Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері


Лекция № 13 Кешендік қосылыстарды аналитикалық химияда қолдану



бет13/34
Дата08.06.2022
өлшемі0,56 Mb.
#146214
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалы химия п ніні негіздері ж не оны дістер
Резюме Касенов А.Е.
Лекция № 13
Кешендік қосылыстарды аналитикалық химияда қолдану
Лекцияның жоспары:
1.Кешендік қосылыстар
2.Кешендік қосылыстардың құрылымы
3.Кешендік қосылыстардың тұрақтылығы
4.Кешендік қосылыстардың катиондарды талдау үшін маңызы

ІІІ-ші топтың және де басқа да топтардың катиондарының реакцияларын оқып білу барысында құрылымы әдеттегі тұздармен, мысалы АІ2(SО4)3, ҒеSО4, Ғе(СN)2 қатар құрамы күрделі қосылыстармен кездесеміз. Мысалы, мұндай қосылыстарға алюмо-калий ашудасы КАІ(SО4)2·12Н2О, хром-калий ашудасы КС(SО4)2·12Н2О, Мордың тұзы (NН4)2Ғе(SО4)2·6Н2О, калийдің гексациано-ферраты К4[Ғе(СN)6] және т.б.


Бұл заттардың молекулалары құрамы бойынша күрделі есем өзара электрлік бейтарап молекулалардың қосылуы нәтижесінде түзіледі. Мысалы,

K2SO4 + Al2(SO4)3 → 2KAl(SO4)2


(NH4)2SO4 + FeSO4 → (NH4)2Fe(SO4)2
Fe(CN)2 + 4KCN → K4[Fe(CN)6]

Мұндай қосылдтарды жоғары реттік қосылыстар деп атайды. Анализ үшін мұндай қосылыстардың қалай ионданатындығы маңызды. Осы мысалдарды қарастырайық. Суда Мордың тұзынан аздап ерітіп, алынған ерітіндіге (NН4)2S–пен әсер еткенде түзілген қара түсті тұнба бойынша біз Ғе2+ -ионының бар екендігін анықтай аламыз:


Fe2+ + S2- → FeS↓


Бұл реакция Мордың тұзының ерітіндісінде Ғе2+ -иондарының бар екендігін көрсетеді. Сол секілді NН4+ -иондарын да сілтінің көмегімен қыздырып анықтау мүмкін болады. Ал SО42- – иондарын анықтау барысында ВаСl2-нің ерітіндісімен ақ кристалдық түрде тұнба түзіледі. Бұл талдаудан келесі нәтиже шығарылады:


(NH4)2Fe(SO4)2 → 2NH4+ + Fe2+ + 2SO42-


KAl(SO4)2 → K+ Al3+ + 2SO42-

Алайда кейбір жоғары реттік қосылыстар диссоциациялануы бұл реакциялардан өзгеше болады. Сондықтан да әдеттегі иондарды анықтау мүмкін болмайды. Себебі олар күрделі иондардың, кешендік иондардың құрамында болады. Мысалы, калийдің гексацианоферратының (ІІ) K4[Fe(CN)6] ерітіндісіне NaHC4H4O6-ның ерітіндісімен әсер еткенде калийдің гидротартратының ақ түсті кристалдық тұнбасы түзіледі. Ал осы ерітіндінің бір бөлігіне (NН4)2S-нің ерітіндісін қосқанда FeS-нің қара тұнбасы түзілмейді. Сонымен қатар СN- ионды да әдеттегі реакцияның көмегімен анықтау мүмкін болмайды. Мінеки, осы ерекшеліктерді білу анализдеушіге кешендік қосылыстардың талдаудағы маңызын терең игеру керектігін көрсетеді.


Бақылау сұрақтары:


1.Кешендік қосылыстардың анализ үрдісіне тигізетін әсері қандай ?
2.Кешендік қосылыстардың көмегімен иондарды жасыру қалай жүргізіледі ?
3.Анализ барысында кейбір катиондардың бар бола тұрып анықталмай қалу себебі неде ?
4. Калийдің гексацианоферратының (ІІ) ерітіндісінде Ғе2+ және СN иондарының мүлдем жоқ деуге болады ма ? Неге ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет