1 КОНСТРУКТОРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІ
Бұйымдардың сызбалары кескінделген нәрселердің пішіндері мен өлшемдері туралы бірмәнді толық түсінік беруі үшін көпшілікке ортақ осы оқу құралында баяндалған ережелер мен заңдылықтар сақталып орындалулары қажет. Осындай техникада және өндірісте басшылыққа алынатын құжаттарды мемлекеттік стандарт (МЕСТ) деп атайды. Стандарт ағылшынның үлгі деген мағынадағы сөзінен шығады. Сызба салуда қолданылатын заңдылықтар мен ережелерді тағайындайтын стандарттардың жиынын конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) дейді.
Өндіріс салалары аралығындағы стандарттың 30–дан астам класы бар:
1. Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі (СМЖ);
2. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ ) және т.б.
КҚБЖ он топқа бөлінеді.
Топтың №
|
Атауы
|
0
|
жалпы жағдайлар
|
1
|
негізгі жағдайлар
|
2
|
бұйымдардың және конструкторлық құжаттардың белгілері
|
3
|
сызбаларды орындаудың жалпы ережелері
|
4
|
бұйымдар сызбаларын салу ерекшеліктері
|
5
|
конструкторлық құжатты тіркеу, сақтау және пайдалану ережелері
|
6
|
бұйымдарды пайдалану және жөндеу құжаттары
|
7
|
сұлбаларды орындау ережелері
|
8
|
тау-кен геология құжаттары
|
9
|
басқаларды анықтайтын және тағайындайтын стандарттар
|
Мемлекеттік стандартты белгілеудің мысалы:
МЕСТ 2.301-68 *
өзгеріс енгізілді
стандарттың бекітілген жылы
топтағы стандарттың реттік нөмірі
стандарттың тобы
стандарттың класы
Мемлекеттік стандарт
Стандарттау – бұйымның өзіндік құнын азайтады, сапасын арттырады, жобалау мерзімін кемітеді, материалдарды үнемдеуге және ғылыми-техникалық прогресті тездетуге жол ашады.
Стандарттау арқылы шаруашылықта және ғылымда кездесетін біраз маңызды мәселелерді шешуге болады. Оның даму тарихы ерте дүниеден басталады.
Стандарт ережелерін сақтамағандарды жауапқа тартады, сондықтан оны техниканың заңы деуге болады.
Машиналар мен құрылыстарды жобалауда, техникалық құжатты орындауда КҚБЖ стандарттарына сүйенеді және оларды бұрмалауға жол бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |