Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция№15 Баланың денсаулығын сақтау құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау



бет32/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

Лекция№15
Баланың денсаулығын сақтау құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау


Лекция жоспары:
1. Баланың денсаулығын сақтау құқығын әлеуметтік-педагогикалық
қорғау.
2.Қабілеттілікті дамытудағы баланың құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.


Лекция мәтіні:
1. Баланың денсаулығын сақтау құқығын әлеуметтік-педагогикалық
қорғау.
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі - балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Қоғам өмірінің сапасын арттыруға, әрине, бірінші кезекте - балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы осының дәлелі.
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы - Конституция қорғайды.
Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды.
1-маусым - халықаралық балаларды қорғау күні
20-қараша - дүниежүзілік балалар күні
10-желтоқсан - адам құқығы күні
10.12.1948ж - адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959ж - әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979ж - халықаралық балалар жылы өтті.
20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
08.06.1994ж - Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.
Міне, адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісімшарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді. Республикада балалық шақ мәселесімен айналысатын 9 министрлік пен ведомство, әр түрлі үкіметтік емес ұйымдар бар, олар өз құзіреті шегінде қызметтерін атқарады.
Аталған мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді неғұрлым жақсарту бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында республикада алғаш рет баланың мүддесін қорғауды басқарудың жаңа мемлекеттік жүйесі құрылды. Оның басты құрамдас бөлігі - адамның адамгершілік-рухани дамуы.
Бұл жүйенің үйлестіруші органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті болып табылады.
Республикадағы балалардың жағдайын жақсарту мәселелерін тиімді шешу үшін, Комитет 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын әзірледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсанындағы № 1245 қаулысымен бағдарлама бекітілді. Бұл бағдарламада балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасы үлгісіне жақындатылған жағдайлармен қамтамасыз ету көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 5 білім берудің арнайы түзету ұйымын, кәмелетке толмағандарға арналған 3 оңалту орталығын, 6 отбасы үлгісіндегі балалар ауылын, 12 жасөспірімдер үйін, 15 отбасы үлгісіндегі балалар үйін, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандарының санын көбейту жоспарлануда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет