Дискомицеттер қатарлар тобы
Олар ашық жеміс дене – апотеций түзеді. Апотеций пішіні бойынша табақша, немесе шүмек тәрізді, орналасуы бойынша – отырықты немесе аяқты болады. Әдетте конидиалдық кезеңі болмайды. Бұл топтың ішінде ең маңыздысы – Гелоциелілер қатары (Helotiales). Осы қатарға жататын Sclerorotinia туысының өкілдері өсімдіктердің склеротиниоз немесе ақ шірік ауруын қоздырады. Әдетте ақ шірік ауруымен зақымданған ұлпа алғашында суланады, соден соң бетін мақта тәрізді саңырауқұлақ мицелиінен тұратын өңез басады. Ол біртіндеп отырып, тығыздалыпірі қара-қошқыл склероцийлер түзеді. Олардан кейін мицелий немесе апотецийлер өсіп шығады. Апотецияларда споралары қалталар түзіледі. Конидиалды спора түзу кезеңі болмайды.
Ең кең тараған түрі Sclerotinia sclerotiorum Lib. – күнбағыс, сәбіз және басқа да бірқатар дақылдардың ақ шірік ауруының қоздырғышы. Pseudopeziza туысының саңырауқұлақтары жоңышқаның, бұршақтың, қара қарақаттың жапырақтарының дақ ауруын қоздырады. P. medicaginis – жоңышқа жапырығының қоңыр дақ ауруын қоздырады.
Осы топқа жататын тағы бір қатар –Фацидий тәрізділер (Phacidiales). Олардың арасында өсімдік қалдықтарымен қоректенетін сапротрофтармен қатар өсімдік паразиттері де кездеседі, мысалы шменің коккомикоз ауруының қоздырғышы – Coccomyces hiemalis Higgins.
Қуысқалталылар класс тармағы
(Локулоаскомицеттер – Loculofscomycetidae)
Бұл класс тармағы өкілдерінің нағыз жеміс денелері болмайды. Қалталары ерекше қуыс – локулаларда түзіледі. Олар кезегінде мицелиалдық түзілім – псевдотецияларда орналасады. Көптеген локулоаскомицеттер паразиттік дәрежесі бойынша факультативтік сапрофиттер қатарына жатады. Әдетте қалта түзу сатысы өсімдік қалдықтарында аяқталады. Сонымен қатар вегетация кезеңінде екінші кезек залалдау көзі болып саналатын конидиалдық даму сатысы да сақталуы мүмкін.
Қуыстықалталылар қатарына алма мен алмұрттың парша ауруының қоздырғыштары – Venturia inaequalis Wint. және V. pirina Aderh. және бидай мен арпаның тамыр шірігінің қоздырғыштары – Ophiobolus graminis Sacc. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |