Лекция 1- Кіріспе. Микробиология пәні мен биотехнология сабақтастығы
Мақсаты: Студенттердің микробиология мен биотехнология негіздері пәндерінен алған білімдерін қайталай отырып, сабақтастығын көрсету
Қарастырылатын сұрақтар:
Биотехнология пәнімен басқа ғылым салаларының байланысы
Микроорганизмдерге қысқа сипаттама
Биотехнологиялық өндірістерде қолданылатын микроорганизмдердің негізгі топтарының өкілдерінің сипаттамасы
Биотехнология микробиология, молекулалық биология, генетикалық инженерия, химиялық технология ғылымдарының тоғысқан жерінде бастау алған білім саласы болып табылады. Биотехнологияның қалыптасуы адамзаттың халық шаруашылығындағы, медицина, ветеринария салаларындағы арзан өнімдерге деген қажеттілігінің артуына орайлас болды. Биотехнология-( греч. bios - өмір, teken - шеберлік, logos -ғылым)- биологиялық объектілерден немесе биообъектілер көмегімен қажетті өнім алуға бағытталған әдістер жайлы ілім. Биологиялық объектілер ретінде адам, жануарлар, өсімдіктер ағзаларын, жеке органдар мен тканьдер культураларын пайдалануға болады. Бірақ биообъектілер ретінде бірклеткалы микроорганизмдерді және оқшауланған өсімдіктер мен жануарлар клеткаларын жиі пайдаланады. Микроорганизмдерді таңдау себептері;
- клеткалары тіршілік ету барысында түрлі құнды өнімдер болып табылатын және басқа жолмен (биотехнологиялық емес) алынуы қиын немесе тиімсіз заттарды өп мөлшерде өндіре алады
-клеткалары өсімтал болған себепті аз уақыт ішінде арзан қоректік орталарда өнеркәсіптік ауқымда клеткалық биомассаның орасан мөлшерін алуға болады.
- химиялық әдіске қарағанда аса күрделі қосылыстар синтезін экономикалық тұрғыдан тиімді әрі технологиясы қарапайым жолмен іске асырады.
Микробты клеткалар тіршілігі барысында жаңа өнімдер мен физ-хим. Қасиеттері және биологиялық әсері түрлі метаболиттер бөледі. Олардың өнімдерін 4 топқа бөледі.
-клеткалар қажетті өнімнің көзі болып табылады. Мыс. Бактериялар мен вирустар тірі немесе корпускулалық вакцина алуда, ашытқылар белок алуда пайдаланылады.
- клеткаларды өсіру кезінде пайда болатын макромолекулалар (ферменты, токсины, антигены, антитела, пептидогликаны)
-клеткалардың өсуіне қажетті 1-реттік (метаболиттер аминокислоты, витамины, нук-леотиды, органические кислоты)
-клетка тіршілігі кезінде түзілетін ақырғы өнім(антибиотики, алкалоиды, токсины, гормоны)..
Биотехнологиядағы өнеркәсіптік өндіріс бірнеше принципке негізделген: ашу (ферментация), биоконверсия (бір заттың 2-ге айналуы), клеткаларды дақылдау, генетикалық манипуляциялар
. Биологиялық әдістер қоршаған ортаның ластануымен, өсімдік және жануарлар зиянкестерңмен күресу шаралары ретінде қолданылады. М/О биотехнологиясы жетістіктеріне сондай-ақ иммобилизацияланған ферменттерді, синтетикалық вакциналарды алу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |