Лекция 1- кіріспе. Микробиология пәні мен биотехнология сабақтастығы



бет21/56
Дата05.09.2020
өлшемі126,2 Kb.
#77247
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Байланысты:
бт микроорганиз лекция

Өнімді тазарту-түрлі әдістерді пайдалану арқылы іске асырылады. Олардың біразы бөліп алу кезіндегі әдістермен сай келсе, кейбіреулері өзгеше.

Хроматография — адсорбцияға ұқсас процесс. Қатты сорбентке құрылымы жағынан ұқсас заттар сіңіріледі, адсорбция кезінде заттар бірмезгілде десорбцияланса, хроматография әдісін қолданғанда әртүрлі қосылыстар сорбенттен бөлек-бөлек шығады.

Диализ — жартылай өткізгіш мембрана арқылы төменмолекулалы заттарды өткізу. Диализ арқылы вакциналар мен ферменттерді тұздардан, т.б қоспалардан тазартады.

Кристаллизация- түрлі температураларда заттардың ерігіштігінің әртұрлілігіне негізделген процесс.Өнім ерітінділерін баяу суыту арқылы тазалығы жоғары өнім кристалдарын алуға мүмкіндік береді. Қайта кристалдау арқылы өнімнің тазалығын арттыруға болады.

Өнімді тазартқан соң оның концентрациясын арттырады, ол кезде буландыру, кептіру, тұндыру, кристалдау, ультрафильтрация әдістері қолданылады. Сонымен өнім бастапқы БТ кезеңнен шыққанда суспензиядағы концентрациясы 0,1-1%, биомассаны бөлген соң 0,1—2%, бөліп алу сатысынан соң-1—10%, тазартқанна кейін 50—80%, концентрациялаудан соң — 90—100% жетеді.

Концентрлі өнім алынған соң ол тауарлы формаға келтіріледі, яғни гранула, драже, таблетка түрінде шығарылады немесе ампула, құтыларға құйылады.

БТ өндіріс кейбір сатыларында атмосфераға қалдықтарын бөледі.Оларды тазарту маңызды мәселе. Лас суларды тазарту бұл да БТ өндіріс саласы б.т. Оның да өз кезеңдері болады. Тазартылған суды кейде БТ процеске қайта пайдалануға болады.

МО мен олардың өнімдері қазіргі таңда өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен пайдаланылады.

Микробты биомасса малға жжем қоспасы ретінде беріледі. Кейбір дақылдардың биомассасы тағам қндірісінде түрлі ашытқылар ретінде пайдаланылады (нан пісіру, шарап ашыту, т.б.). МО пайдаланудың тағы бір бағыты- олардыі тіршілік процестерінің өнімдерін қолдану. МО топырақ құнарлығын арттыруда мәні зор. Олар топырақ шіріндісін-гумустың түзілуіне тікелей қатысады. МО медицинада ваукциналарды алуда, мұнай өндірісінде, тағамдық және химиялық өнеркәсіпте қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет