Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Қабілеттілікті дамытудағы баланың құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау



бет33/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

2.Қабілеттілікті дамытудағы баланың құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Аталған Комиссияның жұмысшы органы Білім және ғылым министрлігі болып табылады, ол балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен іс-қимылын дамытудың бастамашысы болды. Комиссияның отырыстарында қиын өмір жағдайындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, тәрбиелеу колонияларынан оралған және сәтсіз отбасыларда тұрып жатқан кәмелетке толмағандарға жағдай жасау, жасөспірімдер суициді және балалар мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлық проблемалары, республикада ювеналдық әділет жүйесін жасау, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп оқушыларын сапалы және теңгерімді тамақпен қамтамасыз ету мәселелері қаралып, тиісті шаралар қабылданды.
Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі Комитеттің негізгі серіктестері - барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволар, әр түрлі халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және ата-аналар жұртшылығы.
Тиімді ведомствоаралық жүйе құру үшін Комитет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен балалық шақ мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қызметін саралаудан өткізіп, республикалық деректер банкісін жасады. Комитет олардың кейбірімен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға, шарттар мен келісімдерге қол қойды. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарына, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Комитет БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорымен бірлесіп «Әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру» Жылдық Жұмыс Жоспарына қол қойды. Онда балалардың құқықтарын қорғау мен іске асыру мониторингісін жүргізу, отбасын қолдау қызметі, БҰҰ бала құқықтары жөніндегі Комитеттің ұсынымдарынан халықтың хабардар болуы үшін коммуникациялық кампаниялар өткізу сияқты бағыттарда ынтымақтастық көзделген.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында Жоғарғы сот, Бас прокуратура, әділет және ішкі істер министрліктері, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған сот, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдерінің қатысуымен «Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленуші лерінің атына тұрғын үйді бекіту мен сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында іс-шаралар өткізуге болады.
Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға міндетті. Әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды. Сондықтан ата-аналар, біріншіден, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де, жеке басына да қатысты. Екіншіден, балалардың мүддесін қорғауға заң жүзінде белгіленетін құқық, мысалы, баланың мұрагер болу құқығы да жатады. Құқықты қорғауға баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мәселесі де қосылады. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады. Ата-анасының қамқорлық жасауынан айрылған баланы тәрбиелеп, мәпелеу- мемлекеттің, қоғамның қасиетті борышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет