1.6 Сызба қарыптар
Қарып деп әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады.
Сызбалардағы барлық жазбалар МЕСТ 2.304-81 бекіткен қарыптармен орындалады.
Қарыптың өлшемі (h) деп бас әріптердің мм-мен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі (h) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді.
Сызба қарпының тағайындалған өлшемдері: (1.8); 2.5; 3.5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40; (1.8) сызба қарпының өлшемі Б түріне жазуға рұқсат етіледі. Қарып сызығының қалыңдығын d әріпімен белгілейді. Қарындашпен орындалған сызбаларда қарыптың өлшемі 3.5 мм кем болмауы керек.
Сызба қарпының МЕСТ бойынша төрт түрі белгіленген: тік және көлбеу А түріндегі (d=1/14h), тік және көлбеу Б түріндегі (d=1/10h)тік және көлбеу Б түріндегі (d=1/10h) қарыптар. Көлбеу қарыптар жазу жолына 75-тық көлбеулікпен жасалады. Тапсырмадағы барлық жазбалар Б түрі қарпымен көлбеу жазылады (1.4-сурет).
Тапсырмадағы барлық жазбалар Б түрі қарпымен көлбеу жазылады, h өлшеміне байланысты параметрлер 1.4-кестеде көрсетілген
1.4-сурет
1.4-кесте - Қарыптың Б түрінің өлшеміне
Бас әріптер мен цифрлар
|
|
Шрифтілердің өлшемдері, H, мм
|
3.5
|
5
|
7
|
10
|
14
|
20
|
Әріптер мен цифрлардың биіктігі
|
|
3.5
|
5
|
7
|
10
|
14
|
20
|
Г, Д, З, Е, С және 1-ден басқа цифрлардың ені
|
5/10h
|
1.8
|
2.5
|
3.5
|
5
|
7
|
10
|
М, А, Х, Ы, Ю әріптерінің ені
|
6/10h
|
2.1
|
3.0
|
4.2
|
6
|
8.4
|
12
|
Ж, Ф, Ш, Щ, Ь әріптерінің ені
|
8/10h
|
2.8
|
4.0
|
5.6
|
8
|
11.2
|
16
|
Қалған әріптерінің ені
|
6/10h
|
2.1
|
3.0
|
4.2
|
6.0
|
8.4
|
12
|
І цифрінің ені
|
3/10h
|
1.1
|
1.5
|
2.1
|
3.0
|
4.2
|
6
|
Кіші әріптер
|
|
|
|
|
|
|
|
б, в, д, р, у, ф-тен басқа әріптерінің биіктігі
|
7/10h
|
2.5
|
3.5
|
4.9
|
7.0
|
9.8
|
14
|
б, в, д, р, у, ф әріптерінің биіктігі
|
h
|
3.5
|
5
|
7.0
|
10
|
14
|
20
|
Ф әрпінің биіктігі
|
12/10
|
4.2
|
6.0
|
8.4
|
12.0
|
16.8
|
24
|
С әрпінің ені
|
4/10h
|
1.4
|
2.0
|
2.8
|
4.0
|
5.6
|
8.0
|
М, Ь, Ы, Ю әріптерінің ені
|
6/10h
|
2.1
|
3.0
|
4.2
|
6.0
|
8.4
|
12
|
Ж, Ф, Т, Ш, Щ әріптерінің ені
|
7/10h
|
2.5
|
3.5
|
4.9
|
7.0
|
9.8
|
14
|
Қалған әріптерінің ені
|
5/10h
|
1.8
|
2.5
|
3.5
|
5.0
|
7.0
|
10
|
Әріптер мен цифрлардың
сызықтарының жуандығы
|
1/10h
|
0.35
|
0.5
|
0.7
|
1.0
|
1.4
|
2.0
|
Әріптердің арақашықтығы
|
2/10h
|
0.7
|
1.0
|
1.4
|
2.0
|
2.8
|
4.0
|
Сөздердің арасындағы ең кіші қашықтық
|
6/10h
|
2.1
|
3.0
|
4.2
|
6.0
|
8.4
|
12
|
Жолдардың ең кіші адымы
|
17/10h
|
6.0
|
8.5
|
12.0
|
17.0
|
24
|
34
|
1.7 Сызбадағы өлшемдерді түсіру
Сызбадағы кескінделген нәрсенің мөлшерін көрсету үшін өлшем сызықтарын жүргізеді де, оның үстіне өлшем сандарын жазады.
Сызба өлшемдерін түсіру ережелері МЕСТ 2.307-68* бойынша көрсетілген. Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі.
Сызбада сызықтық өлшемдерді мм есебімен көрсетеді, өлшем бірліктері жазылмайды, ал бұрыштық өлшемдерді градус, минут және секундпен көрсетеді. Өлшем сызықтары өлшемі көрсетілген кескіндерге параллель орналасып, шығару сызықтарына тірелетін нұсқамалармен (бағдарша(→)) аяқталады. Өлшем сызықтарына қойылатын нұсқама негізгі сызықтың қалындығына байланысты. 1.5-суретте нұсқаманың тұрпаты мен өлшемдері көрсетілген.
1.5-сурет
Өлшемдік сандарды мүмкіндігінше ортасына жақын өлшемдік сызықтың үстіне жазады;
Вертикаль өлшемдік сызықтардың өлшемдік сандарын, сағат тілі бағытымен 90°-қа айналдырғанда дұрыс оқылатын етіп жазады;
Өлшемдік сызықтардың әртүрлі көлбеуі жағдайда өлшемдік сандарды 1.6-суретте көрсеткендей орналастырады;
1.6-сурет 1.7-сурет
Бұрыштық өлшемдердің өлшемдік сандарын көрсету үшін, горизонталь орталық сызықтан жоғары орналасқан аймақты өлшем сандары доғаның сырт жағына жазылады да, ол горизонталь орталық сызықтан төмен орналасқан аймақта бұрыштың өлшемдері доғаның ішкі жағына жазылады. Сызықталған (штрихталған) ауданда өлшем санын өлшемдік сызықтардан шығарылған шығарма сызықтың горизонталь сөресінде қойылады (1.7-сурет).
Өлшемдердің екі түрін ажырату керек - бұйымды жасау және қабылдау (бақылау) кезінде пайдаланатын жұмыс өлшемдері және сызбаны пайдаланудың ыңғайлылығын арттыру үшін көрсетілетін анықтамалық өлшемдер. Анықтамалық өлшемдерді бұйымды жасау кезінде пайдалануға болмайды. Сызбаларда оларды * танбасымен белгілейді, ал негізгі жазудың үстінде орналастыратын техникалық шарттарда былай жазады: *Анықтамалық өлшем..
Пішін сызығы мен өлшемдік сызықтың арасы 10 мм-ден, өзара параллель өлшемдік сызықтардың арақашықтығы 7 мм-ден кем болмау керек. Шығарма сызықтар өлшемдік сызықтардың ұштарынан әрі 1-5 мм шығып тұру керек.
Мүмкіндігінше шығарма сызық және өлшемдік сызықтар өзара қиылыспауы керек. Ол үшін қысқа өлшемдік сызықтарды кескіннің пішініне жақын, ал ұзын өлшемдерді пішінінен алысырақ орналастырады.
Егер сызықталған аймақтағы өлшемді көрсетуге керек болса, онда өлшем санын шығарма сызықтың сөресіне түсіреді (1.8,а-сурет).
Егер өлшем санын жазу немесе нұсқама түсіру үшін орын жеткілікті болмаса, онда оларды 1.8, ә-суретінде көрсетілгендей қондырады.
а) ә)
1.8-сурет
1.7.1 Радиус өлшемдері
Радиус өлшемін түсіру үшін өлшем санының алдына R әрпі жазылады (1.9-сурет). Оны өлшем санынан сызбаның қандайда болсын сызығымен бөлуге болмайды. Шеңбер доғасының орталығын көрсетудің қажеттілігі болмаса, радиустың өлшемдік сызығын орталыққа дейін сызбауға да болады.
1.9-сурет
Бір орталықтан бірнеше радиусты жүргізгенде, екі радиустың өлшемдік сызықтары бір түзуде жатпайды (1.10-сурет). Сыртқы және ішкі дөңгелектеу радиустарының өлшемдерін 1.11-суретте көрсетілгендей салады.
Үлкен радиусты кескіндегенде орталықты доғаға жақындатуға болады. Бұл жағдайда радиустың өлшем сызығын 90 бұрышпен сындырып көрсетеді
1.10 – сурет
1.11 – сурет
1.7.2 Диаметрлер өлшемі
Диаметр өлшемін түсіру үшін барлық жағдайларда өлшемдік санның алдында диаметр белгісі қойылады (1.12– cурет).
1.12 – сурет
Диаметрлері 12мм және одан да кем шеңберлердің центрлік сызықтары үздіксіз жіңішке сызықпен жүргізіледі. Диаметрлері кішкентай шеңберлердің өлшемдерін салу 1.13 – суретте көрсетілген.
Сфера диаметрінің (радиусының) өлшемдік санының алдында сфера деген жазусыз белгісі қойылады.
Сфера деген сөзді немесе деген белгіні сызбада сфераны басқа беттерден айыру қиын болған жағдайда ғана келтіреді.Мысалы, «Сфера 10»; «R15» сфера белгісінің диаметрі сызбадағы өлшемдік сандардың биіктігіне тең.
1.13 – сурет
1.7.3 Тең қабырғалы тіктөртбұрыш өлшемдері
Тең қабырғалы тіктөртбұрыш өлшемдері 1.14 және 1.15 – суреттерде
көрсетілген.
1.14 – сурет 1.15 – сурет
Сызбада тең қабырғалы тік төртбұрыштың өлшемдерін салуға қатынасатын белгі 1.14 – суретте көрсетілген.
Квадрат белгісінің биіктігі сызбадағы өлшем сандары биіктігіне тең болуы керек.
1.7.4 Қиықжиек
Қиықжиек деп сырықтың не тесіктің көлбеген жиегін айтады.Қиықжиектердің өлшемдерін түсіргенде көбінесе жасаушылары айналу өсіне 45 бұрышпен көлбеген қиықжиекті белгілейді. Мұндағы бірінші цифр қиық конустың биіктігін (2мм), ал екінші цифр-конус жасаушысының оның табанына көлбеуін (45) көрсетеді. Өлшемдері басқа бұрышты қиықжиектерді жалпы ережелер бойынша – екі сызықтық өлшеммен (1.16-сурет) немесе сызықтық және бұрыштық өлшемдерімен көрсетеді.
1.16-сурет
Бұйымның өзара біркелкі және бірдей элементтерінің (тесіктер, ұнғылар, қиықжиек және т.б.) өлшемдерін түсіргенде, шығарма сызықтың сөресінде бірақ рет көрсетеді және олардың санын береді (1.17-сурет).
Егер бұйымның кескіні үзектеліп көрсетілсе, онда өлшемдік сызықты үзіктелу сызығынан әрірек шығарып үзіктейді.
Шеңбердің диаметрінің өлшемдерін көрсеткенде, шеңбер толық кескінделген бе, немесе кескін толық емес пе, оған байланыссыз, өлшемдік сызықты центрден әрі шығарып барып үзеді.
Е гер сызбада тетікбөлшектің тек бір кескіні болса, онда оның қалыңдығы немесе ұзындығы «S» немесе «L» әріптері көмегімен көрсетіледі.
1.17-сурет
1.8Материалдарды графикалық белгілеулер және оларды сызбада түсірудің ережелері
Тіліктер мен қималарды жасағанда нәрсені ойша қиюшы жазықтықпен қиғанда шығатын нұсқаны штрихтау керек болады. Өндірістің барлықтараулары мен құрылыстың сызбаларында көрсетілетін қималардағы материалдарды графикалық белгілеу және сызбаға түсіру ережесін МЕСТ 2.306-68* тағайындайды.
Бұл стандарт бойынша материалды қимада графикалық белгілеу материалдың түріне байланысты да, байланыссыз да жасалады(1.18-сурет)
1.18-сурет
Штрихтауды үздіксіз жіңішке сызықтармен жасайды. Штрихтаудың өзара параллель сызықтары сызбаның негізгі жазуының қоршау түзілеріне немесе қиманың өсіне немесе кескіннің пішін сызығына 45 бұрышпен жүргізіледі (1.19-cурет).
Егер де қоршау сызығына 45-пен жүргізілген штрихтау сызығы кескіннің пішініне немесе өсіне параллель болса, 45-тың орнына сызықтарды 30 немесе 60-пен жүргізу керек болады.
Штрихтаудың көлбеген параллель сызықтарын сызбаның қоршауына 45 бұрышпен жүргізеді, штрихтау сызықтарының арасы 1мм...10мм.
1.19-сурет
2. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫЗУЛАР
2.1 Конустылық
Конустылық конустын екі көлденең қимасының айырмасының осы қималардың ара қашықтығына қатынасына тең (2.1 – сурет):
K = D – d.
L
2. 1 – сурет
Конустылықты көрсететін өлшемдік санының алдына « » белгісі қойылады (2.2 – сурет), оның сүйір бұрышы конустың төбесіне бағытталуы тиіс. Конустылық таңбасын және қатынас түрінде берілетін оның шамасын өс сызығының үстіне немесе шығарма сызықтың сөресіне түсіреді.
Машина жасауда конустылықтың мынадай қатары қолданылады: 1 : 3; 1 : 5; 1 : 7; 1 : 8; 1 : 10; 1 : 12; 1 : 15; 1 : 20; 1 : 30; 1 : 50; 1 : 100; 1 : 200. (МЕСТ 8593-57 бойынша)
2.2– сурет
2.2 Еңіс
Еңіс бір түзудің немесе бір жазықтың екінші бір түзуге немесе жазыққа көлбеуінің шамасы болып табылады (2.3– сурет):
1:5
H
L
2.3– сурет
Еңіс 1 санының басқа бір бүтін санға қатынасымен беріледі, мысалы,
1 : 1, 1:100, сондай-ақ, процентпен де беріледі, мысалы, 10,12.
Еңісті анықтайтын өлшемдік санның алдында сүйір бұрышы белгісі қойылады. Бұл белгінің сүйір бұрышы еңіске қарай бағытталуы тиіс (2.4 – сурет).
2.4– сурет
2.3 Түйіндесулер
Сызбаны орындау барысында бір-біріне біртіндеп өткен түзуден және шеңбер доғасынан тұратын бөлшектердің сыртқы қабатын жүргізу қажет болады. Осындай біртіндеп өтуді түйіндесулер деп атайды.
Түйіндесулердің тұрғызулары геометрияның жазықтықтағы нүктелердің орындары, шеңберге жанама түзулер және өзара жанасқан шеңберлер туралы тұжырымдарына негізделген:
-түйіндесу орталығын немесе түйіндестіру доғасының орталығын;
-түйіндесу нүктелерін немесе түйіндестіру доғасының шеткі нүктелерін табу керек.
Егер шеңбер доғасы түзу сызықпен жанасатын болса, онда түйіндестіру нүктелері, түйіндестіру орталығынан түзулерге түсірілген перпендикулярдың түзумен қиылысқан нүктелеріне жатады. Егер түйіндесетін сызық шеңбер болса, түйіндесу нүктелері шеңбердің орталығымен түйіндестіретін шеңбердің орталығын қосатын түзудің бойында жатады.
Түйіндестіруді орындау мысалдары (2.5,а,ә,б-сурет).
О орталығынан берілген түзуге перпендикуляр түсіріп, М түйіндесу нүктесін аламыз. ОО1 орталық сызығын жүргізіп, берілген шеңбермен қиылысуында А түйіндесу нүктесін аламыз.АМ түйіндесу доғасын жүргіземіз.
О орталығынан берілген түзуге перпендикуляр түсіріп, А түйіндесу нүктесін аламыз. ОО1 орталық сызығын жүргізіп, берілген шеңбермен қиылысуында В түйіндесу нүктесін аламыз. АМ түйіндесу доғасын жүргіземіз.
а
ә
б
2.5- сурет
Екі қиылысатын түзу және түйіндесу доғасының радиус ұзындығы берілгені (2.6-сурет)
Берілген екі түзуге параллель арақашықтығы R-ге тең, екі түзу жүргіземіз. Жүргізілген түзулердің қиылысу нүктесі О – түйіндесу центрі.
О нүктесінен берілген түзулерге перпендикуляр жүргіземіз, сонда А1 және А2 түйіндесу нүктесін аламыз. А1А2 түйіндесу доғасын жүргіземіз. Егер түйіндесу сәулелерінің арасы 150...180 бұрыш болса, онда түйіндесу центрін табу үшін бұрыштың биссектрисасын пайдалануға болады.
2.6-сурет
М түзуі центрі О нүктесі болатын радиусы R1 шеңбер және түйіндесуші доғаның радиусының ұзындығы берілген. Шеңбердің орталығынан радиусы R3= R1+R қосымша доға жүргіземіз. Берілген түзуде қашықтығы R-ге тең көмекші түзу жүргіземіз.
Көмекші доға мен түзудің қиылысуы О нүктесі, түйіндесу доғасының центрі болады.
Сыртқы жанасу
Радиустары R1, R2 екі шеңбер, центрлері О1, О2 нүктелері және түйіндесу доғасының радиусы R-ге тең.
О1 және О2 орталығымен көмекші доғалар жүргіземіз (доғалар радиусы сызбада көрсетілген). Осы доғалардың қиылысуы О нүктесі түйіндесу нүктесінің центрі (2.8-сурет).
2.7-сурет
Ішкі жанасу
ОО1 және ОО2 орталық сызықтарын жүргіземіз, осылардың берілген шеңбермен қиылысу нүктелері М1 және М2 түйіндесу нүктелері болады (2.8-сурет).
2.8-сурет
.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Негізгі әдебиеттер [5, 6, 7, 8]
2. Қосымша әдебиеттер [10]
СӨЖ-ға арналған бақылау тапсырмалары (5 тақырып)
1. Дәріс тақырыптар бойынша КҚБЖ стандарттардын конспект жасау, оку; жаттау
2. Графикалық жаттығуларды орындау
10. Сызба тұрғызу үшін қолданбалы бағдарлама пакеттері
1. AutoCAD ортасымен танысу.
2. Негізгі графикалық объектілерді салу.
3. Примитивтерді құру жолдары.
4. Сызбаны редакциялау.
AutoCAD жүйесі автоматтандырылған жобалау жүйесін пайдаланумен құрылымдаушы құжаттар мен сызбаларды жасау үшін арналған.
Компьютерді пайдалану сызбаны жасауда біршама артықшылықтары бар. Сызбаның дәлдігі ұлғаяды, қажеттілігіне орай қайта салусыз сызбаға өзгерістер енгізуге болады.
Auto CAD жүйесі кең таралған, құрылымдаушы жұмыстардың автоматтандырылған жобалау жүйесінің стандартты құралдарымен бекітілген, қазіргі уақытта уақыт өз класының АЖЖ нарығында программалық өнім озаты болып табылады.
Курсты зерделеу үшін келесі программа өнімдері қажет болады: операциондық жүйе Windows. Мәтіндік редактор Word, автоматтандыру жүйесі Аuto CAD.
Auto CAD координаттың түрлі жүйелерінде жұмыс істей алады. Келісім бойынша координат жүйелерінің декарторлары болып, WCS – координаттардың әлемдік жүйесі деп аталады.
AutoCAD сызбалары графикалық примитивтер көмегімен орындалады. Кесінді, доға, нүкте және басқа да графикалық объектілерден тұратын сызба файлы примитивтер деп аталады. Примитивтер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай примитивтер қатарына: нүкте және кесінді, шеңбер мен доға, сәуле мен түзу, эллипс және сплайн, бір жолды мәтін жатады.
1-сурет - Draw саймандар қатары
Әрбір примитив команданың көмегімен салынады. Барлық примитивтерді сызу командалары Draw (Сурет салу) мәзірінде орналасқан. (1-сурет).
Нүкте примитивін құру үшін POINT (Нүкте) командасы қолданылады. Бұл ең қарапайым геометриялық объект болып табылады. Геометриялық нүкте оның үш координатасын беру арқылы сипатталады. Нүкте, AutoCAD примитиві ретінде қосымша қасиеттерге ие (қабатқа жатқызылуы, түсі, биіктігі бойынша). Егер көрсеткіштің көмегімен жұмыс істеп отырған экранда белгілейтін болсақ, онда белгілеген жерде таңдалған нүкте түріне байланысты нүкте кескіні шығады. Сонымен, нүктенің әр түрлі кескінін Format (Формат) мәзіріндегі Point Stile (Нүкте кескіндері) қосымшасынан таңдап алуға болады (2-сурет).
Ашылған сұхбат терезеден қажет нүктенің кескінін таңдай аламыз.
Сызба элементтерін сызу және редакциялау үшін нүкте командасын қолдану қажет. Нүктені енгізу келесі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.
Бірінші әдіс, көрсеткіш батырмасының көмегімен нүктені белгілеу. Ол сызба форматының қажетті жерінде көрсеткішті бағыттау арқылы нүктені көрсетуге мүмкіндік береді. Нүктені көрсеткіштің сол жақ батырмасы арқылы енгіземіз, бұл жағдайда төменгі қатарда белгіленген нүктенің координаталары шығады.
2-сурет - Point Style сұхбат терезесі
Екінші әдіс – нүктені пернелік тақта арқылы енгізу болып табылады. Нүктенің абсолют және салыстырмалы координаталық мәнін пернелік тақтадан енгіземіз. Координаталарды енгізу <Enter> батырмасын басу арқылы аяқталады. Бұл әдіс ең кең таралған әдістердің бірі болып табылады.
1-кесте - Координата мәнін енгізу форматы
Координаталар
|
Декарт
|
полярлық
|
Абсолют
|
Х,у
|
а< α
|
Салыстырмалы
|
@ x,y
|
@ a< α
|
Кесінді ең кең тараған және көп қолданылатын примитивтердің бірі болып саналады. Кесіндіні сызу LINE (Кесінді) батырмасын саймандар қатарынан таңдау арқылы жүргізіледі.
Шеңберді сызу CIRCLE (Шеңбер) батырмасының көмегімен жүзеге асырылады. Команданы Draw (Сурет салу) мәзіріндегі қосымшаның көмегімен де іске қосуға болады. Circle (Шеңбер) қосымшасы алты опциядан тұрады (2-кесте).
2-кесте - Шеңберді сызу әдістері (CIRCLE команда опциялары)
Center, Radius
|
Центр мен радиус арқылы
|
Center, Diameter
|
Центр мен диаметр арқылы
|
2 Points
|
Шеңбер диаметрінің екі нүктесі арқылы
|
3 Points
|
Шеңберге тиісті үш нүкте арқылы
|
Tan, tan, Radius
|
Екі жанама және радиус арқылы
|
Tan, Tan, Tan
|
Үш жанама арқылы
|
Шеңбердің радиусы мен диаметрін сан мәнін беру арқылы немесе экран бетінде көрсеткішпен белгілеу арқылы енгізеді.
Радиусы мен диаметрін бергеннен кейін шеңбер сызылады. Егер шеңбердің центрін белгілемейтін болсақ, онда шеңберді AutoCAD жазықтықтың үш нүктесі арқылы сызады. 2Р (2 нүкте) опциясы үшін екі нүкте ғана қажет. Бұл нүктелер шеңбердің диаметрі болып табылады.
Эллипсті сызу ELLIPSE (ЭЛЛИПС) командасының көмегімен жүзеге асырылады. Эллипстің негізгі осі бойынша екі нүкте, ал екінші осі бойынша ұзындығы белгіленеді.
Сплайн – бұл берілген нүктелер арқылы өтетін қисық түзу. Ол SPLINE (СПЛАЙН) командасы батырмасы арқылы жүзеге асырылады.
Объектінің қарапайым редакциялау әдісі MODIFY (Редакциялау) панелінде орналасқан.
3-сурет - MODIFY(Редакциялау) панелі
Осы бұйрықтардың әрбіреуін MODIFY (Редакциялау) мәзірі арқылы немесе пернелер тақтасы арқылы енгізуге болады.
ERASE (Өшіру) таңдалған объектілерді сызбадан өшіруге мүмкіндік береді. Команданың орындалуын батырмасының көмегімен немесе Standard (Стандартты) тақтасындағы U (O) және UNDO (орындамау) командасының көмегімен жоюға болады. Standard (Стандартты) тақтасындағы батырма жойылған әрекеттерді қайтарады.
COPY (Көшіру) командасы таңдалған объектілерді бастапқы және соңғы нүктелермен берілген векторға параллель көшіреді.
MIRROR (Айна) командасы таңдалған объектінің айнадағы кескінін береді. Симметрия осі екі нүкте арқылы таңдалады.
Offset (Ұқсастық) командасы сызықтық объектілерге (кесінді, сәуле, түзу, доға, шеңбер, эллипс және сплайн) ұқсас түзулер сызады.
ARRAY (массив) командасы көшірме топтарын және сол бір объектілерді құру үшін арналған, және де объектілердің көшірмесін тікбұрышты немесе дөңгелек массивте орналастырады.
MOVE (Тасымалдау) командасы таңдалған объектілерді екі нүктемен берілген бағытқа параллель тасымалдайды.
ROTATE (Бұру) командасы таңдалған объектілерді базалық нүктеге қатысты берілген бұрышқа бұруға мүмкіндік береді. Басында жүйе бұрыш өлшемдерінің режимін хабарлайды:
Current positive angle in UCS: ANGDIR = counterclockwise ANGBASE =0.
(ҚКЖ бұрыш санағының ағымды орнатулары: ANGDIR = сағат тіліне қарсы ANGBASE=0).
SCALE (Масштаб) командасы базалық нүктеге қатысты бейнеленген заттардың өлшемдерін үлкейтіп немесе кішірейтуге мүмкіндік береді.
STRETCH (Созу) командасы объектінің геометриясын әрлендіруге мүмкіндік береді. Ол әдетте түзу бойында орындалады.
LENGTHEN (Үлкейту) командасы кесінді, доға, сегменттерді берілген өлшемге дейін үлкейте алады.
TRIM (Қию) командасы анықталған шекке дейін қиюға мүмкіндік береді.
EXTEND (Ұзарту) командасы көрсетілген шекке дейін объектіні ұзартуға мүмкіндік береді. Алдымен объектіні ұзарту қажет, кейін соңғы шектерді бояймыз.
BREAK (Үзу) командасы объектіні көрсетілген екі нүктеде үзеді.
CHAMFER (Фаска) командасы екі қиылысатын түзу сызықты сегменттердің кесу, қию операцияларын орындайды.
Жүйе басында режимнің ағымды жағдайын хабарлайды:
(TRIM mode) Current chamfer Dist 1 = 0.0000, Dist 2 = 0.0000
Select first line or [Polyline / Distance / Angle / Trim / Method / multiple]:
((Қимасы бар режим) Фаска параметрлері: Ұзындық 1 =0.0000, Ұзындық 2 = 0.0000
Бірінші қиманы таңда немесе [Полилиния / Ұзындық / Бұрыш / Қима / Тәсіл / Бірнеше]:)
FILLET (Түйіндестіру) командасы берілген радиуспен объектілерді дөңгелектейді.
Өзінің режимдері бойынша ол CHAMFER (Фаска) командасына ұқсас.
EXPLODE (Бөлшектеу) командасы объектіні қарапайым примитивтерге бөледі.
Негізгі әдебиеттер: 9(51-175);
Қосымша әдебиеттер: 17
СДЖ үшін бақылау жұмыстары (28-тақырып)
1. Сызбаны салуда графикалық редакторлардың артықшылықтарын көрсету.
2. AutoCAD жүйесінің жұмыс терезесінің графикалық зоналарын атап өтіңіз.
3. Сызба өрісінің өлшемдерін қандай командалар орнататынын көрсетіңіз.
4. Графикалық примититтерді салу командаларын атаңыз.
5. Жүйе менюі неден тұратынын атаңыз.
6. Объектілерді редакциялаудың командаларын атаңыз.
30-тақырып. Сызбада элементтердің редакциялануы. (1сағат)
Дәріс жоспары
Мәтін стилі.
Объектілердің қасиеттері.
Штрихтеу
Өлшемдерді қою.
AutoCAD мәтіндік стиль шрифтер мен оны пайдаланудың бірқатар ерекшеліктерін қамтиды. AutoCAD жүйесіндегі символдардың өлшемдері шектелмеген. Мұнда векторлық шрифтер қолданылады, әр әрпі бірнеше тіліктер түрінде берілген. Гарнитура – бұл бір суреттің шрифтерінің, бірақ түрлі сызбалар мен өлшемдердің шрифтерінің жиынтығы.
Қарапайым жазуларды жазатын TEXT (Мәтін) командасы, пернелік тақтадан басқа, саймандар қатарында Draw (Сурет салу) мәзіріндегі Text (Мәтін) батырмасы арқылы да іске қосылады.
4-сурет - Draw мәзіріндегі бір жолды мәтінді таңдау жолы
Мәтіннің басталатын жерінде көрсеткіш I белгісі түрінде шығады. Перне тақтасы арқылы кез-келген мәтін жазып, <Enter> батырмасы арқылы аяқтау қажет.
Нүктелерді көрсеткен соң, Көп жолды мәтін редакторы (Multiline Text Editor) ашылады, онда мәтіндік меңзер мәтінді енгізуді ұсынады. Терезенің төрт ендірмесі бар. Бірінші ендірме — Символ (Symbol) (5-сурет) — мәтінді енгізу және форматтау үшін арналған. Терезедегі тік меңзер мәтінді енгізу немесе редакциялау үшін ағымдағы позицияны көрсетеді.
Сол жақтағы ашылатын тізім ағымдағы шрифтінің сол немесе басқа атын белгілеуге мүмкіндік береді (6-сурет). Шрифтер атауларының сол жақтан А әрпі түріндегі (бұл AutoCAD-тың стандартты шрифтері) немесе ТТ (Windows шрифтері) түріндегі таңбалары бар. Барлық шрифтер орыс әріптерін шығара алмайды, сондықтан оларды практикада қолданудың алдында алдын-ала талдау керек. Атаулары Суr аяқталатын шрифтер әрқашан орыс мәтініне сай келеді.
Келесі ашылатын тізім әріптердің өлшемін береді (7-сурет). Биіктік қол жететін мәндер тізімінен таңдап алынады, не тышқанның нұсқағышымен өрісті активтендірген соң, пернетақтада енгізіледі (редакцияланады).
Кейбір шрифтердің әр түрлі кескіні болады: әдеттегі жартылай қалың (В), курсивті (I), асты сызылған (U). Кескіндерді басқару "В", "I", "U" символдар арқылы сәйкес батырмалармен жүзеге асады. Бұл батырмалар барлық шрифтерге тән емес.
5-сурет - Көп жолды мәтін редакторының терезесі, Символ ендірмесі
Көп жолды мәтін редакторында соңғы операцияны орындамау перненің көмегімен солға стрелкамен жүріп отырып орындалады. Келесі батырма (оңға қарай орналасқан) төменгі және жоғарғы индекстерді басқарады.
Түстерді басқару үшін түстерді ашатын тізім қызмет етеді (8-сурет). Мәтіннің жазылған бөлігі үшін түстің міндеті екі қадаммен орындалады. Алдымен тышқанның көмегімен мәтіннің учаскесі белгіленеді, одан соң түстер тізімі ашылады және жаңасы белгіленеді. Егер мәтіннің ешбір учаскесі белгіленбесе, онда орнатылған түс жаңа енгізілетін мәтінге таратылатын болады.
6-сурет - Көп жолды мәтіндегі шрифтер тізімі
7-сурет - Шрифт биіктігінің ашылатын тізімі
8-сурет - Шрифт түсінің міндеті
Символ (Symbol) батырмасы көп жолды мәтінге арнайы символдарды қою үшін қолданылады (градус, диаметр, оң-теріс). Мәтін импорты... (Import Text...) батырмасының көмегімен txt, rtf кеңейтумен басқа файлдардан мәтінді импорттау мүмкін болады.
Қасиеттер (Properties) ендірмесінің (9-сурет) ашылатын тізімдері бар:
Стиль (Style) — мәтіннің қолданылатын стилінің атауын өзгертеді;
Тегістеу (Justification) — барлық мәтінді тегістеу типін өзгертеді (жоғарғы сол жақтағы нүктемен, төменгі оң жақтағымен және т.б.);
Ен (Width) — көп жолды мәтіннің шекараларының енін өзгертеді;
Бұру (Rotation) — көп жолды мәтінді берілген бұрышқа бұрады.
9-сурет - Қасиеттер ендірмесі
Үлкен көп жолды мәтін редакторының басқа күрделі функциялары тағы да екі ендірмеге шығарылған. Жол аралық интервал (Line Spacing) ендірмесі жолдар арасындағы (дара, жартылай, қос) интервалды басқарады, ал Іздестіру/ Айырбастау (Find/Replace) ендірмесі символдардың берілген жүйелілігін іздестіруге және оларды жаңаға айырбастауға мүмкіндік береді. Параметрлерді беріп және көп жолды мәтінді енгізгеннен кейін, МТЕКСТ (МТЕХТ) командасы «ОК» батырмасына басады. Жаңа мәтін бірыңғай примитив – көп жолды мәтін түрінде қалыптасады.
Өлшемдерді қою – сызбаны толтырудың еңбек сыйымдылықты кезеңдерінің бірі болып табылады. AutoCAD бұл жүйе біршама деңгейде автоматтандырылған, арнайы қарапайым өлшемнің енгізілуімен.
Өлшемдер бірнеше элементтерінен тұрғанына қарамастан, құрылымдаушыға өлшем бір-біріне байланысты элементтерден тұратындықтан ол біртұтас болып табылады.
Бұл ой арнайы қарапайым өлшем арқылы жүзеге асады. Өлшемді жасау кезінде оған кіретін бар қарапайымдылардың бәрі арнайы қарапайым өлшемдер арқылы жүзеге асады.
Сызбаларды салуда көбінесе бөлшек материалының графикалық белгілері қолданылатын - штрихтеу пайдаланылатын тіліктер мен қималарды орындауға тура келеді. AutoCAD–та штрихтеу бояу процесіне ұқсас немесе жазық фигураны түспен толтыру.
Штрихтеу бұл – қандай да бір аймақты әрқилы оюмен толтыру болып табылады. Штрихтеу блок немесе біріккен объект болып келеді. Штрихтеу ассоциативті қасиетке ие, яғни штрихтеу аймағына өзгеріс енгізілген жағдайда, автоматты түрде объектіге берілген жаңа форма түрі ауысады (10-сурет).
Егер штрихтеу аймағының ішінде мәтін бар болатын болса, онда ол штрихталмайды.
Корректілі штрих түсіру үшін, кескін тұйық болуы қажет. Штрихтеуді бөлек қабаттарда жүргізген жөн, себебі қажетті жағдайларда оны жасыруға немесе жекелеген қасиеттер тағайындауға болады.
Штрихтеуді орындау жолы
Команда
|
Мәзірден шақыру
|
Саймандар қатарынан
|
BHATCH
|
Draw/Hatch
|
Draw/Hatch
|
Командаға жауап ретінде Boundary Hatch екі қосымшасы бар сұхбат терезе ашылады.
Quick қосымшасы
Type тізімінен штрихтеу үлгісінің типін таңдайды.
мұнда: Predefined – мәні бар стандартты үлгі;
User defined – қолданушы үлгі;
Custom – мәні бар қолданушы үлгі;
Pattern – тізімнен штрихтеудің стандартты үлгісін таңдайды;
Swatch – штрихтеудің түрін көрсетеді;
Custom Pattern – штрихтеудің қолданушы үлгісін алады;
Angle – штрихтеудің көлбеу бұрышын енгізеді;
Scale – штрихтеу масштабы анықталады;
Spacing – штрихтеу түзулерінің арасындағы ара қашықтық тағайындалады.
Advansed қосымшасы
Island Detection Style жолы штрихтеу стилінің үш ажыратқышынан тұрады:
Normal – штрихтеу режимі ішкі шекараларының қиылысында өзгереді;
Outher – тек сыртқы тұйықталған аймағы штрихталады;
Ignore – ішкі кескіннің барлық аймағы штрихталады.
Object type жолы штрихтеу шекараларының түрін көрсететін тізімнен тұрады.
Boudary set жолы штрихтеу аймағындағы объектілерді жинақтайды.
Composition жолы екі батырмадан тұрады:
Associative – ассоциативті штрих түсіруге мүмкіндік жасайды, яғни кескіндерді модификациялау кезінде автоматты түрде түзетулер енгізеді.
Noassociative – ассоциацияланбаған штрих түсіреді.
10-сурет - Hatch (Штрихтау) сұхбат терезесі
Қабаттарды пайдалану – сызбаны ықшамдаудың ең жақсы тәсілі. Бірнеше қабатты сызбаны бірнеше мөлдір қағаздардан тұратын сызба бөлігі деп айтуға болады.
Негізгі әдебиеттер: 9(120-168).
Қосымша әдебиет: 17.
СДЖ үшін бақылау жұмыстары (30 - тақырып)
1. Мәтінді редакциялауда қандай командалар қатысатынын түсіндіру.
2. Объектілердің қасиеттерін салыстыру.
3. Типтерді таңдау мен сызық түстерін таңдауға қатысатынын атап өтіңіз.
4. Материалдардың графикалық белгіленуін қалай таңдайтынын түсіндіру.
5. Тіліктердің және қималарының кесінділерінде штрихтеу жасау.
6. Өлшем стильдерін жасау.
7. Өлшемдерді салуға қатысатын командаларды атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |