Лекция 1- кіріспе. Микробиология пәні мен биотехнология сабақтастығы


Мал азығын дайындау, сақтау және өңдеу технологиялары



бет51/56
Дата05.09.2020
өлшемі126,2 Kb.
#77247
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
бт микроорганиз лекция

Мал азығын дайындау, сақтау және өңдеу технологиялары.

Пішен – мал азығы ретінде қолданылатын шөптесін өсімдіктердің жасыл күйінде шабылып кептірілген жапырақтары мен сабақтары.

Пішендеме - құндылығы жоғары спецификалық жемнің түрі. Ол ылғалдылығы 55-60% жеткенше кептірілген шөптерді консервілеу арқылы даярланады. Пішендеме жасау қиын сүрленетін дақылдарды өңдеуге қолайлы әдіс б.т.

Көпжылдық шөптесін өсімдіктерден дайындалған 1 кг пішендемеде 50-55г сіңімді протеин және 35-40г каротин болады. Жем шөп құрамындағы протеиндер құрамы мен бағамы бойынша пішендеме балғын көк шөпке жақындайды. Пішендеме жасау және даярлауда азықтық дақылдарды таңдау, шабу мерзімі, әзірлеу және сақтау технологиялары есепке алынады. Пішендеме – кепкен шөптерден тұратын мал азығы және де ол анаэробты жағдайда сақталуы тиіс. Пішендемені консервілеу-кепкен өсімдіктердегі судың мөлшерін азайтуға негізделген, яғни сусыздану салдарынан көптеген шіріткіш бактериялар түрінің, соның ішінде май қышқылды бактериялардың көбеюі шектеледі. Сонымен бірге пішендеменің ылғалдығы төмен болғандықтан ол жерде сүт қышқылды бактериялардың да тіршілігі баяулайды, нәтижесінде пішендеменің қышқылдығы сүрлемге қарағанда төмен болады. Пішендеме массасында тек қана зең саңырауқұлақтары жақсы өседі. Олардың дамуын тек қана массаны ауа ағынынан оқшаулау арқылы тоқтатуға болады. Ауасыз ортада өсімдік клеткаларының тыныс алуы тоқтап, массаның қызуын туғызатын термофильді бактериялардың көбею мүмкіншілігі шектеледі. Пішендеме мен сүрлемнің микробиологиялық құрамы бірдей болғанымен, ол жердегі ортада ылғал мөлшері төмен болғандықтан процесстер баяу өтеді, демек МО сандық жағынан аздау болады.



Сүрлем жасау

Сүрлемдеу- мал азығын консервілеудің биологиялық әдісі. Жасыл өсімдіктерді сүрлемдеудің мәні ұсақталған балауса н/е кепкен, тығыздалып салынып, ауасыз ортада сақталатын өсімдік массасында биохимиялық және микробиологиялық процестердің жүруінде. Сол процестің нәтижесінде орта қышқылдығын арттыратын сүт, сірке, басқа да органикалық қышқылдар, СО2, қосымша консервілеуші заттар ретінде антибиотикті заттар түзіліп отырады. Сүрлемдеу әдісі бұрыннан белгілі, алғашқы деректер б.з. д. 1500-1000 жж п.б. Сүрлемдеу теориясының негізін А.А. Зубрилин 30-жылдары жасаған болатын, ол « қант минимумы» теориясын ұсынды.Ол теория бойынша, сүрленетін жемшөпте рН көрсеткішін 4,2 жеткізуді қамтамасыз ететін сүт ұышұылының түзілуіне қажетті қанттың пайыздық мөлшері қант минимумы д.а. Қант минимумының негізінде өсімдіктердің сүрлемдеуге бейімдігін алдын ала болжауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет