Лекция № Жаңа компьютерлік тораптардағы коммуникациялық құрылғылар ролі. Коммуникациялық құрылғылардың негізгі түрлерінің функционалдық қызметі, байланыс сызығы, кабельдердің әртүрлілігі



бет1/5
Дата03.01.2022
өлшемі1,28 Mb.
#108245
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Презииииииии


ЛЕКЦИЯ № 8.

Жаңа компьютерлік тораптардағы коммуникациялық құрылғылар ролі. Коммуникациялық құрылғылардың негізгі түрлерінің функционалдық қызметі, байланыс сызығы, кабельдер, кабельдердің әртүрлілігі.

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Физикалық орта


  • Физикалық орта коммуникация құрылғыларының негізі болып саналады және онда байланыстың физикалық жабдықтары мен физикалық орта арқылы байланысу физикалық деңгейді қамтамасыз етеді. Физикалық орта ретінде эфир, металлдар, оптикалық шыны және кварц кеңінен қолданылады.
  • Физикалық деңгейде тасымалдағыш орналасып, ол арқылы деректер беріледі. Физикалық деңгейде физикалық кабельдер үшін төмендегілерден тұратын ортаның механикалық және электрлік қасиеттері анықталады:

Кабель мен разъемдер типі;

Разъемдердегі контактілер байланысы;

0 және 1 мәндері үшін сигналдардың кодталу схемасы.

Каналдық деңгей


  • Каналдық деңгей канал бойынша деректерді жіберу процедурасы арқылы жіберуді басқару және ортамен байланыс орнатуды анықтайды.
  • Жергілікті желілерде каналдық деңгей протоколдарын компьютерлер, коммутаторлар және маршрутизаторлар қолданады. Комьютерлерде каналдық деңгей функциялары жиілік адаптерлер мен олардың драйверлерінің үйлесімі арқылы жүзеге асады.

Байланыс сызықтары
  • Желілерді құру кезінде әр түрлі физикалық ортаны қолданатын байланыс сызықтары қолданылады. Осы немесе көптеген байланыс сызықтарының типін таңдау кезінде өңдеушілер ең алдымен олардың техникалық сипаттамаларын, бағасын және монтаждау қарапайымдылығын ескереді. Байланыс сызығы жалпы жағдайда физикалық ортадан тұрады, ол арқылы аралық аппаратура, деректерді жіберу аппаратуралары мен ақпараттық сигналдар арқылы беріледі.
  • Деректерді жіберудің физикалық ортасы кабельден тұруы мүмкін, яғни байланыстырушы разъемдер, қорғау қабықшалары мен бөліктеу қабықшалары, сымдар жиынтығы, сонымен қатар ақпараттық сигналдар таратылатын жергілікті ауа немесе космостық кеңістік жаңа телекоммуникациялық жүйелерде ақпарат электрлік ток немесе қысым, радиосигнал немесе жарық сигналдары арқылы беріледі. Барлық бұл физикалық процестер табиғаты мен жиілігі әр түрлі электромагниттік өріс тербелісінен тұрады.

Деректерді жіберу ортасына байланысты байланыс сызықтарын төмендегілерге жіктеуге болады:

Сымдық (ауалық);

Кабельдік (мыс және талшықты – оптикалық);

Жергілікті және спутниктік байланыс радиоканалдары.


  • Сымдық байланыс сызықтары бағандар арасына орнатылған және ауада болатын қандай да бір бөлігіне немесе экрандаушы кедергілерсіз сымдардан тұрады. Олардың кемшіліктері – бұл жылдамдық сапасы мен кедергілерден қорғалғандығында.
  • Кабельдік сызықтар күрделі конструкциядан тұрады. Кабель бірнеше бөлгіш қабаттарда орналасқан сымдардан құралған : электрлік, электромагниттік, механикалық, сонымен қатар климаттық болуы да мүмкін. Бұдан өзге кабель әр түрлі құрылғыларды оған байланыстыруды жылдам орындауға мүмкіндік беретін разъемдермен жабдықталған болуы мүмкін.

Кабельдің негізгі түрлері:

Коаксиальды кабель

Оралған жұп

Экрандалмаған

Экрандалған

Талшықты оптикалық кабель





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет