Лекция 1 Бірыңғай конструкторлық құжаттама жүйесінің (БКҚЖ) стандарттар кешені. Бұйымдар түрлері. Конструкторлық құжаттаманың түрлері мен жиынтығы. Сызбаларды әзірлеудің жалпы ережелері. Форматтар. Масштабтар



бет3/8
Дата22.04.2022
өлшемі3,45 Mb.
#140398
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция 1 каз-1

1.1 Бұйымдардың түрлері


Бұйым деп кәсіпорында жасалып шығаратын нәрселерді немесе нәрселердің тобын айтады.
МЕСТ 2.101-68* өндірістің барлық тарауларында жасалатын бұйымдардың түрлерін белгілейді. Стандарт бұйымдардың мынадай түрлерін тағайындайды:
а)тетікбөлшектер;
ә) құрастыру бірліктері;
б) кешендер;
в) жинақтар.
Бұйымдарды, олардың атқаратын міндеттеріне қарай, негізгі өндіріс бұйымдары және көмекші өндіріс бұйымдары деп екі топқа бөледі.
Негізгі өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарында жасалатын және таратуға (сатуға) арналған нәрселер жатады. Мысалы, Павлодардағы трактор зауытының негізгі өндіріс бұйымдары – трактор болса, Алматыдағы станок жасау зауытының негізгі өндіріс бұйымы – темір жонатын станоктар мен автоматтар.
Көмекші өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарының өз қажетіне керекті және негізгі бұйымдарды жасауда қолданылатын нәрселер жатады. Мысалы, штамптар, шаблондар, өлшеуіш аспаптар және т.б. осы мекемеде жасалған заттар.
Тетікбөлшек – бір атаулы және біртекті материалдан құрастыру әрекеттерін қолданбай жасалған бұйым, мысалы, білік, ол металдың бір түйірінен жасалған, құйма корпус, пластмассалардан жасалған кішкене маховик, кабельдін кесіндісі, белгілі бір ұзындығы бар сым және т.б.
Құрастыру бірлігі – құрамдық бөліктері жасап шығарушы кәсіпорында құрастыру әрекеттерімен қосуға тиісті бұйым (бұрандалы қосылыстармен, тойтарумен, пісірумен, дәнекерлеумен, майырумен, желімдеумен, тігумен және басқа әдістермен). Мысалы: автомобиль, станок, телефон аппараты, редуктор, пісірмелі корпус және басқалары.
Кешен – жасап шығару кәсіпорындарында өзара қосылмаған, бірақ жұмыс істеу және пайдалану орындары бірімен-бірі өзара байланысты екі және одан да артық (тетікбөлшектері екеуден артық) бұйымдар, мысалы: зауыт–автомат, телефон станциясы және т.б.
Жинақ – жасап шығарушы кәсіпорында өзара қосылмаған, жалпы көмекші мақсатта пайдалануға арналған екі және одан артық сандағы бұйымдар, мысалы: қосалқы бөлшектер тобы, аспаптар жинағы, готовальня және т.б.
Құрастыру бірліктері, кешендер және жинақтар өзгешеленген бұйымдарға жатады, себебі, олар бірнеше құрамдық бөліктерден тұрады. Тетікбөлшек өзгешеленбеген бұйымға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет