Плектомицеттер қатарлар тобы. Көбіне клейстотеций түзеді, перитеций түзуі сирек кездеседі. Қалталық споралары өздігінен босайды. Бұл қатарлар тобына өсімдік қалдықтарында және өсімдік тектес өнімдердің бойында сақтау кезінде жетілетін сапротрофты саңырауқұлақтар жатады. Олардың ішінде кең тарағандары Aspergillus және Penicillium. Плектомицеттер арасында ауыл шаруашылық дақылдары мен ағаштардың ауру қоздырғыштары болып табылатын жартылай паразиттер де кездеседі.
Пиреномицеттер қатарлар тобы. Бұл саңырауқұлақтар даму циклінде негізінен перитецийлертүзеді. Клейстотецийлер түзуі сирек кездеседі. Бұл топтың ішінде өсімдіктердің қауіпті ауруларын қоздыратын саңырауқұлақ қатарлары кездеседі.