Әлеуметтік педагогтың әрекет ету кезеңдері: 1 кезең - оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу.
2 кезең - зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды; проблемалық шешуге тиіс жағдай болғанда, тіркелген субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды.
3 кезең - әрбір іс пен әлеуметтік педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады.
Әлеуметтік педагогтың, психологтың, педагогтың, дәрігерлердің бірлескен қызметі төмендегідей:
мінезінде ауытқушылығы бар адамдарға психологиялық және диагностикалық коррекция жасау;
профилактикалық шаралар ұйымдастыру.
Әлеуметтік педагогтың «Тәуекел тобы» оқушылармен жұмысы Әлеуметтік педагогтың көңіл аударатын басты объектісі - бала өмірінің әлеуметтік проблемалары.
Әлеуметтік педагогтың «Тәуекел тобы» оқушыларымен жүргізетін жұмысының мақсаты: проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы баланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы жағдайын жасау.
Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде жаңа әлеуметтік сана жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезініп отырады. Егер бағалау нормасы дер кезінде өзгермесе, субъект ретіндегі баланың әлеуметтік өмірдегі дамуына қажетті қолайлы жағдай жасалмаса өмірлік маңызды шешімге келу кезеңінде кедергілер, яғни «өмірдің проблемалық жағдайы» пайда болады. Егер отбасы мен әлеуметтік орта балаға бұл кедергілерді жоюға көмектесе алмаса, онда ол «Тәуекелдік жағдайға» жетеді. Ал, егер бұл тұста педагог-маман араласпаса кедергі көбейе түседі де, бала «әлеуметтік қауіпті жағдайға» ұшырайды, сөйтіп, «Тәукелділер тобына» амалсыз болады.