12 лекция. Топырақтың сілтілігі Топырақтың сілтілігі- жоғары рН мәнімен және ондағы натрийдың жоғары мөлшерімен сипатталады.Топырақтағы Na-дың пайда болуы оның натрийдың тұздарымен тұздануымен байланысты. NaCl, Na2SO4, Na2CO3сынды еріген тұздардың мөлшері жоғары топырақты солончактар деп атайды.Тұздану процесінде еріген тұздардың артық мөлшерін жою нәтижесінде солонецты топырақ және сілтілік реакцияны көрсететін солонeцтар түзіледі. Содалық солончактар (содасы бар) тұздануға тәуелсіз сілтілік реакцияға ие.
Сілті топырақтардың ерітінділерінде Na2CO3 пен NaHCO3 бар,соның әсерінен оның рН мәні 8 -ден жоғарылайды.Натрий кабонатының топырақ ерітіндісінде түзілуін натрий мен көмірқышқыл газының арасындағы алмасу реакциясымен түсіндіріледі:
Сода түзілуінің биологиялық теориясына сәйкес сульфатты төмендететін бактериялар күкітқышқылды тұздармен тотығып, органикалық заттар қатысында соданың түзілуіне әкеледі:
Топырақтағы натрийдың мөлшеріне байланысты келесідей түрлері ажыратылады:
Күшті солонцты топырақNa>20%
Солонцты топырақNa 10-20%
Әлсіз солонцты топырақNa 5-10%
Солонцты емес топырақNa >5%
Сілтілік топырақтың кері әсерін жою үшін гипстеу қолданылады. Топырақ пен гипс арасындағы реакция келесідей:
Компенсирлеуші қабатта Na –дың Са-ға ауысуы соданың түзілу мүмкіндігін тоқтады,нәтижесінде рН төмендейді . Гипс пен топырақ ерітіндісіндегі соданың әрекеттесуіне әкеледі:Сульфатпен тұзданбас үшін белсенді жуу керек.
Гипстың дозасын келесі формула бойынша анықтайды:CuSO4*2H2O=0.086 (Na-0.057 T)Hd
Мұндағы:Na- натрийдың мөлшері мг/экв 100 г топыраққа;
Т- 100 г топыраққа сіңіру сыйымдылығы мг-экв;
Н- жер қабатының қалыңдығы (пахотного слоя);
D- жердің көлемдік салмағы;
0,086-1 мг/экв CuSO4*2H2O.
Ылғал жоғары болған жағдайда Na ығыстыру хлорлы кальций тұзы мен алмастырылады,ол гипске қарағанда ерімтал.Не темір сульфатын қолдануға болады.
Топырақ сілтілігін төмендету үшін қышқылды минералды тыңайтқыштар қолданылады: