Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері



бет15/34
Дата08.06.2022
өлшемі0,56 Mb.
#146214
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалы химия п ніні негіздері ж не оны дістер
Резюме Касенов А.Е.
Бақылау сұрақтары:
1.Аниондарды жіктеу олардың қандай белгілер негізделеді ?
2. І-ші аналитикалық топтың аниондарын талдау қалай жүргізіледі ?
3. ІІІ-ші аналитикалық топтың топтық реагенті бар ма ? Себебі ?
4. Түсіне қарап түссіз және жаңа ғана талдауға берілген құрғақ зат үлгісінде мыстың және кобальттың катиондары жоқ деуге болады ма ? Неге ?
Лекция № 15
Концентрлеу және бөлу әдістері
Лекцияның жоспары:
1. Аналитикалық химиядағы сорбциялық үрдістер
2. Химиялық талдаудағы сұйықтықпен экстракциялау. Қатты материалдардан аналитикалық экстракциялау
3. Аналитикалық қайнату арқылы бөлу
4. Заттарды концентрлеу
5. Хроматографияның негізгі принциптері.

Әр түрлі сорбциялық үрдістер аналитикалық химияда кең қолданыс тапқан. Қатты заттардың немесе сұйықтардың (сәйкесінше олар адсорбенттер және абсорбенттер) затты өзіне сіңіруін сорбциялық үрдістер деп атайды. Осыған байланысты адсорбция және абсорбция үрдістерін ажыратады. Адсорбциялық үрдістердің ішінде молекулярлық және ионндық алмасу адсорбциясы кең қолданылады.


Заттың қоспасындағы кейбір заттарды ғана еріткіштің көмегімен ерітіп бөлуді экстракция деп атайды. Заттың агрегаттық түріне қарай қатты зат – сұйықтық және сұйық зат – сұйық жүйесіндегі экстракция деп бөлінеді. Аналитикалық химияда осының соңғысы кеңінен қолданылады. Экстракцияның барысында заттың компоненттері еріткіште жай талғамды түрде еруі мүмкін немесе олардың арасында реакция жүруі мүмкін.
Анализге көп жағдайда әр түрлі қатты заттар беріледі. Бұл жағдайда оларды алдымен жекелеп экстракциялайды да, соңынан экстрактты талдауды жүргізеді. Қатты зат – сұйықтық жүйесінде алдымен қатты фазаның сипатын және күйін ескереді.
Аналитикалық қайнатып бөлу, немесе дистилляция, ұшқын компоненттердің (мысалы, эфирлік майларды) булануына негізделген. Нәтижесінде компоненттерді ұшқыш емес бөліктен ажыратуға, тіпті әдісті жетілдірген жағдайда бір-бірінен бөлуге де болады. Сондықтан бұл әдіс аналитикалық химияда бөлу, анықтау және ажырату әдісі ретінде кеңінен қолданылады.
Ғылыми-техникалық үрдістің даму уақытында кейде шешімі қиын міндеттерді аналитикалық химияның әдістерін пайдалану тиімді болып отыр. Осы әдістердің бірі – концентрлеу. Әдеттегі мөлшерден ондаған, жүздеген есе аз затты жартылай өткізгіш, ядерлік, люминоформдық материалдардың құрамынан анықтау өте жоғары шеберлікті қажет етеді. Бұл міндеттерді орындау үшін қолданылатын әдістің сезімталдығы жоғары немесе заттың мөлшерін концентрлеу арқылы жоғарылату керек. Ол үшін буландыру, күлге айналдыру, тұндыру, экстракциялау, талғамдық адсорбция, кристаллизациялау, электрохимиялық концентрлеу әдістері қолданылады.
Талдау тәжірибесінде бірнеше әдеттегі әдістердің көмегімен бөлу мүмкін емес, қасиеттері ұқсас құрама бөліктерден тұратын қоспаларды зерттеу жиі болады. Мұндай қоспалары бар заттарды зерттеу үшін хроматография әдісі қолданылады.

Бақылау сұрақтары:


1. Адсорцияның және абсорцияның өзара ұқсастығы және айырмашылығы неде ?
2. Анализ үшін экстракцияның маңызы неде ?
3. Суды және этанолды бір-бірінен қалдықсыз таза күйінде бөлу мүмкін бе ? Себебі ?
4. Экономика және уақыт жағынан тиімділігі жоғары концентрлеу әдісін атаңыздар ? Себебі ?
5. Хроматографиялық әдістің анализдегі мәні қандай ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет