Лекция № Жаңа компьютерлік тораптардағы коммуникациялық құрылғылар ролі. Коммуникациялық құрылғылардың негізгі түрлерінің функционалдық қызметі, байланыс сызығы, кабельдердің әртүрлілігі



бет4/5
Дата03.01.2022
өлшемі1,28 Mb.
#108245
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презииииииии

Талшықты–оптикалық кабель


Талшықты–оптикалық кабель жарықтық сигналдар таратылатын жіңішке шыны талшықтардан тұрады. Бұл кабельдің ең сапалы типі ол деректерді үлкен жылдамдықпен (10 Гбит/с және одан жоғары) жіберуді қамтамасыз етеді және ішкі кедергілерден деректерді басқа орталарға қарағанда жақсы қорғайды.

Әрбір жарық жүргізулері орталық жарық жүргізгіштен (сердцевинадан) тұрады – шыны талшық және шыны қабықша. Орталық жарық жүргізгіш бойынша жарық сәулелері таратылғанда оның сыртына шықпайды. Сыну көрсеткішінің таратылуы мен орталық диаметрінің шамасына байланысты төмендегілерге жіктеледі:

Сыну көрсеткіші сатылы өзгеріске ұшырайтын көп модалы талшық;

Сыну көрсеткіші балқымалы түрде өзгеретін көп модалы талшық;

«Мода» түсінігі кабельдік ішкі ортасында жарық сәулелерінің таратылу режимін сипаттайды.

Бір модалы кабельде жарық талшығының ұзындығы мен өлшенетін диаметрі өте кішкене орталық жүргіш пайдаланылады.

Барлық жарық сәулелері жарық жүргіштің оптикалық осі бойымен таратылады.

Бір модалы кабельде өте жіңішке сапалы талшықтарды дайындау күрделі технологиялық процестен тұрады, сондықтан бір модалы кабель бағалы болады.

Сонымен қатар, осындай кішкентай диаметрлі талшыққа жарық жиынтығын бағыттау өте күрделі.

Бір модалы кабель

Көп модалы кабельдер

Көп модалы кабельдерде технологиялық дайындалуы оңай кең ішкі орталықта қолданылады.

Көп модалы кабельде ішкі жүргіште бір мезгілде бірнеше жарық сәулелері болады, олар сыртқы жүргіштен әртүрлі бұрыштар арқылы шағылысады.

Сәулелік шағылысу бұрышы сәуле модасы деп аталады. Сыну коэффициенті балқымалы өзгеретін көп модалы кабельдерде әрбір модалық таратылу режимі күрделі сипаттан тұрады.

Әртүрлі модалардың сәуле интерференциясы берілетін сигнал сапасын төмендетеді.

Көп модалы кабельдерді дайындау оңай, сондықтан олар бір модалардан арзан, бірақ олардың сипаттамалары бір модалықтарға қарағанда төмен.

Нәтижесінде көп модалы кабельдер жылдамдығы 1 Гбит/с аспайтын кішкене қашықтықта (300-2000 м) деректерді жіберу үшін қолданылады, ал бір модылылар өте жоғары жылдамдықта секундына бірнеше ондаған гигабит пен бірнеше километрден бірнеше ондаған (жергілікті және қалалық желілер) және тіпті жүздеген (қашық байланыс) километр қашықтыққа деректерді жіберу үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет