Пән туралы мәлімет
Курстың атауы: Алгебра және геометрия
Курстың коды:
Сабақ кестесі:
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 2 кредит сағат саны болу тиісті.
2-семестр:
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты
1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ (практикалық сабақ)
|
50 мин.
|
Байланыс сағаты
2
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ (практикалық сабақ)
|
50 мин.
|
Байланыс сағаты
2
(1 практика)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ(практикалық сабақ)
|
50 мин.
|
Оқу жоспарынан көшірме (2 кредит үшін):
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Практикалық сабақ
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
1
|
2
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
92
|
емтихан
|
Кіріспе
Сызықтық алгебра-бұл алгебралық структура теориясының,дәлірек айтқанда сызықты кеңістіктер мен сызықтық бейнелеулердің дербес түрі. Оқытылатын пәндердің ішінде сызықтық алгебраға мәні және мазмұны бойынша ең жақыны-аналитикалық геометрия.Сызықтық алгебраның негізгі модельдерін түзу,жазықтық және үш өлшемді кеңістік жағдайларында жүзеге асыру бұл жалпы конструкцияны табиғи түрде сипаттау болып табылады.Курста оқыту барысында оқытудың лекциялық және практикалық сабақ түрлері пайдаланылады. Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия курсының мазмұны ғылыми тұрғыға сай әрі нақты әрі түсінікті болуы қажет. Сонымен қатар оқыту барысында есептер шешудің маңызы зор. Алгебра және геометрия пәні информатик маманының білімін дамыту және практикалық қызметке дайындау үшін маңызды роль атқарады. «Алгебра және геометрия» пәні басқа барлық математикалық пәндерді оқытуда іргелі база болып есептеледі. Сонымен бірге теориялық және қолданбалы бағдарламамен тығыз байланысты.Курс сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның материалдары математикалық анализдің теориясымен бірге әртүрлі білім саласындағы мамандардың математикалық білімінің негізі болып табылады.
Курстық қысқаша сипаттамасы.
Пәнді оқытудың мақсаты-студенттердің кәсіпке сай негізгі математикалық білімдерін қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
-логикалық және алгоритмдік ойлауды жетілдіру;
-математикалық есептерді шешу мен зерттеудің негізгі әдістерін меңгеру,
-нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеру;
-математиканың негізгі сандық әдістерін және осы әдістердің жүзеге асырылуын меңгеру;
-математикалық білімін өздігінен жетілдіруді қамтамасыз ету және қолданбалы есептерге математикалық талдауды жүргізуге дағдыландыру.
Пререквизиттер:
Жоғары мектепте математиканы нәтижелі оқытудағы қажетті шарттардың бірі мектептегі математика курсының білімі, алгебра, геометрия, және тригонометрия ұғымдары және формулаларымен жұмыс жасау қабілеті.
Постреквизиттер:
«Информатика» мамандығында оқып жүрген студенттерге математиканы білу барлық пәндерді оқып-үйренуде қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |