Лекция 1- кіріспе. Микробиология пәні мен биотехнология сабақтастығы


Микробиологиялық трансформацияларды жүргізу әдістері



бет41/56
Дата05.09.2020
өлшемі126,2 Kb.
#77247
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Байланысты:
бт микроорганиз лекция

Микробиологиялық трансформацияларды жүргізу әдістері

Стероидтар биотрансформациясының алуантүрлілігіне қарамастан микробиологиялық реакцияларды жүргізу әдістері біртиптес. Ферменттерді стерилизациялап, ферментерге стерильді қоректік ортамен бірге асептикалық жағдайда енгізілген трансформациялаушы дақыл үстіне қосады. Барлық урдістерде қатаң асептикалық жағдай қамтамасыз етіледі. Трансформациялаушы МО дақылының өсу уақыты максималды трансформациялаушы белсенділіктің қалыптасуына орай анықталады. Көптеген культуралар үшін максималды трансформациялаушы белсенділік культураныі өсуі тежеле бастағанда байқалған.

Стериндер суда ерімейді, сондықтан оларды сумен араласатын органикалық еріткіште ерітіп немесе ультрадыбыс не арнайы құрылғыларда ұсақталған ұнтақ түрінде культураға енгізеді. Биотрансформацияланатын стериндерді басқа да әдіспен ерітуге болады. Ол үшін стериндерді гептан/этиленхлорид қоспасында ерітіп сумен араластырады, содан соң қоспаны 95°С қыздыру арқылы еріткішті ажыратады.

Трансформация МО-дің стериндерді көміртек көзі ретінде пайдалану құбылысына негізделген, сол себепті орта оттекке үнемі қынықтырылып отыруы керек. Ортаға майлар, триглицеридтерді қосу трансформация өнімділігін жоғарылатады. Глицеридтердің МО өсуін күшейту әсері стериндердің гидрофобтығын төмендетуіне байланысты деп болжайды. Температуралық режим 24—33°С, рН әр продуцент ерекшелігіне қарай әртүрлі болады.

Трансформация аяқталған соң культуралды сұйықтық сумен араласпайтын органикалық еріткіштер көмегімен экстракцияланады. Сулы фазадан бөлінген экстракт тазартылып, вакуумде концентрленіперіткіштен кристаллдану арқылы арылтылады.Микробиологиялық трансформацияларды жүзеге асыру процестерінің ерекшелігі- трансформациялаушы МО культураларының абсолютті тазалығында.

Витаминдер-хим. Табиғаты әртүрлі, ағзада каталитикалық және реттеуші қызмет атқаратын ерекше органикалық қосылыстар тобы. Витаминдер гетеротрофтар организмінде түзілмейді. Витаминдерді автотрофтар-өсімдіктер, біраз МО түзеді. Соған орай өндірістік ауқымда витаминдер синтезі МО көмегімен жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет