Сұйықтық пен биомассаны бөліп алу.
Қажетті өнім клетка құрамында не сүйықтықта болады. Оларды бөліп алу үшін мынадай процестерді қолданады:
Тұндыру – гравитациялық күштер әсерінен фазалардың бөлінуі.
Сүзу- суспензияларды сүзгіден өткізу арқылы қатты фазаны-биомассаны алу. Әдетте МО-продуцент мицелий күйінде болатын антибиотик өндірісінде пайдаланылады.
Сепарация – ашытқылар мен бактерияларды жем қоспаларын өндірісі барысында ажырату үшін пайдаланылады, мұнда фазалар тепкіш күш әсерінен бөлінеді.
Микрофильтрация- МО клеткаларын мембрана бетінде ұстап қалу мақсатында суспензияларды саңылаулары өте кішкентай мембраналар арқылы өткізу. Бқл кезде алынатын ерітінді құрамында клтекалары жоқ таза күйде алынады.
Коагуляция — суспензияға ірі клеткалық агломераттардың пайда болып тұнбаға түсуіне көмектесетін реагенттерді қосу арқылы қажетті затты бөліп алуды жеңілдету әдісі.
Флотация — МО биомассасын көбік көпіршіктерімен байланыстыру арқылы көбікті фракциядан бөліп алу
Достарыңызбен бөлісу: |