Беттік дақылдау арқылы ферментер алу
Беттік әдіспен өсірілгенде МО культурасы қатты ылғалданған қоректік ортада өседі. Мицелий субстраттың қатты бөлшектерін біріктіріп қоршайды, клетканың тыныс алуына ауа керек болғандықтан қоректік орта борпылдақ және продуцент биомассасы шағын болуы керек.
Өндірістік дақылдау асептикалық жағдайда іске асырылуы тиіс. Беттік дақылдың артықшылығы- ферменттердің ақырғы концентрациясы қоректік орта массасына шаққанда жоғары және оңай лиофильденіп тауарлы формаға ауыстырылады.
Егіс материалы 3 түрлі болады:
- Қатты ортада өскен дақыл
- Споралар
- Мицелиалды культура
Егіс дақылының өзін 3 сатыда алады. Алдымен стерильденген культура үлгісін 1-1,5г. бидай кебегінде пробиркада спора түзгенше өсіріп, колбаларға, артынша үлкен ыдыстарға ауыстырады. Беттік әдіспен дақылдау барысында қоректік ортаның негізінде кебекті пайдалану ыңғайлы, себебі оның құрамында қажетті қоректік заттар және өсу факторлары бар, сондай-ақ кебек ортаның борпылдақ құрылымын қамтамасыз етеді. Ферменттердің белсенділігін арттыру үшін қызылша сықпасын, крахмал, өсімдік текті қалдықтарын қосуға болады.
Культураның өсуі уақыт аралығы жағынан 3 кезеңге бөлінеді. Алдымен конидиялар ісініп өсіп шығады (280С), артынан мицелий өсіп конидийлер пайда болады. Продуцент өсіп шығу үшін ылғалдылықтың деңгейі 55-70% болып аэрацияны қамтамасыз ету қажет.
Қозғалмайтын қабатта өскен культура мицелиймен тығыз бітісіп кеткен қоректік орта кесектері түрінде болады. Массаны ұсақтап, 10-12% ылғал жерде кептіреді. ФП тазартылмаған күйде тері илеу және спирт өндірісінде пайдаланса болады. Тағам және медицина өнеркәсібінде ФП тек аса тазартылған түрде ғана пайдаланылады.
Тазарту схемасы бойынша ферменті бар орта алдымен ерімейтін заттардан арылтылады, қосымша еритін заттардан ажыратылады, соңында фракцияларға бөлінеді.
Ферменттерді экстракция арқылы су көмегімен бөліп алады. Ол кезде ерітіндіге қанттар, пектинді заттар гидролизінің өнімдеріөтеді. Бөліп алған соң ФП кептіріліпбелсенділігі стандартты көрсеткішке келтіріледі.
Ферменттер-табиғаты белокты заттар болғандықтан ұзақ сақтауға келмейді және жылу әсеріне төзімсіз. Онымен қоса ферменттерді қайталап көп рет пайдалануға болмайды. Бұл мәселені иммобилизацияланған ферменттерді қолдану шешеді. Ферменттерді иммобилизациялау әдісін 1916 жылы Дж. Нельсон және Е. Гриффин ойлап тапты. Олар инвертаза ферментін көмірге адсорбциялап, оның каталитикалық белсенділігінің өзгермейтіндігін көрсетті. Иммобилизацияланған фермент термині 1971 жылы заңдастырылып, белок молекуласының кеңістікте қозғалу еркін шектеу дегенді білдіретін болды. Ферменттер иммобилизациясының мәні- олардың белсенді формасының ерімейтін негізге бекітіліп н/е жартылай өткізгіш мембраналық жүйелерге енгізу б.т. Ферментті тасымалдаушы негізге енгізу адсорбция арқылы, химиялық байланыс түзу арқылы, ферментті механикалық түрде органикалық немесе бейорганикалық гельге кіргізу арқылы іске асады. Ферментті бекіту кезінде функционалды топтар ғана негізбен байланысады, фермент-субстратты комплексті түзетін белсенді орталық бос болуы керек. Фермент отырғызылған материал түйіршікті, талшықты, тақта тәрізді, жарғақша, іші қуыс түтікшелер т.б. болып келеді. Тасымалдаушы негіз табиғи, синтетикалық зат та бола алады.
.Иммобилизацияланған ферменттердің артықшылығы:
1. Гетерогенді катализатор ортадан оңай бөлінеді, сондықтан реакцияны кез келген сәтте тоқтатып, ферментті қайталап пайдалануға болады
2. Ферментативті процесс реакция жылдамдығы мен өнім шығымын реттей отырып үздіксіз жүргізіледі
3. Ферментті модификациялау оның қасиеттерін бағытты түрде өзгертеді
4. Ферменттің белсенділігін тасымалдаушы негіз қасиеттерін физикалық әсерлер арқылы өзгерту арқылы реттеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |