Ортаның қышқылдығы-МО тіршілік етуі ортада сутектік және гидрооксилді иондардың концентрациясына тәуелді. Көптеген бактериялар үшін оптималды рН 7-ге жуық немесе әлсіз сілтілі болады. Зең саңырауқұлақтары мен ашытқылар әлсіз қышқылды ортада жақсы өседі. Қышқылды ортада көптеген МО өз тіршілігін тежейді, бұл консервілеуде жиі қолданады.
Тұздар мен қанттардың концентрациясы-тұз және қант баяғыдан бері тағамдардың микробты бүлінуіне қарсы шара ретінде қолданылатыны белгілі.Ортада еріген заттар концентрациясының өсуі МО ішіндегі осмостық қысымның өзгеруіне әсер етіп,олардың сусыздануына әкеледі. Мыс, ортада ас тұзының 3-4 % жоғарылауы шіру бактерияларының көбеюін тежесе, 7-8% артуы мүлдем тоқтатады. Бірақ кейбір МО тұзды ортаға төзімді келеді, оларды галофилдер д.а.
Жарық- Кейбір МО қалыпты дамуы үшін жарық керек, бірақ көбінесе жарық МО тіршілігін тоқтатушы фактор б.т. Күннің УФ сәулелері бактерицидті қасиетке ие болғандықтан бактериялардың тіршілігін тоқтатады. С.с инфрақызыл сәулелер, электромагнитті өріс те МО өсуін тежейді.