Пикнидиалдылар қатары (Pycnidiales, немесе Sphaeropsidales). Конидиалдық спора түзу шар немесе алмұрт тәрізді пикнидаларда жетіледі. Пикнидалар субстратқа батып тұрады да, бетінде тек қара ноқат күйінде байқалатын сыртқа шығатын саңылауымен кішкене бөлігі ғана болады. Конидийлер, немесе пикноспоралар, пикнидалардың ішінде, олардың қабырғаларында түзіледі. Ауру белгілері дақ (өңезсіз), немесе құрғақ шірік.
Туыстарға бөлінуі пикноспоралар мен пикнидалардың пішіні мен құрылсына негізделеді.
Phoma туысы – пикноспоралары ұсақ, бір клеткалы, түссіз. Бұл туысқа картоптың фомоз ауруының қоздырғышы Р. exuqua Desm.
Ascochyta туысы – пикноспоралары бір, кейде бірнеше бөліктерден тұрады, түссіз. Осы туыстың өкілі асбұршақтың аскохитоз ауруының қоздырғышы A. pisi Lib.
Septoria туысы – споралары түссіз, жіп тәрізді, көп клеткалы. Бұл туыс өкілдері – S. nodorum Berk және S. tritici Rob. дәнді дақылдардың септориоз ауруын қоздырады.
Достарыңызбен бөлісу: |