Проблемалы оқыту сабағының құрылымы мен артықшылықтары
Рет саны |
Сабақ кезеңдері
|
Қойылған мақсаты
|
Жұмсалған уақыт мөлшері
|
Іске асырудың жолдары
|
Байқалған артықшылықтар
|
1
|
Өткен материалдарды пысықтау
|
Меңгерілген білімді реттеей отырып, оны қолдана білуге үйрету. Кезекті сабаққа қажетті білімді жинақтап дайындау
|
10-15
|
Барлық оқушыларға қысқа ғана жұмыс жаздыру
|
Оқушылар түгелдей өз білімін көрсетеді
|
2
|
Пысықтауды қорытындылау
|
Өтілген материалдардың қажеттілерін жинақтап, оларды байланыстыра отырып келесі тақырыпқа көшу
|
12-15
|
Оқушылардың жеке жұмыстарына қысқаша шолу жасау
|
Оқушылар өз жұмысының нәтижесін көре отырып, келесі тақырыпқа ынталы болады
|
3
|
Проблемалы жағдай туғызып, оның негізгі мәселелерін көрсету
|
Оқушыларды ойлауға, талдауға, ізденіске ынталандыру
|
15-20
|
Проблемалы мәселені баяндап беру
|
Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады
|
4
|
Порблеманы шешу жолдарын қарастырып, болжам жасау
|
Бұрынғы білімдерді пысықтай отырып, жаңа материалды баяндау және оны талдауға үйрету
|
15-20
|
Оқушылармен эвристикалы түрде әңгімелесу
|
Оқушылардың ойлау қабілетін қоздырады
|
5
|
Болжамды дәлелдеу
|
Жаңа материалды талдауды тереңдете түсу
|
10-12
|
Әңгімелесу, мысал келтіру және оны оқушылар көмегімен шешу
|
Мәселеге сын көзбен қарауға, талдау жасай білуге үйретеді
|
6
|
Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру
|
Алынған білімді бекіту және іскерлікті қалыптастыру
|
8-10
|
Қателіктерді пысықтау, шешімді қорытындылау, есептер шығару
|
Оқушылардың өз біліміне, іскерлігіне деген сенімін нығайтады
|
Әр сабақтың ұзақтығы 90 минут болатынын ескерсек, мұнда проблемалы оқытуды енгізуде мектептерге қарағанда мүмкіндігі мол. Өйткені, проблемалы оқыту сабағын өткізуде уақыт тапшылығы болмағаны жақсы.
Проблемалы оқытуға арналған ізденіс жұмыстары проблемалы сабақты аралас сабаққа ұқсатып, бірнеше бөлімге нақпа-нақтап бөлуге болмайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар, қойылған мақсат пен сабақтың мазмұнына байланысты оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың белгілі бір реттігін жасауға да болмайды. Сол себепті проблемалық сабақты ұйымдастырудың сан-алуан жолы болуы мүмкін.
Проблемалы сабақты жүргізу негізінде дәстүрлі аралас сабақта қолданылып жүрген материалды бекіту бөлімінің қажеттілігі болмайды, өйткені жаңаң білімді игерудің өзі оқушылардың өнімді қызметі арқылы атқарылады, ол өз кезегінде, оқушылардан бұрынғы меңгерілген білімді қолдана отырып жаңаны қабылдауды қажет етеді.
Проблемалы сабақ барысында жіберілген қателіктерді анықтап, талдау жасауға ерекше көңіл бөлінуге тиіс және бұндай жұмысты оқушылармен бірлесіп жұмыс жасаудың барлық кезеңінде жүргізіп отырған жөн.
Ізденіс жұмыстарын өткізу кезеңінде оқушылардың жіберген қателіктерін талдаудың мынадай бағыты белгіленді:
оқушылар жіберген қателіктерді анықтап алу;
қателіктер кеткендігіне оқушылардың көздерін жеткізу;
қателіктердің жіберілу себептерін оқушылар күшімен анықтау;
оқушылар қателіктердің жіберілу себептерін өз күшімен анықтай алмаған жағдайда, оларға көмек көрсету;
оқушылармен бірлесе отырып қателіктерді түзету;
Ізденіс жұмыстары мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
проблемалы оқыту сабақтары дәстүрлі аралас сабақтармен салыстырғанда, біріншіден, көп дайындықты қажет етеді, екіншіден, сабақтың жүрісі көп уақытқа созылады;
белгілі бір пәнді бөлінген сағатына сай игеру үшін пән программасында көрсетілген тақырыптарды негізгі және қосалқы материалдарды бөліп алу қажет;
қосалқы материалдарға бөлінген сағаттарды азайту арқылы негізгі материалдарға арналған сағаттарды көбейтуді ойластыру қажет;
негізгі материалдарды оқытуды проблемалы сабақтарды ұйымдастыру арқылы өткізуге тырысып, қалғандарын дәстүрлі аралас сабақтармен өткізу пән тақырыптарын үйлесімді игерудің ең тиімді жолы екендігі анықталады.
Оқушылардың әр түрлі есептерін шығару, қойылған мәселелерді шешу кезінде өз білімдерін қолдана білуіне, маңыздысын іріктей білуіне, терең ойлай білуіне жасалынған талдау, проблемалық оқытудың арқасында оқушыларда жоғары дәрежеде өз бетімен жұмыс істеу қасиеті қалыптасатынын көрсетеді. Оқушылар талдаудың, іріктеудің, жіктеудің логикалық операцияларын ойдағыдай игере отырып, өз білімдерін жан-жақты қолдана білуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлап-толғаудың биік деңгейі мен ақпараттарды өз күшімен игеруге қасиеттері пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |