Лекция 1- кіріспе. Микробиология пәні мен биотехнология сабақтастығы


Инсулин (от лат. insula — аралшық



бет37/56
Дата05.09.2020
өлшемі126,2 Kb.
#77247
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
Байланысты:
бт микроорганиз лекция

Инсулин (от лат. insula — аралшық) – Лангерганс аралшықтарының β-клеткалары бөліп шығаратын белок-пептидті гормон. Табиғи жағдайда ол клеткада 110а.қ-ды ізашар біртізбекті белок-препроинсулиннен түзіледі. Түйіршікті ЭТ өткенде одан 24 амин қышқылынан тұратын сигналды пептид ажырап проинсулин п.б. Проинсулин ГА гранулаға қапталып, 4 негіздік амин қышқылды қалдығынан ажырайды, нәтижесінде инсулин п.б. Инсулин молекуласы 2 п/п тізбектен тұрады. Кқп жануар түрінде инсулиннің түзілуін реттейтін 1 ген болады.

Сусамыр кеселінің қалыптасуының негізінде инсулин түзілу процесінің барысы бұзылады, сондықтан ҚД емдеу схемасы міндетті түрде инсулинді инъекцияларды қажет етеді. 20 ғасырдың 20-жылдары ҚД емдеуге шошқа мен бұзаулардың ұйқы безінен алынған инсулинді қолданды. Жануарлар инсулині жалпы адамдікіне ұқсағанымен бірқатар ерекшеліктері де бар. Мыс. Шошқаның инсулинінде треонин а.қ аланинмен ауысқан, сол себепті ол кейбір науқастарда аллергиялық реакциялар қоздыруы мүмкін. Оның үстіне вирустардың адаға берілу ықтималдығы өте жоғары болады және барлық ауру адамдарды қамтамасыз ете алмайды. Сол себептен гормонның биосинтезі аса маңызды мәселе болып табылды, инсулиннің аминқышқылды тізбегі толық белгілі болғандықтан оны гендердегі кодтаушы нуклеотидті тізбектің мәнін болжау қиынға соқпайды. ДНҚ молекуласын қолдан құрастырып, прокариотты организмде экспрессиялануы үшін қажетті реттеуші элементтер қосу арқылы алынған синтетикалық ген Е. Coli генетикалық материалына енгізілді, нәтижесінде бактерия инсулинді құраушы 2 тізбекті түзіп шығарды, экстракциядан кейін ол полипептидті тізбектер хим. Әдіспен біріктіріледі. Бұл жолмен алынған инсулин табиғи инсулинмен бірдей, әрі таза, арзан болып келеді.



Соматотропин – гипофиздің нейропептидті регуляторлы гормоны. Ол клеткалардың өсіп, дифференциациялану процестеріне тікелей әсері бар. Гормонныі жетіспеушілігі бала бойының тежелуіне, ергежейліліктің п.б, себеп болады. 80 жылдарға дейін ол ауруды мәйіттердің гипофизінен өндірілген гормондармен емдеді. Бәрақ ол әдіс өте тиімсіз болды, себебі, гормон мөлшері аз, әдіс қаржы жағынан қымбат, этика тұрғысынан қолайсыз деп табылған және де бұл жолмен алынған препараттарда сиыр құтырмасы вирусы болуы мүмкін еді. Өсу гормонының түзілуіне жауапты ген 1980 жылы қолдан жасалып, E. coli геномына енгізілді. Рекомбинантты соматотропин табиғи гормоннан молекуланың NН2-ұшында қосымша метионинді топтың болуымен ерекшеленеді.

Рекомбинантты ДНҚ әдістерінің көмегімен басқа да өсу және дифференциациялану факторлары синтезделеген. 1982 жылы СТ релизинг факторы синтезделді, СТРФ соматотропин тапшылығын толтыра алады, сондай-ақ оны диабет кезінде, күйік емдеуде қолданады.

Пептидті гормон алудың технологиялық циклі 5 кезеңнен тұрады


  1. ферментация;
    2) белокты алғашқы тазартылуы;
    3) хроматографиялық тазарту;
    4) дәрілік форманы әзірлеу;
    5) гормонды препарат сапасын тексеру

Технологиялық процес ерекшелігі белокты тазарту кезінде толық апирогенділікті қамтамасыз ету б.т.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет