жинау ісі қолға алынды.
Осы тұрғыдан қарағанда, Ф.Н. Киреевтің тарапынан табылған Абай туралы архивтік деректер ерекше назар аударылады. Ал М. Фетисовтың Абайға тән деген (“Заметка о происхождений родов средней киргизской орды”) соны дерегінің де елеулі мәні бар.
3.Абай дүниетанымы пікір таласында
Ақын мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу жолындағы ізденістердің көп аялдаған мәселесі - Абай дүниетанымы мен ақын мұрасының рухани нәр алған арналарына келіп тірелетін еді.
Абай дүиетанымының болмысын ғылыми негізде жете танып біле алмау ақын мұарсын зерттеушілерді көп жағдайда теріс пікірге соқтырып, тіпті Абайдың дербес ойшыл екендігіне күмән туғызылып жатты.
Абай мұрасының бұл сияқты күрделі саласын зерттей отырып, пікір айтуға М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. Сильченоко, Н. Сауранбаев, Т. Елеуов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Жиреншин т.б. ғалымдар араласты. Бұл жылдары, алдымен, Абай дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен, яғни нәр алған қазына көздерін анықтаудың міндеті көтерілді.
Академик М. Әуезов Абай шығармаларының нәр алған рухани қазына көздерінің үш арнасы туралы күрделі мәселені 30-жылдардың ортасында көтерді.
Проф. Н. Сауранбаев Абайдың көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен құбылыстардың тарихи екі негізі бар деп білді. Зерттеушінің пікірінше, бірінші негіз Абайды: “прогресшіл ағартушы ниеті ойдан шығарылған, не болмаса Батысқа еліктеуден туған жоқ. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының саяси-экономикалық, мәдени-рухани халін терең талдап зерттеуден, сынап танудан туған еді”- десе, оның екінші негізгі Батыс пен Шығыстық дүние ғылымымен танысудан туған деп қарап, өз ойын “Абайдың әлеуметтік, философиялық, эстетикалық көзқарасының тарихи тамырлары осындай еді”-деп тұжырымдайды.
1941-1951 жылдардың аралығында ақынның дүниеге көзқарасының кей салалары жеке-жеке тексеріле бастады. Әсіресе, Абайдың философиялық көзқарасы арнайы монографиялық тұрғыдан зерттелмесе де, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. Сильченко, Т. Елеуов, Ә.Қоңыратбаев, Ә. Жиреншин т.б. арнаулы зерттеу мақалаларында әр тұрғыдан сөз болғанын көреміз.
Осы дәуірден бастап қана, шын мәнінде, ақын көзқарасының сырын жан-жақты терең танып ақтарып, зерделей қараудың шеңбері кеңи бастады. Осыған орай Абайдың эстетикалық, этикалық, педагогикалық, діни т.б. көзқарастарын жеке-жеке бөлектеп, арнайы зерттей бастаған құбылысты көреміз.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті
“Гуманитарлық білім” факультеті
“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы
“Абайтану” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін
Достарыңызбен бөлісу: |