11 лекция. Топырақтың қышқылдығы және сілтілігі Топырақ қышқылдығы - құрамындағы сутек иондарының әсерінен қышқылға тән қасиет көрсетуі.Табиғи жағдайда топырақ ерітіндісінің реакциясы 3-тен (сфаг- нум шымтезектерде) 10-ға дейін (сортаң топырақтарда) құбылады, көбінесе, 4-8 арасында болады.
Өсімдіктердің жəне микроорганизмдердің дамуына, топырақтағы өтіп жататын əртүрлі химиялық жəне биохимиялық процестердің жылдамдығы мен бағыттарына топырақ реакциясы үлкен əсер етеді. Сонымен қатар топыраққа енгізілетін тыңайтқыштардың тиімділігіне əсер етеді. Тыңайтқыштар өз жағынан топырақтың реакциясын өзгерте алады.
ТОПЫРАҚ ҚЫШҚЫЛДЫҒЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ: актуалды, потенциалды, алмасу және гидролитикалық.
Топырақтың актуалды қышқылдығы, топырақ ерітіндісінің қышқылдығы сутек ионының (Н+) гидроксил ионының (ОН-) концентрациясынан артық болғанда байқалады.
Топырақта өнебойы СО2 түзіліп тұрады. Ол топырақ ылғалымен əрекеттесіп, көмір қышқылы диссоциацияланады. Нəтижесінде топырақ ерітіндісінде сутек иондарының концентрациясы артады да, ерітінді қышқылданады.
Егер топырақта кальций мен магний карбонаттары жəне сіңірілген катиондар арасында кальций көп болса (сұр, қара топырақ), онда топырақ ерітіндісінде кальций бикарбонаты орын алып, топырақты əлсіз сілтілендіреді.
Қышқылды жəне күшті қышқылды шымды-күлгін жəне шымтезекті-батпақты топырақтарда сіңірілген күйде кальций аз, сутек пен алюминий иондары көп, топырақ ерітіндісін көмір қышқылы мен қатар еритін органикалық қышқылдар жəне гидролиз нəтижесінде қышқыл мен əлсіз негіз пайда қылатын алюминий тұздары қышқылдандырады.
Топырақтың потенциалды қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешеніңің қышқылдығы, оны топырақта сіңірілген сутек немесе алюминий иондары тудырады.
Топырақтың алмасу қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешеніңің қышқылдығы, оны топырақта алмаса сіңірілген сутек не- месе алюминий иондары тудырады. Алмасу қышқылдық топырақты бейтарап тұздың ерітіндісімен (KCl) өңдегенде анықталады.
Топырақтың гидролитикалық қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешенінің қышқылдығы, оны топырақпен берік байланысқан, қиын алмасатын сіңірілген сутек иондары тудырады. Гидролитикалық қышқылдық топырақты гидролитті сілтілі тұздың ерітіндісімен (CH3COONa) өңдегенде анықталады.
Топырақ реакциясы енгізілетін тыңайтқыштар əсерінен де өзгереді. Мысалы, физиологиялық қышқылды тұздарды(NH4Cl, (NH4)2SO4, т.б.) енгізгенде топырақ ерітіндісі қышқылданады, ал физиологиялық сілтілі тұздарды (NаNO3, Ca(NO3)2) пайдаланғанда қышқылдығы азаяды немесе топырақ ерітіндісі сілтіленеді.
Топырақтың қышқылдану факторлары:
ТАБИҒИ - Көмір қышқылының диссоциациясы, Органикалық қышқылдардың диссоциациясы
АНТРОПОГЕНДІК - Егіншілікте топырақты қарқынды пайдалану, Атмосфералық қышқылдың түсуі
Топырақ-бұл өсімдіктер өсетін жердің жоғарғы құнарлы қабаты.
Топырақтың реакциясы (қышқылдығы, сілтілігі) оның қандай заттарды (элементтерді) сіңіргендігіне де өте тығыз байланысты. Егер топырақ (оның қатты бөлшектері) сутегін немесе алюминийді сіңірсе, ол қышқыл болады; ерітіндіден натрийді сіңірген топырақ сілтілі, ал кальцийге қаныққан топырақтың реакциясы бейтарап болады.Табиғатта түрлі топырақтардың реакциясы түрліше келеді.
Мысалы, батпақ, күлгін жəне қызыл топырақтар – қышқыл, сортаңдар
сілтілі, ал кара топырақ – орташа реакциялы болады.
Реакциясы өте қышқылды, не өте сілтілі болып келетін топырақтарда егілетін дақылдардан мол өнім алу үшін түрлі өңдеу (мелиорациялау) жұмыстарын жүргізеді. Қышқылдықтың жоғарылауының теріс әсері бірқатар себептерге байланысты, олардың негізгілері: Ca2 + жетіспеушілігі, улы Al3+, Mn4+, Н + концентрациясының жоғарылауы, қоректік заттардың өсімдіктерге қол жетімділігінің төмендеуі, топырақтың қолайсыз физикалық қасиеттері.
Алғаш рет К. К. Гедройц ұсынған топырақ қышқылдығын жоюдың негізгі әдісі – ІЗБЕСТЕУ.Әдіс негізі: Құрамында кальций бикарбонаты бар топырақ ерітіндісінде Ca2+ және OH-иондарының концентрациясы жоғарылайды. Кальций катиондары сутегі иондарын ығыстырады және қышқылдық бейтараптандырылады.
Топыраққа әк қолданған кезде келесі реакциялар жүреді: СаСО3+Н2О+СО2=Са(НСО3) - СаСО3 – ерімейтін карбонат еритін бикарбонатқа айналады Са–Са(НСО3)2.
Диссоциацияға ұшырап иондарға ыдырайды Са2+ және 2НСО3- және гидролизге ұщырайды:
Са(НСО3)2+2Н2О=Са(ОН)2+2Н2О+2СО2
Са(ОН)2=Са2++2ОН-.