Лекция № Жаңа компьютерлік тораптардағы коммуникациялық құрылғылар ролі. Коммуникациялық құрылғылардың негізгі түрлерінің функционалдық қызметі, байланыс сызығы, кабельдердің әртүрлілігі



бет2/5
Дата03.01.2022
өлшемі1,28 Mb.
#108245
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презииииииии

Коаксиальды кабель

Коаксиальды кабель өткізгіштердің симметриялы емес жұбынан тұрады. Әрбір жұп ішкі мыс сымдардан және онымен негізделген сыртқы сымдардан тұрады, ал ішкі сымдардан коаксиальдық кабель диэлектрлік бөлгіш арқылы жекеленген мыс труба қойылуы мүмкін. Сыртқы сым екі роль атқарады – ол арқылы ақпараттық сигналдар беріледі, сонымен қатар ол ішкі сымды сыртқы электромагниттік өрістерден қорғайтын экран болып саналады.

Коаксиальдық кабельдердің таратылуы екі себеппен түсіндеріледі

Біріншіден, ол салыстырмалы түрде арзан, жеңіл, иілгіш және қолдануда ыңғайлы;

Екіншіден сенімді және құрылуы қарапайым. Ең қарапайым коаксиальды кабель мыс сымнан тұрады, ол металдық қабықша және сыртқы қабықша түріндегі экранмен бөлшектелген.

Коаксиальды кабель

BNC - коллекторлар


  • Коаксиальдық кабельді қосу үшін BNC - коллекторлар деп аталатындар қолданылады, олардың жиынтығы бірнеше негізгі компоненттерге бөлінеді:

BNC - коллектор кабель сақинаға пайкіленеді немесе қысылады.

BNC Т – коллектор. Т – коллектор желілік кабельді компьютердің желілік платасымен байланыстырылады.

BNC баррел – коллектор. Баррел – коллектор коаксиальдық кабельдің екі ұшын байланыстыру үшін қолданылады.

BNC - терминатор. «Шина» топологиясы желілерде адасып жүрген сигналдарды жұту үшін кабельдің әрбір соңына терминаторлар орнатылады, басқа жағдайда желі жұмыс істемейді.

Коаксиальдық кабельдің екі класы бар:

Поливинилхлоридтік;

Пленумдік – пленум облысында қолдану үшін.

Поливинилхлорид – бұл пластик, ол көптеген коаксиальдық кабельде сыртқы қабықша немесе бөлгіш ретінде қолданылады .

Пленум –бұл әдетте вентиляция үшін қолданылатын бөлімнің бергі төбесі мен жоғарғы жағы арасындағы кішкене кеңістік.Өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес бұл жерге орналастырылатын кабельдер типін қатаң шектейді, себебі өрт жағдайында одан бөлінетін түтін немесе газдар бүкіл ғимаратқа тез тарайды.

Коаксиальдық кабельдің екі класы

Оралған жұп немесе симметриялық кабельдер

  • Оралған жұп негізіндегі кабедьдерді симметриялық кабельдер деп атайды, себебі олар конструктивті жағынан бірдей екі сымнан тұрады.
  • Симметриялық кабель экрандалған виталық жұп негізіне –экрандалған, сонымен қатар экрандалмаған оралған жұп негізінде –экрандалмаған болуы мүмкін.

Электр кабельдерінің кез-келген типтері үшін негізгі қиындықтың бірі аралас сымдардағы сигналдардан пайда болатын бір-бірімен қиылысатын кедергілер. Әсіресе экрандалмаған оралғн жұп қиылыспалы кедергілерге ұшырайды.

Экрандалмаған оралған жұп (UTP) IBS-те жиі қолданылып, сегменттінің максималдық ұзындығы -100 метрді құрайды.

Бірнеше оралған жұп сымдарын бір қорғау қабықшасын жиі орналастырады. Олардың саны мұндай кабельде әртүрлі болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет