Стероидтардың микробиологиялық трансформациясы
Табиғи стериндер- стероидты препараттар алудың негізгі көзі. Олар тірі ағзаның физиологиялық-биохимиялық функцияларының бәріне қатысады. Олар мембраналар, клетка қабығы, құрылымдық түзілімдерді қалыптастыруда аса маңызды ролге ие және де кейбір мәлімет бойынша улы қосылыстар әсеріне клетка төзімділігін анықтайтын фактор б.т. Стериндер молекуласы ерекше циклді қаңқадан -3 алтымүшелі(А, В и С) және 5мүшелі (D) сақиналардан – циклопентанпергидрофенантреннен тұрады. Стериндерге С-3 жағдайында ОН тобы бар стероидтар да жатады.
Жақсы зерттелген стериндерге-холестерин -С27Н46О- жатады. Холестерин клетка құрылымдарын түзуші молекулалардың бірі, холестерин негізінде прогестиндер, жыныс гормондары және кортикостероидтар пайда болады. Холестериннен стероидты гормондар п.б.-да алдымен прегнолон – стеродты гомондар синтезінің аралық өнімі түзіледі. Ол тотығып, прогестеронға айналады. Прогестерон –плацента мен сары денешік гормоны б.т. Прогестерон тестостерон мен эстрогенді гормондарды түзілуіне бастама болады. Бүйрек үсті безінің ұыртысты ұабатында прогестерон кортикостерон мен гидрокортизолға айналады.
Табиғатта кездесетін басқа стериндер холестериннен бүйірлік тізбек ұзындығы жағынан жіне қанығу дәрежесі бойынша ерекшеленеді. Фитостериндер өсімдік бойынан табылып, стероидты препараттар синтезінде негізгі шикізат ретінде қолданылады.
Эргостерин-Д витаминінің ізашары, өсімдіктерде, саңырауқұлақтарда, МО бойынан табылған. Өндірістік деңгейде эргостерин өндірісінде наубайлық ашытқылар пайдаланылады. Стигмастерин – соя майы мен қант қамысында көп болады, β-ситостерин стигмастеринге ұқсас, тек бүйірлік тізбегінде қосарлы байланыстың болмауымен ерекшеленеді. Стигмастерин және ситостерин – стероидты гормон алуда арқан шикізат кқзі б.т.
Стероидтардың индустриалды синтезі микробиологиялық трасформация құбылысына негізделегн әдіс дамыған соң мүмкін болды. Шикізат ретінде стигма-ситостерин, диосгенин пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |