Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №11 Тұлғамен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиясы



бет23/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

Лекция №11
Тұлғамен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиясы


Лекция жоспары:
1.Әлеуметтік ауытқушылықтың алдын-алу.
2.Әлеуметтік оңалту технологиялары.


Лекция мәтіні:
1.Әлеуметтік ауытқушылықтың алдын-алу.
Ауытқушы (девианттық) мінезқұлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емесәлеуметтік мінез-құлықты айтамыз (И.Невский).
Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінезқұлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).
Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшелік тер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына жәнеіс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді,қарсы шығуды,кетіп ұялуды, агрессияны келтіре аламыз.
Бұл реакциялардың көріну нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.
Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек:

  • дұрыс тәрбиеленбегендерінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінезқұлқындағы жағымсыз топтардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;

  • жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер,

сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара қарым-қатынастың орындалмағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;

  • психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы жәнебасқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;

  • ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне,өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, ісәрекеттердің пайдалы түрлерімен ай

налыспайтындығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;



  • қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы және жағымсыз жайттар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет