Иммунитет категориялары
Иммунитет туа біткен (тұқым қуалайтын) және қалыптасқан болып екіге бөлінеді. Туа біткен иммунитет ата-анасынан балаларына беріледі. Ол тек өсімдіктердің генотипі өзгерсе ғана өзгереді.
Қалыптасқан иммунитет онтогенез барысында қалыптасады. Оның мысалын медицинада жиі кездестіруге болады. өсімдіктерде бұндай айқын байқалатын қалыптасу қасиеті болмайды, алайда өсімдіктердің ауруға төімділігін арттыруға бағытталған шаралар болады. Бұл шаралар ұдайы зерттеліп, толықтырылуда.
Пассивті төзімділік патогеннің әрекетіне байланыссыз, өсімдіктердің конституционалдық ерекшеліктерімен анықталады. Мысалы, өсімдіктердің кей мүшелері кутикуласының қалыңдығы пассивті иммунитет факторы болып табылады. Активты иммунитет факторлары өсімдік пен патоген әрекеттескенде ғана іске асады, яғни патологиялық үрдіс кезінде ғана пайда болады.
Сондай-ақ иммунитеттің спецификалық және спецификалық емес түрлері ажыратылады. Спецификалық емес иммунитет – кейбір ауру қоздырғыштардың өсімдіктердің нақты түрлерінің ауруын қоздыруға қабілетсіздігі. Мысалы, қызылша дәнді дақылдарыдың қара күйе ауруына, картоптың фитофторозына, картоп қызылшаның церкоспороз ауруына, астық дақылдары картоптың макроспориоз ауруына шалдықпайды. Ал дақылдың сорт деңгейіндегі кейбір ауру қоздырғыштарға төзімділігі спецификалық иммунитет деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |