Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері



бет20/34
Дата08.06.2022
өлшемі0,56 Mb.
#146214
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалы химия п ніні негіздері ж не оны дістер

Тақырыбы: Титриметриялық талдау.
Дәрістің жоспары:
1.Титриметриялық талдау әдісінің теориялық негіздері
2.Титриметриялық талдау әдісін жүргізу шарттары, есептеулер.
3.Титриметриядағы ерітіндінің концентрациясын өрнектеу.

Егер гравиметриялық анализде құрамдас бөлікті көп жағдайда мөлшерлеп тұндырып алып соңынан тұнбаны жуу кептіру немесе гравиметриялық формаға дейін қатты қыздыру керек болса, титриметрияда әдетте зерттелінетін заттың ерітіндісіне титранттың эквивалентік мөлшерін қосса жетіп жатыр. Оны алдымен эквиваленттік нүкте деп аталатын белгілі сәтке дейін біртіндеп қосады.


Ертеректе бұл әдіс көлемдік әдіс деп те аталды, өйткені әдетте өлшенетін шама қосылатын титрант ерітіндісінің реакцияға жұмсалатын көлемі болып табылады. Сондай-ақ волюмометриялық әдісі де бар, мұнда бөлінетін немесе сіңірілетін газдың көлемі өлшенеді, сондықтан да бұл көлемдік әдіс деп аталады. Сол себепті «титриметриялық» деген термин қатаңырақ сақталады, оның үстіне жұмсалған титрнаттың көлемі өзгеруден өзге басқа да операциялар болуы мүмкін.
Анализдің титриметриялық әдістері анализдейтін затпен бірге реакцияға жұмсалатын реагенттің массасын тіркеуге негізделеді. Реагентті (титрантты) концентрациясы нақтылы белгілі реагент ерітінді түрінде ғана емес, қатты күйінде де (ұнтақ, таблетка, реагент сіңірілген қағаз) қосады. Жұмсалған титрантты өлшенетін ерітіндісі бар ыдысты және қосылатын реагенттің салмағын өлшеп те анықтауға болады.
Анализдің титриметриялық әдістері мөлшерлік анализде ең маңыздыларының бірінен саналады, олар өте қарапайым және инструменталды анализ әдістерінің прогрессивті бәсекелестігіне қарамастан әлі де кеңінен қолданылып келеді. Шешу үшін ең алдымен титриметриялық әдістер тура келетін ғылыми есептер өте көп. Көптеген жүйелер үшін анықтау қателігі 1 % -тен аспайды, сезімталдық басталу реті 0,10 %.
Анализ дәлдігі аз болса да гравиметриялық әдіспен титриметриялықұ әдістер анализді орындау жылдамдығына және қарапайымдығы бойынша артығырақ болады.
Титриметриялық анализ эквиваленттер заңына негізднледі. Титрпнттың әр үлесі жүйеге қосқан саын мынандай теңдеумен бере аламыз:

аА + вВ ↔ АаВв (өнімдер)


тепе-теңдік анықталып, мұнда анықталатын зат пен титранттың концентрация тепе-теңдігі азаяды, ал реакция өнімдері арта түседі.


2.Титриметриялық анализде реакция типтері санының көп болуына қарамастан, олардың барлығы қолдана берілмейді. Ең дұрысы, титриметриялық анализде қолданылатын реакциялар талапқа сай болуы шарт:
1. Реакция қайтымды болуы керек- ол іс жүзінде соңына дейін жүретін болсын;
2. Реакция қатаң эквиваленттік мөлшерде, жеткілікті түрде және жылдам жүруі қажет, өйткені баяу өтетін реакциялар кезінде эквиваленттік нүктені дәлме-дәл тұрақтандыру мүмкін емес.
3. Титрлеу кезінде қосымша реакциялар жүрмеуі керек.
4. Ерітіндідегі қосымша заттар негізгі реакцияға кедекгі жасамайтын болсын. Жоғарыда сөз болған талаптар реакцияларға титрлеу анализін қолданудың аймағын шектей түседі.
Химиялық реакциялардағы әрекеттесуші заттардың эквивалентілігі туралы ұғым аналитикалық химиядағы негіздердің бірі болып табылады. Титриметриялық анализдің нәтижелерін есептеу осы эквиваленттілікке негізделген.
Эквивалентік факторы- берілген қышқылдық негіздік реакцияларда сутегінің бір ионына немесе берілген тотығу-тотықсыздану реакциясында бір электронға х заттың нақтылы бөлшегінің қай үлесі эквивалентті екенін білдіретін сан, эквиваленттік факторын осы реакцияның стехиометриясы негізінде есептеп шығарады.

Ерітінділердің концентрациясын есептеу әдістері



термин

өлшем бірлігі

өлшем бірлігінің типі

Жазба түрі және мысалдар

Мольдік концентрация

Моль/м3
Моль/дм3
моль/л

Туынды (СИ)
Бөлінді, туынды (СИ)

с(Х) немесе с(В)
с(Х)=n(Х)/v=mx/MxV

Эквиваленттің молярлық концентрациясы

Моль/дм3
Моль/л



Туынды (СИ)
Туынды (жүйеден тыс)

С(Эх)
С(Эх)=nX/V

Массалық үлес

салыстырмалы







Ерітінді титрі

г/см3
г/мл

Бөліктік, туынды (СИ)
Бөліктік, туынды (жүйеден тыс)

Т(Х)
Т(Х)=mx/V

Анықталатын Х компаненті бойынша А-ерітіндісінің титрі

г/мл

Бөліктік, туынды (СИ)
Бөліктік, туынды (жүйеден тыс)

Т(Ах)
Т(Ах)=с(Эа)М(Эх)/1000





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет