Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері


Лекция № 11 Аналитикалық химияда ғы тотығу-тотықсыздану реакциялары



бет11/34
Дата08.06.2022
өлшемі0,56 Mb.
#146214
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалы химия п ніні негіздері ж не оны дістер

Лекция № 11
Аналитикалық химияда ғы тотығу-тотықсыздану реакциялары
Лекцияның жоспары:
1. Тотығу-тотықсыздану потенциалы.
2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының бағыты .
3. Ред-окс жұбының құрама бөліктерінің концентрацияларының, ортаның реакциясының тотығу-тотықсыздану потенциалының мәніне әсері.
4. Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің тепе-теңдігі.

Химиялық анализдің сульфидтік топтау жүйесі бойынша ІҮ және Ү-ші топтардың катиондары қышқылдық ерітінділерден аз еритін сульфидтердің түрінде Н2S-тің көмегімен тұнбаға өту арқылы бөлініп алынады. Бұл екі топтың катиондарының көптеген қасиеттері ұқсас келеді. Мысалы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысу қабілеттілігі. Ү-ші топтың катиондары Ag+ , Pb2+, Hg22+ бұл топтардың басқа қалған катиондарынан ерекшелігі олардың хлоридтері аз ериді. Н2S-пен тұндыру тұз қышқылымен өңделген ерітіндіден жүргізілетіндіктен, бұл катиондар Н2S–ті ерітіндіден өткізбей тұрып түрінде бөлініп алынады.


Жалпы алғанда ІҮ-ші және Ү-ші топтардың катиондарының ортақ қасиеттері болғандықтан олардың қасиеттеріне байланысты теориялық сұрақтар екі топ үшін бірге қарастырылады.
Әр түрлі тотығу-тотықсыздану үрдістерін оқып үйрену кезінде әрқашан бір тотықтырғыштың берілген затты оңай тотықтыратындығы, ал басқа біреуінің тіпті тотықтыра алмайтынын байқаймыз. Мысалы, СІ2 Вr ионын тотықтырады:

СІ2 + 2Вr- → Вr2 + 2СІ-


Ал енді Ғе3+ ионы Вr- –ионын Вr2-ге дейін тотықтыра алмайды. Ғе3+ ионы алайда І- -ионын оңай тотықтырады:


2Ғе3+ + 2І- → І2 + Ғе2+


Бұл реакциялардан байқайтынымыз: олардың «күштері» әр түрлі. Яғни, әр түрлі тотықтырғыштардың және тотықсыздандырғыштардың химиялық белсенділігі бірдей емес. Көрсетілген мысалдарда СІ2 молекуласы Ғе3+ иондарына қарағанда анағұрлым күшті тотықтырғыш. Ал І- -иондары Вr- -иондарына қарағанда анағұрлым күшті тотықсыздандырғыш.


Қандай да бір болмасын атом, ион және молекула электрондарын неғұрлым оңай берсе, онда ол соғұрлым күшті тотықтырғыш болып табылады.
Әр түрлі атомдар, иондардың және молекулалардың электрондарды беруге және алуға қабілеттілігі сандық сипатта гальваникалық элементте сәйкес реакцияларды зерттеу нәтижесінде алуға болады.

Бақылау сұрақтары:


1. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының химиялық анализдің сапалық бөлімінде ?
2. Ионның тотықтырғыш және тотықтырғыш болуы мүмкін бе ?
3. Гальваникалық элементтің екі электроды да платинадан әзірленетіндігі белгілі. Олай болса неге осы екі электродтың біреуін сутектік деп атайды ?
4. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүру бағытын және жылдамдығын қандай факторлар анықтайды ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет