Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар



бет2/33
Дата12.11.2022
өлшемі305 Kb.
#157846
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Далалык фортификациялық құрылымдар

Қолданылған әдебиеттер:
1. Инженерное обеспечение.Колибернов М 1984г
2. Проведение занятий по начальной военной подготовке. М. П. Брысин, П. М. Калинин. 1990г
3. Бастапқы әскери дайындық.. А. Тасболатов. К Аманжолов. Алматы. «Алматы» 2007ж
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс. Алматы. «Мектеп» 2007ж


Лекция №2. Инженерлік бөгеттер
Сұрақтар:
Инженерлік бөгеттердің (ИБ) атқаратын қызметі, классификациясы. Миналық-жарылғыш, жарылмайтын, құрама бөгеттер, танкіге қарсы,танкіге қарсы қорғанатын ошақтық, тактикалық мина жазықтықтары. Мина далаларын орнату мүмкіндігі. Орнатылған мина даласын тіркеу және құжаттық бекіту. Инженерлік бөгеттердің дайындық деңгейі.
Жауап: .Инженерлік бөгеттердің (ИБ) атқаратын қызметі, классификациясы.
Бөгемелер(ежи) – танкіге, жаяу әскерге қарсы қойылатын тасымалы инженерлік бөгеттер. Бөгемелер ұзындығы 2м болатын 3 рельс бөліктерінен немесе темір бөренеден өзара көлденен бағытта дәнекерленіп жасалады. Танкіге қарсы бөгемелер топырақ бетіне кемінде 2 қатар етіліп, танкті тар жолдардан, елді мекендердегі көшелерден өткізбеу үшін қойылады. Жаяу әскерге қарсы бөгемелер ұзындығы 1,5-2 м үшкір темірлерден айқастырылып, араларына тікенді темір оралып жасалады. Жаяу әскерге қарсы бөгемелер орларды, байланыс жолдарын, тікенді бөгеттерден өтетін жерлерді қорғау үшін жасалады(4).
Бөгесіндер (барьеры) – танкіге қарсы инженерлік бөгеттер. Олар 20см-ден кем емес диаметрлі темір сауытты бөренелер мен төртқырлы бөренелерді бірінің үстіне бірін қабырға түрінде жинап, екі жағынан жерге көмілген тік бағаналармен бекіту арқылы жасалады. Бөгесіндер ұзындығы жолдың немесе көшенің барлық енін алып жататын бір-үш қатарлы болуы мүмкін. Екі және үш қатарлы тосқауылдарды кейде жерге төгіп тастаған топырақ, ұсақ тас немесе тасты кезектестіре қалау арқылы да жасайды. Тосқауылдардың биіктігі мен қалындығы 2м-ге дейін жетеді(4).
Елеусіз сым бөгеттер (ЕСБ) (малозаметные проволочные заграждения) -әуеден және жерден арнайы бүркеніші болмаған жағдайда да білінбейтін, жаяу әскерге қарсы құрылған, тікенексіз сымнан жасалған бөгеттер. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарда қолданылған. Оларға: аласа қазықшалы сым торлар, ирек торлар, тұзақтар және басқалар жатады. Ең тиімдісі – білінбес бөгеттердің зауытта дайындалған стандартты пакеттерінен жасалған сым торлар. Қиындатылған үлгісіндегі бұл пакеттің өлшемі 120х60х12 см, салмағы 30кг. Жергілікті жерге қондырғанда биіктігі 100-120см төрт қабатты кеңістік торы жасалынады. 1кг бөгетке 100 пакет қажет. Сым торлары әскер позицияларының алдына және маңызды объектілердің қасына басқа бөгеттермен және табиғи кедергілермен сәйкестендіріліп қойылады. Олар тек жаяу әскерлердің ғана емес, сонымен қатар ЖҰМ-лардың, бранетранспортерлердің, автомобильдердің, кейде танктердің қозғалысын тоқтатаалады. Елеусіз сым бөгеттер, сонымен қатар теңіз жағалауындағы десантқа қарсы қорғаныста да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет