Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері



бет23/34
Дата08.06.2022
өлшемі0,56 Mb.
#146214
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалы химия п ніні негіздері ж не оны дістер

Редокс-метрия.
Жоспар:
1.Редокс-метрияның теориялық негіздері.
2.Редокс-индикаторлар.
3.Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісінің қисықтары.

Редокс-метрияның теориялық негіздері. Тотығу-тотықсыздану титрлеу (редокс-метрия) тотығу-тотықсыздану реакцияларына (ары қарай ТТР) негізделген. Оларды жүргізген кезде титрленетін зат титрантпен тотығу-тотықсыздану реакциясына түседі. Егер титрант – тотықтырғыш болса, онда титрлеудің бұл түрін тотықтыру титрлеу деп атайды. Ал егер титрант тотықсыздандырғыш болса, онда титрлеудің түрін тотықсыздандыру деп атайды. Мұндай тотығу-тотықсыздану реакцияларының 90000 астам түрі белгілі. Алайда олардың ішіндегі реакциялардың шамалысы ғана қолданылады.


Редоксметрияда қолданылу үшін ТТР келесі талаптарға жауап беруі керек:
А)реакция аяғына дейін жүруі керек;
Б)реакция тез жүруі керке;
В)нақты құрамы бар реакцияның өнімдері түзілуі керек;
Г)эквиваленттік нүктені белгілеу мүмкіндігі болуы керек;
Д)жанама реакцияларға қатыспауы керек;
Е)қайтымсыз болуы керек.

Сапалық талдауда тепе-теңдік константасы (немесе тұрақтысы Кр) 108 -нен жоғары болу керек; яғни, Кр>108, себебі мұндай шартқа жауап беретін реакциялар стехиометриялық болады. Бұл көрсеткіштен төмен реакциялар аяғына дейін жүрмейді, әр түрлі факторлардың (ионды күш, рН-нің мәнінің ауытқуына, температураға) әсеріне бейім келеді. Мысал ретінде астат-ион (AsO43-) мен иодид-ионның (I-) арасындағы реакцияны келтіруге болады. Реакцияның Кр=5. Ал кейбір реакциялардың тепе-теңдік константалары өте жоғары болғанымен жылдамдығы төмен. Сондықтан оларды да қолдану тиімсіз. Мысалы, (Mn2+) марганецтің ионының аммонийдің персульфатымен ((NH4)2S2O8) тотығуы (Kр=5*1083 ?). Кейбір жағдайларда осыған ұқсас реакцияларды қыздыру арқылы немесе катализаторларды қосу арқылы жылдамдатуға болады. Мысалы, калийдің перманганатының және аммонийдің оксалатының арасындағы ТТР-сы баяу жүреді, алайда қыздырған кезде және MnO4-–ионның тотықсыздануы кезіндe түзілетін (Mn2+) марганецтің ионының қатысында бұл реакция үдейді.


Жоғарыда аталғандай ТТР-ын әдісте қолдануының шарты – эквиваленттік нүктенің индикациясының айқын болуы. Эквиваленттік нүктенің айқын болуы (электр қозғаушы күштің) ЭҚК-тің шамасына байланысты. Оның шамасы реакцияға түсетін редокс-жұптың потенциалдарының айырмасына тең. Химиялық индикациялау кезінде ЭҚК 0,4-0,5 В-тан кем болмау керек, ал аспаптық индикацияда 0,2 В-тан кем болмау керек. Басқа жағдайда реакция аяғына дейін жүрмейді немесе титрлеудің эквиваленттік аймағында (ары қарай ТЭА) потенциалдың сәйкесінше бірден секіруі байқалмай қалады. Нәтижесінде титрлеудің аяқталғанын индикациялау қиынға соғады.
Редокс-метрияда титрант ретінде тотықтырғыштардың және тотықсыздандырғыштардың ерітінділері қолданылады. Реакцияның жүру жағдайларына байланысты ТТР-дағы балансқа түскен электрондардың саны әр түрлі болады. Сондықтан да титранттардың тұрақты эквиваленттері болмайды. Мысалы, қышқыл ортада MnO4-–ионы 5 электронды қосып алады, ал сілті ортада 3 электронды, ал бейтарап ортада 1 электронды қосып алады да, сәйкесінше Mn2+ ионына, MnО2 молекуласына, MnО42- ионына дейін тотықсызданады.
Редокс-индикаторлар. Редокс-метрияда эквиваленттік нүктені (ЭН) анықтау үшін индикаторлық және аспаптық индикация қолданылады. Аспаптық әдістердің ішінде кең қолданылатындары – потенциометриялық және амперометриялық титрлеу әдістері. Индикаторлық әдістерде келесі индикаторлар қолданылады: а) тотығу-тотықсыздану (редокс-) индикаторлары – олардың түсі жүйедегі тотығу-тотықсыздану потенциалдарының өзгеруі кезінде жүреді; б) арнайы индикаторлар – олардың түсі титрант пайда болған кезде немесе анықталып жатқан зат жоғалғанда өзгереді.
Редокс-индикаторлар екі формада болады – Indок тотыққан және Indвос тотықсызданған. Олардың біріншілерінің түсі екіншілерінен өзгеше болады.

IndОк + nе- -----> Indвос


Индикатордың бір формадан екінші формаға өтуі және оның түсінің өзгеруі белгілі потенциалда байқалады. Бұл потенциал индикаторлардың тотыққан және тотықсызданған формаларының концентрациялары тең болған жағдайда байқалады және Нернст-Петерс теңдеуі бойынша :


EInd = E0Ind + 0,059/n lg([Indок]/[Indвос]) (54)


[Indок]=[Indвос] болғанда Е қалыпты тотығу-тотықсыздану потенциалына Е0 тең болады. Бұл кезде индикатордың молекулаларының жартысы тотыққан , ал келесі жартысы тотықсызданған күйде болады.


Индикатордың өту аралығында (ИА) оның түсі өзгере бастайды. ИА индикатордың екі формасының концентрацияларының арақатынасының 1/10 және 10/1 аралығында жатады және

[Indок]/[Indвос]= 1/10 болғанда: E = E0 + 0,059/n lg10-10-0,059/n;


ал [Indок]/[Indвос]= 10/1 болғанда: E = E0 + 0,059/n lg1010+0,059/n; ИП=Е0±0,059/n


Редокс-индикаторлардың өту аралығы қышқылдық-негіздік индика-торларға қарағанда кең емес. Редокс-индикаторлардың ішінде келесі түрлері болады:


А)қайтымды редокс-индикаторлар – олардың түсі өздерінің аттары айтып тұрғандай жүйенің потенциалы өзгергенде қайтымды ауысады;
Б)қайтымсыз редокс-индикаторлар – олардың түсі қайтымсыз өзгереді;
В)люминисценттік индикаторлар – сәйкесіне потенциалда люминисценция байқалады.
Қайтымды редокс-индикаторлардың ішінде көбінесе дифениламин, фенилантранил қышқылы қолданылады.

Бақылау сұрақтары:


1.Тотығу-тотықсыздану титрлеу (редокс-метрия) қандай реакцияларға негізделген ?
2.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының көп боуына қарамастан олардың 10 шақтысы ғана пайдаланылады. Неге ?
3.Эквиваленттік нүктені қалай анықтайды ?
4. Индикаторлардың түстерінің өзгеруі қандай жағдайда байқалады ?
№ 22-ші дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет