Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері



бет16/34
Дата08.06.2022
өлшемі0,56 Mb.
#146214
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалы химия п ніні негіздері ж не оны дістер
Резюме Касенов А.Е.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Алексеев В.Н. Курс качественного химического полумикроанализа. –М.: Химия. 1973. -584 с.
2.Пономарев В.Д. Аналитическая химия. Част 1. Качественный анализ. –М.: Высшая школа, 1982. 288 с.
3.Крешков А.П. Основы аналитической химии. Качественный анализ. –М.: Химия. 472 с.


Лекция № 16
Мөлшерлік анализ пәні және әдістері
Лекцияның жоспары:
1. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі
2. Талдау әдістеріне сипаттамалар.
3. Сандық талдау әдістерінің қателіктері.
Сандық анализ пәні – заттың мөлшерлік құрамын анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістерді оқып үйрену.
Мөлшерлік анализдің – анализделетін заттың құрамына кіретін әр түрлі компаненттердің мөлшерін, сондай-ақ анализденетін қоспаның құрам бөліктерінің мөлшерлік арақатынасын анықтау болып табылады.
Мөлшерлік анализ көмегімен көптеген мәселелер шешіледі, олардың негізгілері мыналар:
Заттардың атомдық, мольдік және эквиваленттік массаларын анықтайды. Зерттелетін заттар құрамына кіретін иондар мен молекулалардың, элементтердің мөлшерін анықтайды. Зерттелетін затта оның құрам бөліктері қандай арақатынаста болатынын табады. Мөлшерлік анализдің мәліметтері бойынша құрамындағы негізгі компоненттер мен қоспаның мөлшеріне байланысты болатын заттардың сапасын анықтайды. Бұл өз кезінде заттардың қолдануға жарайтындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Мөлшерлік анализ көмегімен тұрақты химиялық бақылау арқылы өндірістегі технологиялық процестердің жүргізілу дұрыстығын тексереді. Химиялық бақылаусыз өндіріске материялдың еш қайсысы түспейді және дайын өнімнің еш қайсысы шықпайды.
Мөлшерлік анализдіңі нәтижелері массалық үлеспен (%), бір литр ерітіндідегі моль санымен, 1 кг еріткіштегі моль санымен және т.б. көрсетеді.
Мөлшерлік анализді химиялық, сондай-ақ аспаптық әдіспен орындайды.
Мөлшерлік анализдің химиялық әдістері құрам тұрақтылық заңына, заттың массасыныңі сақталу, эквиваленттер заңына негізделген .
Анализдің химиялық әдістеріне гравиметриялық және титриметриялық әдістері кіреді (қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану, комплексоно-метриялық, тұндыра титрлеу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет